Материалдар / Тәрбие сағаты: Алтын күз мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Алтын күз мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған. Күз жайында мәліметтер, балаларға өлеңдер, тақпақтар, ән және би аттары бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
3887
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

45 бейімделген орта мектебі





Ертеңгілік

«Алтын күз»

0 «В» мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Катишева А.К.



Өскемен қаласы: 2017-2018 жыл



Тақырыбы: «Алтын Күз» (Күзгі бал кеші)

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.

Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңіздер қарсы алайық!

- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

- Балалар қазір қай мезгіл? (Күз мезгілі). Дұрыс айтасыңдар балалар .

-Күзде қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, жеміс- жидектер піседі, астық орылады т.б )

Ия балалар, ал енді осы күз мезгілінде қандай айлар бар екен? (Қыркүйек, Қазан, Қараша )

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Балалар күз мезгілі үшке бөлінеді екен. (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)

- Осы күзде ауырып қалмау үшін не істеуіміз керек екен? (жылы киіну керек, әр түрлі дәрумендер жеу керек )

-Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер? (жеміс- жидектерді атайды)

- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар.

- Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)

- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: (ата-ана) Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа күз ханшайымы келіп қалыпты.

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар! Мен осында сендердің өнерлеріңді тамашалағайы әдейі келдім. Егер де балалар сендер менің көңілімді көтере алсаңдар мен сендерге деп әкелген сыйлығымды қуана- қуана таратып беремін.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақтар айтып, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

-Балалар мен сендерге бир жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Жақсы балалар олай болса «Жапырақтар» биін билеп жіберейік.

1.Би: «Жапырақтар»

2. Хор: «Күз береке»

3. Көрініс: «Көкөністер айтысы»

Тәрбиеші: Күз мезгілі, көкөністердің барлығы бир жерге жиналып алып адамдарға , балаларға кімнің көп пайдасы тиетіні жайлы өзара дауласып жатқан екен.

1-бала: (Қызылша) Әмина

Мен қызылшамын. Менсіз борщ болмайды, мен пайдалымын, менде дәрумендер өте көп.

2-бала: (Орамжапырақ) Е. Айханым

Жоқ мен пайдалымын, әрі дәмдімін мені салаттардың бәріне қосады.

3-бала: (Қияр) Дастан

Сендерге қарағанда мен пайдалымын. Мені тұздайды, беттеріне маска жасайды.

4-бала: (Сәбіз) Еркежан

Ал мені балалар жақсы көреді. Мені жеген адамның бойлары ұзын болады. Менің пайдам көп.

5-бала: (Пияз) Жансая

Таласпаңдар, таласпаңдар бәріңнен де мен пайдалымын. Тамақтың дәмін келтіремін. Мені жеген адам тұмаумен ауырмайды.

Тәрбиеші: Көкөністер сендер таласпаңдар, сендер барлықтарың пайдалысыңдар. Бізге қонаққа келген күз ханшайымынан ұят болады. Балалар көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы көріңдер

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың күз жайында қандай тақпақтар білетінін естіп көргіңіз келе ме? Олай болса тыңдап көрейік.

4. Тақпақтар:

Ерали

1.Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.




Ерасыл

6.Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.



Олжас
11.Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Сапырды дән алтын күз, 
Сабан тойы салтымыз

Фатима

2.Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Дінмұхамед

7. Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.


Алискер
12.Шатыр тікті сары алтын,
Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.





Нұрбақыт Әлихан

3.Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Райымбек

8.Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.


Томирис
13.Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ержанқызы Айханым

4.Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Інжу
9.Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала

Таир

14.Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


Азалия

5.Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


Бекарыс
10.Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп жеміс


5. Би: «Кішкентай» Жансая

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнап жатыр ма?

Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Бұл ненің дәмі?» деп аталады. Ойын шарты бойынша туралған жемісті жұмулы көзбен жеп көріп не екенін табады.

6. Ойын: «Бұл ненің дәмі?»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Дәмін татып атауын дәл таптыңдар.

7. Би: «Вальс»

Тәрбиеші: Балалар сендер тағы қандай күз жайында тақпақтар білесіңдер?

8. Тақпақтар:

С. Айханым

1.Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

Даниал

2.Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Тіл үйірген шырыным,
Жемістердің бірімін

Алина

3.Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді

Меруерт
4.Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал-құрақ,
Шашу болды жапырақ.

Төрежан
8.Мен өрікпін, өрікпін,
Айналаға көрікпін
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім

Зере
12.Утром небо было хмурым,
И казалось все понурым.
Осень очень любит плакать,
Дождиком на землю капать.
Любит листьями шуршать,
И с деревьев их срывать.

А. Алихан

5.Жеміске толып иінім,
Жұмсақ жасыл түйінім,
Бірте бірте қатайып,
Өзгерер сыртқы киімім

Жанель
9Алтын, алтын, сары алтын, 
Алтын күзде нұр жатыр.
Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз, көбейді
Жегің келсе бәрін ал.

Таир

13.Сприң из грин

Саме из брайт

Аутым из уеллоу

Уинте из уайт

Әмина
6.Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз,
Бір уыс дән шаштық та,
Арба қауын алдық біз!

Жансая

10.Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на берёзе 
Золотом горят.
Не слыхать весёлых
Песен соловья.
Улетели птицы 
В дальние края.

Диана

14.Если на деревьях
Листья пожелтели,
Если в край далекий
Птицы улетели,
Если небо хмурое,
Если дождик льется,
Это время года
Осенью зовется.

Еркежан
7.Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңдайдан,
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.

Дастан

11. Даун даун

Уелоу анд браун

Зе лиф а фалиң

Ове зе тауын

Ернура

15.Жеміс- жидек пісті,

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып





9. Хор: «Осень в лесу»

10. Жұмбақтар:

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)

2. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)

3. Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)

4.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)


11. Би: «Стюардесса» Қыздар

Тәрбиеші: Күз ханшайымы сізге балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Мектебіміздің диреторы Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлына.

Оқу ісінің меңгерушісі Қапашева Айнұр Қабидолдақызына сөз беремін.. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!