Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты Әліппемен қоштасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қош
бол, құтты Әліппем»
Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін
тиянақтау., өз өнерлерін ата - аналарға
көрсету.
Әр оқушының іс
- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, эстетикалық
талғамдарын тереңдете түсу.
Өзін - өзі
басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, плакаттар, слайд,
шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп
келеді.
Автор: Жеті
жасар баласын
Жетпісте ата
жетектеп
Келе жатыр
көшеде
Қайда әлгі
мектеп деп
Жеті келеді
жүгіріп
Жетпіс келеді
сүрініп
Немере: Құлақ түрем
елеңдеп
Мектеп деген
бір үнге
Жетіге толдым
биыл мен
Оқушы болып
киінем
Арқама сөмке
асына
Мектепке
барам
Мектепке барам
асыға
Атасы: Мектебің
мынау сыныбың
Осында он жыл
тұрасың
Тарыдай болып
кіресің
Таудай болып
шығасың
Ақыл ойды шыңда
балам
Уақытты құнда
балам
Әр сөзіне зейін
салып
Ұстазыңды тыңда
балам
Мектебіңде
үлгілі бол
Күнделігің
беске болсын, балам
Сәт - сапар
балам!
мұғалім:
Дәл осылай 2015 жылдың 1 - қыркүйегінде
мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгінгі күні әріп
танып, оқып, жазып үйреніп, өздерінің сауатын ашқан сүйікті
әліппесімен қоштасқалы отыр.
Оқу жылы
жемісті
Мерейі үстем жыл
болсын
Шәкірттерім
білімді
Елім дейтін ұл мен қыз болсын дей отырып 1
«а» сыныбының оқушыларын ортаға
шақырамын.
1
жүргізуші:
Күндердің күнінде білім елінде үлкен ағаш
отырғызылыпты. Ол ешқашан жеміс бермеген екен. Қыркүйектің бірінде
Б.Тұрсынов орта мектебіне көптеген жас бүлдіршіндер оқуға келіпті.
Оларды қарсы алған ұстаздары білім елінің ағашын күтіп баптауға
тапсырыпты. Сөйтіп 4 ай уақыт өтіпті. Сол 4 айдың ішінде ағаш
қандай жеміс береді екен, соны
тамашалайық.
2- жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән: «Әліппе»
1 жүргізуші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
- 1. Талабы биік таудаймыз.
- 2. Мың бұралған бишіміз.
- 3. Біз шеберміз.
- 4.Ақылдымыз.
- 5. Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- 6. Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
«Көк тудың желбірегені»
Ән: «Отан»
Әліппе : мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?
Балалар:Ойнаймыз.
Әліппе :Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.
Әліппе :1.Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде»
Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
4.Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Әліппе ::Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Әліппе :: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?
-Ия
1.Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2.Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3.Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
4.Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
5.Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе менде ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш әлім
Биікке самғап ұшамын
6.Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
7.Іші толы әріпке,
Мынау айбат әліппе
Барлық ілім, білімнің
Әжесі осы әліппе
2- жүргізуші: : Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Айжан: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші,
әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала
келіпті.
1- жүргізуші:: Әліппенің өз жұрты дауысты
дыбыстар.
2- жүргізуші:: Нағашы жұрты- дауыссыз
дыбыстар.
1- жүргізуші:: Қайын жұрты: ъ, ь
белгілері.
Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға
берейік.
8.Әліпбидің А тұрады
басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші
9:«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
10:«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.
11.«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.
12.«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
13.«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.
14.«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.
15:И - дегенің иманың,
Адалдықтың белгісі,
16.К - дегенің күй дарын
Домбыраның дастаны
17:Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды..
18.Алфавитті білдік
біз
Онда жүйе қалып бар.
Бізідің қазақ тілінде
42 әріп бар
2- жүргізуші:: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Ән: «Бау- бақша белдер»
Әліппе:
- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Математика: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан
-Ал енді Болашақ математиктерді ортаға шақырайық.
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Санамақ айтайық
1.
1 дегенім- бесік,
Шықтың содан өсіп.
2.
2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
3.
3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
4.
4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
5.
5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
6.
6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7.
7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
8.8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
9.9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10.10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Осы кезде 5, 4, 3, 2
бағалары кіреді.
11.Бестік: «Бес!» деп едім бүгін мен,
Қалды бәрі күлімдеп.
12.Төрттік: Төрт алып еді көп бала,
Қуанып қалды ата - ана.
13.Үштік; «Үш» алғанда байқадым
Папам басын шайқады.
14.Екілік: Оқып ем, «екі» алдым
Кейіп қалды мұғалім.
1-
жүргізуші:: Құрметті оқушылар! Бұл
сендердің алғашқы бағаларың. Бұл бағалардың ішіндегі 4пен 5 – пен
дос болып, жақсы бағалар алып, жақсы, үлгілі оқушылар болуларыңа
тілектеспіз.
2- жүргізуші:
Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Би : «қыздар биі»
1- жүргізуші
Әліппені бітіріп,
Бала болдыңдар ақылды.
2- жүргізуші
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
1- жүргізуші
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
2- жүргізуші
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе. мен балалардың сауаттылығын тағы бір тексерейін менімен бірге
«Ұйқасын тап» ойынын ойнайық,әрі жұмбақтың шешуін табайық.
1)Құйрығы сүйір, Алаботаға үйір Оның аты (Сиыр)
2) Тастан тасқа секірген ,Шұнаңдап ойнап есірген
Құйрығы келте шұнақ, Оның аты (Лақ)
3)Теңбіл түсті ,өзі ширақ ,
Ұзын мойын,ұзын сирақ,Білгің келсе ,аты (керік )
4)Тоны түкті, Түрпі,Оның аты (Кірпі)
Әліппе
- Біз,Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық..
Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын!
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Ән : «мұғалім ол біздің»
1- жүргізуші
: Балалар
ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай
меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер
ме?
-иә
2- жүргізуші
: Талап, еңбек,
терең ой,
Қанағат, рақым
ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға
дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз
керек.
Ана
тілі:
Туған елдің
тілімін,
Ақылыммен
таныламын.
Түсіндірер
бәріне,
Ана тілі
пәнімін
Ана тілі
ұраным
Ана тілі
болмаса
Мықты болмас
тұрағым.
Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен
сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде.
Ол туралы қандай мақалдар
білесіңдер?
1.Кітап-білім
бұлағы,
Білім- өмір
шырағы.
2.Ақыл- тозбайтын
тон,
Білім- таусылмайтын
кен.
3.Кітапсыз білім
жоқ,
Білімсіз күнің
жоқ.
4. Ақыл
азбайды,
Білім
тозбайды.
5.Оқу инемен құдық
қазғандай.
6.Білім іздеген
озар,
Бүлік іздеген
тозар.
7.Білекті бірді
жығады,
Білімді мыңды
жығады.
8.Ана тілін
білмеген
Ақылы жоқ
желікбас.
Ана тілін
сүймеген
Халқын сүйіп
жарытпас.
9.Ана тілің- арың
бұл
Ұятың боп тұр
бетте
Өзге тілдің
бәрін
Өз тіліңді
құрметте.
10.Ақыл-ойын
дананың
Ана тілден
аламын
Ана тілім
ардақты
Ақ сүтіндей
анамның.
Ән: «сәлем саған
мектебім»
2- жүргізуші
: Бір күні
жаман мен жақсы кезікті, сөз тартысып бір-бірімен
кежікті.
Жақсылық:
Жамандыққа жол
бермеймін ешқашан да,
Үлкендерді
сыйлауға, кішіге қамқор болуға,
Үйретемін
баланы жақсылыққа
Жамандық:
Үйренсең бала
жамандыққа,
Қорқады сенен
барлығы.
Тауық қашар
қыт-қыттап
Құстар ұшар
шықылықтап.
Ал, кішкентай
балақан.
Бұғып өтер
қорқақтап.
Жақсылық:
-Дұрыс емес,
сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады.Егер
осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар
көмектеседі.Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де
балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға
шақырайық.
Мұғалім:
-Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз
бе?
Оқушылар:
/хормен/
-Тәртіпті,
білімді оқушы болуға серт береміз!
Ана
тілі:
- Рахмет саған Әліппе осындай
балалар көп болса мен қуанамын.
Ән «Зеңгір
көктем»
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен.Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Би «вальс»
- Балалар, сендер 4 ай ішінде
көп нәрсені үйрендіңдер
- Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
- МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА - АНА!
1- жүргізуші
- Әліппені меңгертуге, жазуға,
санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ата - анамызға
ризашылығымызды білдіреміз.
2-
жүргізуші:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып,
ренжісең - жұбататын асыл адамдар ата -
ана!
1-
жүргізуші
Дүниеге әкелген, ол да сенің
анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын
анашым!
2- жүргізуші
Өмірде бір - біріне серік болып,
Отбасының бақытына берік болып.
Ұрпағының амандығын тілеген
Әкелерім аман болсын көреген!
Балалар хормен:
- Ата - анаға мың рахмет!
талабы биік
таудаймыз.
Мың бұралған
бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге
қамқормыз.
Көп
оқимыз.
- Қымбатты оқушылар, сендерді
мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім
баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті
болсын!
Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата - аналарға
10.Ақыл-ойын
дананың
Ана тілден
аламын
Ана тілім
ардақты
Ақ сүтіндей
анамның.
2. Ата - аналарға
талабы биік
таудаймыз.
Мың бұралған
бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге
қамқормыз.
Көп
оқимыз.
Жақсылық:
Жамандыққа жол бермеймін ешқашан
да,
Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор
болуға,
Үйретемін баланы
жақсылыққа
Жамандық:
Үйренсең бала
жамандыққа,
Қорқады сенен
барлығы.
Тауық қашар
қыт-қыттап
Құстар ұшар
шықылықтап.
Ал, кішкентай
балақан.
Бұғып өтер
қорқақтап.
Жақсылық:
-Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек
көріп, аулақ болуға тырысады.Егер осындай қылықтарымен бала
кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі.Оларды дұрыс
тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен
құттықтап, тәртіпті, білімді болуға
шақырайық.
Ана тілі:
Туған елдің
тілімін,
Ақылыммен
таныламын.
Түсіндірер
бәріне,
Ана тілі
пәнімін
Ана тілі
ұраным
Ана тілі
болмаса
Мықты болмас
тұрағым.
Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен
сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде.
Ол туралы қандай мақалдар
білесіңдер
- Рахмет саған Әліппе осындай
балалар көп болса мен қуанамын.
Математика: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан
-Ал енді Болашақ математиктерді ортаға шақырайық.
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Санамақ айтайық
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
Әліппе : мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?
Балалар:Ойнаймыз.
Әліппе :Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.
Әліппе :1.Әжеде бар, атада жоқ, Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде», Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой, Тәтті екен дедің ғой.
4.Ірімшікті біз жеген, Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Әліппе ::Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Әліппе :: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?