Материалдар / Тәрбие сағаты "Ақша үнемдеу жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ақша үнемдеу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге шәкіртақыны қалай ұтымды пайдалануға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2019
2352
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Ақша үнемдеу жолдары





Топ:32

Топ жетекшісі: Табилтай С.














2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: Ақша үнемдеу жолдары

Мақсаты:  — студенттерге экономикалық білім беру;

— ақша туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың түрі: әңгіме , ой талқы

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ жауап

Көрнекіліктер:  ақша тақырыбына арналған арнайы слайд.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

(сұрақтарға жауап беру)

Әр мемлекетте ақшаны қайта бөлумен айналысатын арнаулы мекемелер бар. Оларды қаржылық мекемелер деп атайды. Олардың көпшілікке белгілісі банктер. Банктік қызмет сауда дами бастаған құл иеленушілік қоғамда ақ байқалған.елдер арасындағы соғыс кезінде айналымға бөтен ақшалар түсіп отырған. Біздің эрамызға дейін айырбастаушылар абыздар болды, себеі қасиетті орындар ақша сақтаудың ең сенімді орны болып есептелген. Кейін айырбастаушылар порттар мен базарларға жақын орналасты. Банктің мақсаты мұқтаж адамдарға қарызға берілетін ақшаларды сақтау және жинақтау. Экономика деген ұғым алғаш рет біздің заманымызға дейінгі төртінші ғасырда Аристотельдің еңбектерінде пайда болған.


Ақша үнемдеу үшін неден бастау керек, мына сұрақтарға жауап бере отырып, білетін боласыңдар.

Үнемдеудің не керегі бар?(студенттерден сұрап алу)

"Маған неге үнемдеу керек?" деген сауалға жауап беріп көріңіз. Біріншіден, егер сіздің айқын мақсатыңыз болса, керексіз шығындардан бас тарту оңай. Екіншіден, үнемдеуден де кейде бас тартып, болашақта кірісті көбейту үшін қазір көбірек шығындану немесе көп шығыннан құтылу секілді мақсаттардың бірін таңдауға көмектеседі.

Ай сайынғы табыстың бір бөлігін жинап, ақша үнемдеу үшін біз ұсынған қарапайым тәсілдерге жүгініп, материалдық жағдайыңызды жақсартып алуға болады. Ең бастысы, ақша ұқыптылықты ұнататынын естен шығармаған абзал. 

Шәкіртақы алған күні дүкенге жүгірмеңіз

Шәкіртақы қолға тиген кезде, көбінің дүкенге немесе супермаркетке жүгіретіні жасырын емес. Алайда, ай сайынғы шәкіртақыныздың бір бөлігі артылсын десеңіз, бұл ойдан бас тартыңыз. Себебі, қалтада ақша бар кезде, адамдардың дені ойланбай сауда жасайды, қажетсіз дүниелерді сатып алады. Сондықтан, ең алдымен үйге келіп, керекті заттардың тізімін жасап алған жөн. 

50/20/30  қағидаты 

Ай сайынғы табыстың 50%-і тамақ, көлік, кредит секілді "міндетті шығынға" жұмсалады. Ал 20 процентін депозит ретінде сақтап қойыңыз. Қалған 30%-і өзіңіз үшін: достармен көңіл көтеру, сұлулық салондары, мейрамхана-дәмхана. Ақша жинауды мақсат еткен кез келген адамға ай сайынғы табысын осылай бөлуге кеңес береміз. 

Қымбат тауардың бәрі сапалы емес 

Брендке айналған азық-түлік түрлерінің орнына көпке танымал емес тауарды сатып алу ақшаны әжептәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Қымбат тауардың бәрі сапалы емес екенін естен шығармаған абзал. Мәселен, денеге жағатын крем немесе йогуртты сатып алмас бұрын, оның құрамына назар аударып, бағаларын салыстырып шығыңыз. 

Есте болсын: мерчандайзинг ережесі бойынша, кез келген сауда орнында ең қымбат тауарлар көзге бірден көріну үшін жоғарғы сөрелерде орналасады. Ал арзан тауарлар тиісінше төменде. Сондықтан бір еңкейіп, төмендегі заттарға да қарап жүріңіз.

Әр тиынды жазып жүру

Өз бюджетіңді жоспарлау – пайдалы іс. Табыс пен шығынды күнделікті жазып отыру арқылы ақшаның қайда жұмсалып отырғанын анық білуге болады. 

Банк карточкасын сирек қолданыңыз

Қазір адамдардың көбісі ыңғайлы әрі сенімді боғандықтан, банк картасымен есеп айырысуды жөн көреді. Бірақ, ақша үнемдеуге қатысты жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, банк картасын үнемі пайдаланатындар ай соңында өз шығындарын есептей алмай, шәкіртақысын қайда жұмсалып кеткенін еске түсіре алмай дал болады екен. Себебі, кез келген жанға әмияндағы қағаз ақшадан гөрі көзге көрінбейтін цифрлармен "қош айтысу" жеңілірек. 

Егер банк картасынан бас тарта алмасаңыз, онда әр есеп айырысқаннан кейін чекті мұқият зерттеп, немесе мобильді қосымша арқылы кеткен шығынды бақылауды әдетке айналдырыңыз. 

Сондай-ақ, сізге қызмет көрсететін банктің ақша жинауға қатысты қандай қосымша сервистері бар екенін біліп алған да артық етпейді. 

Комиссия ретінде кететін ақшаны азайтыңыз

Егер сіз бөтен банкоматтан ақша шешіп алуға бел бусаңыз, бұл қызмет үшін үстіне пайызбен ақша төлеуге дайын болыңыз. Бір қарағанда, ол сізге ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Алайда басқа төлем жүйесі арқылы тұрақты түрде ақша аударып, қолма-қол ақша алу қалтаңызды жұқартатыны анық. 

"Копилка" 

Қанша жерден қарабайыр көрінсе де, өте тиімді тәсіл. Өзіңізге үлкен әрі әдемі ақша жинайтын сандықша сатып алыңыз. Оған тек ұсақ тиын-тебен ғана емес, қағаз ақша да сиятын болсын.

Күтпеген жерден табысқа кенелсеңіз, оны міндетті түрде сандықшаға салып қойыңыз.

Бес сұрақ ережесін қолданыңыз

Ақша үнемдеуге көмектесетін өте қарапайым тәсіл. Бір нәрсені сатып алмас бұрын өзіңізге мына бес сұрақты қойыңыз: 

 

  • Бұл қажеттілік пе, жоқ әлде менің қалауым ба?

  • Маған дәл осы нәрсе керек пе?

  • Мұны пайдаланып жүргенімді көз алдыма елестете аламын ба?

  • Мұны қаншалықты жиі қолдана аламын?

  • Уақытымды сарп етерлік дүние ме?

Қажетсіз заттарды сатып жіберіңіз

Ақша жинаудың тағы бір әдісі – көптен киілмеген бағалы киімдер мен пайдаланылмай тұрған электроника, тұрмыстық техникаларды сатып жіберу. Ол үшін арнайы сайттарға хабарландыру жарияласаңыз болғаны. Тіпті, бұл заттардың кімге керегі бар деп санасаңыз да, хабарландыру беріңіз: сатып алушы күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. 

Ақылы хоббиді тегінге ауыстырыңыз

Егер сіз ақша төлеп, спортзалға барып немесе фитнеспен айналысып жүрсеңіз, бүгіннен бастап саябақта жүгіріп, таза ауада жаттығуға кеңес береміз. Пайдалы әрі тегін. 

Сыйлықтарды қолдан жасаңыз

Сыйлықты қолдан жасап та, ақша үнемдеуге болады. Еңбек пен уақытты сарп етіп, өз қолыңмен жасалған сыйлық ақшаға сатып алынған дүниеден қымбат емес пе?! Оның үстіне, қазір интернет те идеяларға тұнып тұр.

ІІ Кім жылдам?

Сендер бір топ туденттермен «Ақыл одиссеясы» халықаралық ойынына қатысу үшін шетелге барасыңдар делік. Ол үшін ақша керек болған соң сендер ақша жинауға кірістіңдер. Белгіл бір соманы жинау үшін ақшаны қайда сақтаған қолайлы? (Жинақ банкі)

ІІІ Алма жинау

  1. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)

  2. Үстел үстінде екі адам отыр, бірі екіншісінің әкесі, бірақ екіншісі оның ұлы емес. Сонда кімі? (қызы)

  3. Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)

  4. Екі қызы, екі анасы. Олар нешеу? (үшеу)

  5. Судың астында қандай тас болмайды. (Құрғақ)

  6. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна мқта ауыр ма? (Бірдей)

  7. Бір жұмыртқа төрт минут қанаса, төрт жұмыртқа неше минут қайнайды.

  8. Күн мен түн немен аяқаталады?

ІV Қорытынды

Экономика адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады..



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!