Материалдар / Тәрбие сағаты "Әдептен озбайық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Әдептен озбайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып, сыпайылыққа, инабаттылыққа баулу. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2019
1695
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Абилова Гулназ Казиуллаевна

Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты

Тәрбие сағаты 6 сынып

Тақырыбы: «Әдептен озбайық»

Мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып, сыпайылыққа, инабаттылыққа баулу. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Түрі: өнеге сағаты

Әдісі: тренинг, ой қозғау, сұрақ-жауап, постер құру.
Көрнекілігі: қыз тәрбиесіне байланысты слайдтар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Барысы:

І. Ұйымдастыру .

Тренинг «Жылы лебіз»

ІІ. Ой қозғау.

- Қыз бала әдебі дегенді қалай түсінесіңдер? (Қыз балалардың пікірі)
Тәрбиеші сөзі: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай - ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т. б.
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген. Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған.


ІІІ. «Сиқырлы сандық» сұрақтары:

Сұрақ: - Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген?
1 - оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата - ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет - ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
2 - оқушы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т. б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Сұрақ: - Қандай қызды көрікті қыз деп айта аламыз?

1 - оқушы: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».

2-оқушы:

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын
Көрікті қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын
Шырайлы қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл жанған, тәні шымыр.
Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін, келбетті.
Ару қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы
Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты
Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.


Сұрақ: - Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
1-оқушы: Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.
2-оқушы: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
3-оқушы: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

IV. «Сөз мәйегі – мақал». Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде ерекше орын алады. Енді сол мақал – мәтелдердің мағынасын ашайық.

«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»

«Қыз өссе-елдің көркі.

   Гүл өссе –жердің көркі»

« Қыз - өмірдің қызғалдағы»

« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»

« Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»

« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»

« Қыз балаға қырық үйден тыйым»

« Қызым - үйде , қылығы – түзде»

« Қыз қылығымен әдемі»

« Қыздың жиған жүгіндей»

«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»

« Қыз мінезді жігіт екен.»



V. Постер құру, қорғау: «Инабатты қыз»


VІ. Қорытынды.


VІI. Бейнебаяннан М.Омаровтың «Қазақ қызы» әнін тыңдау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!