Материалдар / Тәрбие сағаты "Алғыс-жүректің естелігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Алғыс-жүректің естелігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс -жүректің естелігі атты тәрбие сағатын барлық сынып жетекшілерге ұсынамын. Тәрбие сағаты қойылым ретінде ұсынылды. Атасы мен немеремсі жүргізуші болу арқылы барлық тапсырма орындалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
822
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебі










«Алғыс жүректің естелігі»

(тәрбие сағаты)


Сыныбы: 6 «Б»

Сынып жетекшісі: Өмірсерік Р.А.


























Қызылорда қ.2018 жыл

Бекітемін: ___________________

Нұрділдаева М.


Тақырыбы:  «Алғыс жүректің естелігі»

                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

–          үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

–          әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;


Көрнекі құралдары: тақырып туралы презентация, видеороликтер


І.Ұйымдастыру бөлімі:


Сәлемдесу.

Здравствуй, солнце золотое!

Здравствуй, небо голубое!

Здравствуй учитель, здравствуй класс!

Я люблю всех из вас!

ІІ.Жаңа сабақ.


Мұғалім сөзі:  2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.


Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.

Осы кезде атасы мен немересі келеді.

Атасы: Ай, балам, бұл қай сынып?

Немересі: Ата, бұл 6 «Б» сыныбы.

Атасы: Бұл балалар неге жиналған?

Немересі: Ата, өздерінен сұрап көрейік.

Немересі: Сіздер не үшін жиналып отырсыздар?

Оқушылар: Біз тәрбие сағатын өткелі жатырмыз. Соған дайындық жүргізіп жатырмыз.

Немересі: Қане, балалар бізге ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде қалай сөйлей алатындарыңды көрсетіңдерші? Мен сендерге тапсырма беремін. Мына конверттің ішінде үш сөз жасырылған. Осы сөздерге класстер құрастыру керек. Ал енді, әр топтан бір адам келіп, алсын.

Қызығушылықты ояту: «Алғыс», «Жүрек», «Естелік» сөздеріне (класстер) үш тілде синонимдермен толықтыру.


Немересі: Ата, балалар сізге өздерінің өнерін көрсеткісі келеді екен?

Атасы: Жарайды, қызым, ал тыңдайын.


Сөз өнері мені баурап алды шын, 
Ұлы Отанға - бар білімім, бар күшім.
"Нұр Отанға" арналады және де ,
Менің сәби жүректегі алғысым.


Қалай ғана білдірсем, алғысымды мен саған,
Бір ғана сөз жүрегіммен айта алам:
Шексіз, шексіз саған деген алғысым
Мақтанышпен саған оны қайтарам.
О, адамдар, құрметтеңдер, ананы!


Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан. 

Thanksgiving Day —
Wonderful rest.
A silent pray
For all the best.

We look towards
The better life
And say the words
Which give us drive.

Thanksgiving Day —
Hope for a chance
But anyway
Let’s sing and dance.


С Днём Благодарения,
Добра Вам, везения,
Счастья, понимания,
Всегда во всём внимания!

Достатка, изобилия,
Чтоб не было бессилия,
А только лишь стремление...
С Днём благодарения!


Я в день благодарения
Скажу «Спасибо!» Богу,
За то, что не бросает
На жизненных дорогах.

Я за родных, любимых
Его благодарю,
За то, что я живу,
Надеюсь и люблю.

За добрый, теплый дом,
Счастливую семью,
За все, что я имею,
Его благодарю.

Пусть в День благодарения
К вам счастье постучится,
И, как судьбы забвение,
Вдруг чудо приключится.

А чтоб в судьбе всегда у вас
Всё было так красиво,
Друг другу нужно повторять:
«За всё тебе спасибо».

В День благодарения
Желаний исполнения,
Удачи и везения,
Любви и вдохновения!

Желаю бесконечно
Здоровья Вам сердечно,
«Спасибо» выражаю,
Ещё раз поздравляю!

Сахналау.

Оқушылар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.


І топ: Мұғалімдерді мерекемен құттықтау сәтін сахналау;


ІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.


ІІІ топ: Өз ата-аналарына алғыс айту сәтін сахналау.


Қорытындылау:


Атасы: Ой, балалар, жарайсыңдар. Сендер үлгілі, өнегелі бала екенсіңдер. Осылай әрқашан үлкендердің алғысын алып жүре беріңдер!

Немересі: Ата, енді бата беріп жіберіңізші? Бата беріледі.

Немересі: Осы балалар 20 жылдан кейін...

Оқушы: Осыдан 20 жыл бұрын, біздің сыныпқа бір ата немересімен келіп еді. Сол кезде біз өз өнерімізді көрсеттік. Ата бізге алғысын айтып, батасын беріп еді. Сол сәт менің әлі есімде. Қазақта қарғыс алма, алғыс ал, деген сөз бар емес пе? Міне, алғыс жүректің естелігі, деп айтсам артық болмас.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!