Материалдар / Тәрбие сағаты "Ана - өмірдің гүлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ана - өмірдің гүлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
506
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағат мақсаты:

1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген.

Шарлар, слайд.

Тәрбие сағат барысы:

Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым, Мәпелеп,еркелеттің,аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым!

2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпыраған. Балғын шақты біз бақытгы балалар!

3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Ән.

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.



Хор: Анашым әні

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті жан аналар!

2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)

Оқушы: «Анаға сыйлаймыз» Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға. Гүл ектік аулаға Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

Оқушы: «Апама» Әлпештеген, аялаған, Ақ сүт берген, апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын.

Оқушы: «Анамызға мың алғыс» Аялаған , баптаған, Асыраған, сақтаған. Сақтандырып күнде еппен, Айтып бәрін үйреткен Анамызға мың алғыс! Ерлік еткен біз үшін, Еңбек еткен біз үшін. Еркелеткен біздерді, Еркіндеткен біздерді. Аналарға мың алғыс! «Адал бол, - деп балдырған», Әділдікке баулыған, Жүрегін де баулыған, Тілегінде мархабат Анамызға мың алғыс!

1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың, Әпкелер мен бауырлар, балалардың. Мерекеңіз ұлассын қуанышқа, Бұл күндер көксеген даналардың.

Ән: Ақ мамам

3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу)

Әңгіме: «Анамның қолдары» ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің сынып сағатымыз аяқталды. Ана –біздің күніміз! Ананың біз - гүліміз! Бізді, ана, қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!