Материалдар / Тәрбие сағаты: "Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, тәрбие сағатында пайдаланады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
3668
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны.


Асық ойыны –қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі.Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнері деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да- асық.

Аталмыш ойындар әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі.

Асық ойнының балаларға да, үлкен кісілерге де берері мол, ойын ләззаты ерекше,жіті қимыл, әбжіл әрекет,әдемі әдіс екені енді біраз уақытта мүлдем ұмытылып та кететіндей көрінген соң,еріксіз осы тақырыпты тереңдей зерттеуді жөн көрдік.

Асық-төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады.Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа- асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт- жас малдың асығы.

Қойлық-қойдың асығы.

Ешкімек- ешкінің асығы.

Құлжа- құлжаның асығы.

Көктабан- қорғасын құйылған салмақты асық.

Топай –сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар –арқардың асығы. 1-алшы, 2-тәуке, 3- бүк, 4-шік, 5-оңқай, 6-солақай, 7-омпы, 8-шоңқ

Асық ойын түрлері Хан ату Хан талапай Құмар Бес табан.

Асық қаршу (бестас)

  • Хан ( хан ату) ойыныАсықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады.

Арнайы бір асықты хан ретінде белгілейді. Қалған асықтарды шертіп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Егер хан алшы түссе асық таласқа түседі.Ойын осылай жалғаса береді.

Асық қаршу (бестас).

  • асықты қағып үлгереді. Осылай бір-бірден, одан кейін екі-екіден, соңында жердегі төрт асықты бірдей сыпырып алу керек. Келесі кезекте «көпірден өткізу» тЕкі одан да көп бала ойнайды. Қаршуға ықшам асықтар таңдап алынады. Ойыншылар асықтарын иіріп кімнің асығы көп алшы түссе сол ойынды бастайды. Бес асықты жерге тастап, бірін жоғары лақтырып, жердегі асықтың бірін іліп алып, жоғарыдағы үріне ауысады. Соңында асықтарды қолдың сыртымен қағып, қол сыртына түскен асықтарды қаршиды. Осылай күрделенген түрде жалғаса береді.

  • Қорытынды

  • Асық ойынының пайдасы

  • Асық ойындары жоғарыда айтылғандай ақпарат құралдары, оның ішінде газет, журналдар, теледидар, интернетте жазылған мақалаларды зерттей келе, мынандай тұжырымға келдік:

  • 1. Салт-сана сабақтастығын жағалтпау

  • 2. Ұлттық спорт түрін насихаттау

  • 3. Мергендікке

  • 4. Достыққа

  • 5. Топтасып жұмыс істеуге

  • 6. Шыдамдылыққа,

  • 7. Қырағылыққа тәрбиелейді.

  • Асық дегенді иісі қазақ баласы түгел білетіндей.Бірақ күн санап көшпелі өмір салтынан алыстап бара жатқан, заман ыңғайымен мал шаруашылығына қатысты ұғым-түсініктерден алыстай түсіп,неше ғасырлық тіл байлығынан, бабалар мұрасынан – әдет-ғұрып, салт-дәстүр жиынтығынан жерініп келе жатқан мына кезеңде асық деген де құр нәрсе тәрізді көрінеді.

  • Ендеше,асық ойындарының өскелең ұрпақтың дене тәрбиесіне, ой-өрісінің дамуына тигізер әсері мол екеніне зерттеу барысында көзім жетті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!