Материалдар / Тәрбие сағаты "Адамгершілік құңдылықтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Адамгершілік құңдылықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
1296
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





















































Тақырыбы: «Адамгершілік құндылықтары».

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттыру, оқушыларды тәртіптілікке, сыпайылылыққа, инабаттылыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.

Көрнекілігі: Тақырып бойынша слайдтар.

Барысы:

1. Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлау.

2. «Адамгершілік құндылықтар» тақырыбында баяндама оқу.


Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ.

Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды.

Ата-ана мен мұғалімнің бірлескен тәрбие беру процесі бала бойында адамгершiлiк тәрбиені қалыптастыру, адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi тұлға тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр ата-ана өмірмен ұштастыра жүргiзуі қажет.

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:

Отансүйгiштiк.

Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай.




Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.

Әдептiлiк.

Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.

Бауырмалдық.

Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса әрбір адам отбасынан, кейін мектептен бастап бауырмалдық қасиетке бет алу қажет.

Қайырымдылық.

Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн білеміз” .

Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады.

Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.

Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.

Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.

Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).

Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адамға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.

Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi балаға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.








Қорытынды: Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.

Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.




Кесте 1. Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi


Адамгершiлiк мәдениет деңгейi

Диагностикалық белгiлерi

(критерийлер)

Жоғары деңгей



Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдастық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.


Ортаңғы деңгей


Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.

Төменгi деңгей

Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан біткен дүниеге қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.


Тест сұрақтары төмендегiдей:

1 Үлкендi сыйлау қандай әрекетке жатады?

а) әдет

ә) әдет-ғұрып

б) дәстүр.


2 Ұлттық намыс қай рәсiмге жатады?

а) қайырымдылық

ә) әдептiлiк

б) перзенттiк парыз.


3 Саған ең жақын кiм?

а) бөтен адам

ә) аға

б) жолдас.


4 Бата қай дәстүрге жатады?

а) ырым

ә) тыйым

б) сенiм.


5 Ел белгiсi ненi көрсетедi?

а) рәсiм

ә) рәмiз

б) жөн-жоралғы.


6 Үлкенге сәлемдесу қай рәсiмге жатады?

а) iзеттiлiк

ә) салауаттылық

б) үнемдiлiк.


7 Мына үш негiздiң қайсысы өмiрге бiрiншi керек?

а) бiлiм

ә) еңбек

б) денсаулық.


8 Бірлік, достық туралы мақалдарды аяқта

а) Бірлігі жоқ ел тозады, ....

ә) Алтау ала болса, ....

Төртеу түгел болса,...


9 «Үш дос» жануарды анықта

а) түлкі, қоян, қасқыр

ә) аю, жолбарыс, борсық

б) суыр, архар, шақшақай.


10 Сыныптағы бір баланы барлығы мазақ қылады. Ал сен не істер едің?

а) ештеңені білмегендей боласың

ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың

б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың


11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың

а) шыншыл, берілген

ә) мақтаншақ

б) өсекші


12 Малдың пайдасы қандай?

а) шөп жейді, су ішеді

ә) ет, сүт, жүн, тері береді

б) малдың пайдасы жоқ


13 Асқар – Алтынайдың ағасы. Алтынай-Арманның шешесі. Арман Асқарға кім болып келеді?

а) ағасы

ә) немересі

б) жиені


14 «Жақсыдан – үйрен, жаманнан - ....» мақалды аяқта

а) жирен

ә) үлгі ал


15 Жаман адам қайдан пайда болады?

а) білімдіден

ә) ұйқышылдықтан

б) тәртіпсіздіктен

Жауаптары: 1-б; 2-б; 3-б; 4-б; 5-ә; 6-ә; 7-б, 8-а Бірлігі күшті ел озады. ә-Ауыздағы кетеді, төбедегі келеді, 9-б, 10-б, 11-а, 12-ә, 13-б, 14-а, 15-б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!