Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Тәрбие сағаты "Атадан қалған-асыл сөз" 2 сынып
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы.
Мақтаарал ауданы. Азаттық ауылы
«№41 жалпы орта мектебі»
КММ
Сыныбы: 2
т/д-сынып
Орындаған: Жолдасова
Кенжегуль Егемовна
2020-2021 оқу
жылы
Атадан калған асыл
сөз
Мақсаты:Оқушыларға шешендік сөздердің
мәндерінұғындыру. Шешендік өнерге
деген қабілетін арттыру. Туған
елініңтарихын, әдеби-мәдени
мұрасын, салт-дәстүрін танып
білуге ықыласын аудару.Оқушыларды мәдениетті
сөйлеуге, өнегелі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Билердің суреті, шешендік нақыл сөздер, гүлдер мен
шарлар.
Барысы:
Кіріспе
сөз.
Қош келдіңіздер, құрметті
қонақтар!
Біздің ата-бабаларымыздан
бізге жеткен көптеген ұлағатты, өнеге аларлықтай, тамаша
тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. Біздің тәрбиеміз де
ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Қазақ
халқының шешен билері - Теле би, Қазыбек би, Әйтеке би халықтың
ұлттық бірлігін нығайтып, елді сақтауға басшылық жасаған данышпан
шешен, ойшыл көсемдер.Қазақ шешен халық. Халықтьңшешендік дәстүрін
жалғастыру, тарихын білу, оны қастерлеп бүгініміз бен
келешегіміздің нәрлі қайнарына айнадыру өрқайсымыздың
азаматгық борышымыз. Олай болса, сол бабалар мен олардың ойлы да,
нәрлі шешендік өнері туралы бүгінгі
бүлдіршіндер ой толғайды.
Құрметгі көрермендер, енді
сол балалардың әдеби-сазды толғанысына
құлақ
түріңіздер.
1-жүргізуші:
Құрметті қарттар,
ардақтыұстаздар және
оқушылар!
Бүгінгі
біздіңтәрбие
сағатымыздыңтақырыбы "Атадан
қалған, асыл сөз" деп тектен-текке аталған жоқ. Өйткені, халқымыз
ежелден аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір
тұтқан. Кейбір бітімсіз
жер дауы, жесір дауы, барымта, ердің
құны сияқты
дау-жанжалдардың шешімін екі-ақ сөзбен айтып
тындырған.
2-жүргізуші:
Ел арасындағы әр түрлі
дау-дамайлар шешен билердің айтысы арқылы шешіліп отырған. Сондай
шешендердің кейбірі кейін би болған. Шешендік сөз өнері өмір
шындығынан туған. Оның тәлім-тәрбиелік маңызы зор.
Кейінгіұрпақтарға үлгі- өнеге
етіп отырған.
ТөлеӘлібекүлы 1663 жылы Жамбьш
облысы, Шу ауданының Жайсан жайлауында дүниеге келген. Төле
жастайынан ескіше оқып, сауатын ашады. Төле бала кезінде өкесіне
еріп жүріп, ел көріп, жұрттаныды.
Онбес жасынан билікке араласып,
өзінің ақыл парасаттылығымен, әділ шешімімен, шешендік өнерімен
көзге түседі.
1-жүргізуші:
Шу өзенінің Балқашқа жақын
жайылымына үйсін мен арғынның беделді жақсылары таласыпты. Екі
жақтьщ билері бас қосып, кеңесіп татуласа алмай
отырғанда, көпшілікке еріп
барған он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі
толмай былай деген екен:
Ақты ақ бағалар,
Өрені жақсы
ағалар
Өзегі талса ел
біткен,
Өзен бойын
жағалар.
Би:
Ата
тұрып, үл сөйлегеннен без,
ана тұрып, қыз сөйлегеннен
без" деуші еді.
Мына бала кім өзі
?...
Төле:
О, би аға, он үште отау иесі
емес пе?
Кінөлімін бе, келіп қалсам
он беске?
Сөз сөйледім,
бұйыра көрмеңіз
айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға
лайық па?
О, игі асқар
тауымыз!
Әділ ме осы
дауымыз?
Жар астында
түрғанда,
Жасырынып
жауымыз.
Би:
Қой асығы
демеңдер,
Қолыңа жақса, сақа
тұт.
Жасы кіші демендер,
Ақылы асса, аға
тұт. — Балам, ағалық
билікті саған бердім.
Төле:
Сары табақтан сарқыт қайтады
деген. Билікгі маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол
жағын Арғын жайласын. Бұған қалай қарайсыздар?
Би:
Үй баласы ма деп
едім,
Ел баласы
екенсің.
Ай мандайлы
арысым,
Талабың алдан
өтелсін.
Ауылыңның таңы
бол,
Мандайдағы бағы
бол!
2-жүргізуші:
Осыдан бастап, Төленің аты
шығып, дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта
бастагаы.
1-жүргізуші:
Қазыбектің аталас ағайындары
Бертіс би мен Тілеуке би Қазыбектің ел
ішіңдегі абыройын көре алмай
жастарының үлкендігін пайдаланып:
Ақылы едцен
артылған,
Ақылың болса
мақтан.
Сенің жолың кіші
ғой,
Ағаңның алдына шығудан
сақтан, - дейді.
СондаҚазыбек:Бір бала бар, атаға жете туады. Бір бала бар, атадан өте
туады. Бір бала бар, кері кете туады. Өркенің өссін десең кекшіл
болма, кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, ершіл болма,
өскеніңці өшірерсің. Басына іс түскенде бақырға қастық қылма,
қайғысы көшер басыңа, - депті.
2-жүргізуші:
Тәуке хан үш жүзден өзіне
кеңесші етіп үш би алған екен.Ұлы жүзден Үйсін — Төле
би, орта жүзден Арғын — Қаз дауысты Қазыбек би, кіші жүзден Алшын —
Әйтеке би.
1-жүргізуші:
Сол үш биге Қазанғаптың
берген бағасы: Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке білімді еді, бірі
күн, бірі туған айдай болып, заманға сәйкестеніп келген
еді.
Бірде Тәуке хан:
Би үшеу болса, дау төртеу
болады деген сөз бар. Сондықтан үш бидің қайсысы аға би болуға
лайық, - депті.
СондаТөле
би:
Би шыңының басына шыққан адам
алды-артын, оң мен солын, яғни екі жағын түгел көреді. Ал көпті
көріп, көнені тоздырған адам сол биік шыңның
басында
тұрған адаммен пара-пар
емес пе?! Үлкенге жолды берсе, артық болмас
деймін.
Қазыбек
би:
Аға әділ төреші бола алмайды,
алдындаайбынары жоқ, артында
именері жоқ. Дұрысыңда,
алдындаайбынатын ағасы бар, ізіңце
именетін інісі болса, інісінің істеген жүмысынан ағаның алатын
тынысы болса ағанікі бас бағуда, ал інісінің ісі басқару емес пе?!
- дейді.
Тәуке хан:
Аға би сайланбаса да
болады, Қазыбек би қазып
айтады, Төле би тауып айтады екен.
1-жүргізуші:Енді нақыл сөзге кезек берелік.
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Окушы:
Жерден ауыр дегенім—ақыл,
білім.
Судан терең дегенім
—оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім—адамның
өмірі,
Көктен биік дегенім
—тәкапардың көңілі.
1-жүргізуші:Алты алаш деген не?
Оқушы:Алты алаш деген — Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ,
Қырғыз, Өзбек, Түрймен, Жайлыхан.
2-жүргізуші:Нежетім?
Окушы:
Жаңбыр жаумаса жер
жетім,
Басшысы болмаса ел
жетім,
Үқпасқа айтылған сөз
жетім.
1-жүргізуші:Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не
қатгы?
Арман дегеніміз ақыл-ойдың
шындығы. Құсұшсам дейді, бала өссем
дейді. Қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді.
Арманына ақылды жетеді, ақымақ бүл өмірден түңіліп
өтеді.
2-жүргізуші:Өмірде не жетім?
Оқушы:
Өмірде тогаз жетім бар.
Халқынасенімсіз болса, хан
жетім.Ханы ақылсыз болса,
халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса, әкім жетім, суы жоқ қүдық
жетім, үлы жоқ әке жетім, кызы жетесіз болса ана жетім, досы жоқ
жігіт жетім, өмірде ата-анасы жоқ болса, бала
жетім.
Ел тарихы, жер тарихы
өзіміз,болашақтың қасиетті
көзіміз. Барлықұлтпен бауырласып
жетеміз,ақ, қараны тіліп түрса
сөзіміз.
Окушы:
Казақ жері — қонақжай, төрлер
жері, Қазақ елі — қас сақтай ерлер елі.
Елі кедей болмаған, жері
байтақ, Едігедей, Бабырдай шерлер елі.
Окушы:
Азат бүгін байлыққа түнған
жерім азап жүгін, ел жауын қуған ері.Әділет пен бірлікке жанын
қиып,әділ өткен билердің туған
жері.
Оқушы:
Қазақ жері көп шеккен
қасіретті Қазақ ері - өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген
Бейбарыстыңелі
тегіс,
киелі
қасиетті.
Окушы:
Қорлаған жау - басқыншы,
халыққа мұң, қорғаған ел ойлаушы халық қамын. Қобыланды, Ер Тарғын,
Алпамыстар Қорғап қалды ел бағын
алыптарым.
Окушы:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің. Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің! Бүгінде өр
әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан — елім
менің.Окушы:
Атыңнан айналайын қазақ деген
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем. Сақтапсың сағың сынбай, Көрсең
де көресінді азаппенен.
Окушы:
Бір ата, бір ананың тілегіміз.
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. Бірлік барда тірлік бар деген
бабам.Бірлікпен бірге соқсын
жүрегіміз.
Қорытынды:
Атамыз қазақ тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін тауып, қысқа да нұсқа шешен сөйлей
білген.
Бүгінгі таңда бүкіл оқу-тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға
негізделіп, қайта құрылып жатқанда балалардың бойындағы ұлттық
психологияны қалыптастыру әрбір ұстаздың міңдеті деп
ойлаймын.
Менің
жанұям
Мақсаты:
Жанұядағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа төрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні
мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын
өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны
болуға тәрбиелеу.
Кернекілігі:
Нақыл сөздер: "Бүгінгінің
баласы — ертеңгінің атасы", "Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында
қарызы — әдеп пен сый" такырыптарында плакаттар ілінеді, отбасы
жайлы кітаптар көрмесі, ата-ана мен бала жайында жазылған зандар
жинағынан үзінді.
Барысы:
Мүғалім:Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз
бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай
ойлайсыңдар,ол қандай әлем болуы
мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын
мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты "Менің
жанұям"
депаталады. Ол мемлекет
қандай болуы мүмкін?
Жауаптары:Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Рөлдік ойын:
1-топ:"Жанұя
серуенде"
2-топ:"Жанұя кешкі
мезгілде"
3-топ:"Жанұядатуғанкүн"
Осы тапсырмалар бойынша топтар
бір-бірімен жарысады. Әр бір топқа
сұрақ қойылады. Оқушылар
сұрақтарға жауап
қайтарады.
1-топқа
сұрақ:Сіз жанұяңызбен серуенге жиі
шығасыз ба? Серуенге кімдермен шығасыз?
2-топка
сұрақ:Кешкі мезгілде жанүяңызбен не істер едіңіз? Теледидар
қарайсыз ба, әлде басқа істермен шүғылданасыздар
ма?
3-топқа
сұрақ:Туған күнді жанұяда қалай қарсы
аласыздар? Үйде өткізесіздер ме?
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз