Тақырыбы:
Бала
шақтан-болашаққа
Мақсаты:
а) Мұқағали Мақатаевтың
өмірі мен өлеңдерін таныстыру, «Өмірдас-
тан» поэмасынан көрініс
көрсете отырып ақынның өмірінен толық мағлұмат
беру.
ә) Әр өлеңін мәнерлеп
жатқа айтуға көңіл бөлу,
б)Ақынның жасампаз
жырларын жаттап елдің, жердің, ата-ананың қадіріне жетіп, әр ұрпақ
өз елін, жерін шын сүйетін адал ұрпақ болып өсу.
Көрнекілігі: М.Мақатаев портреті , слайд,
видеоролик, (жозы, аурухана төсегі, )
1 –
жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар ,
оқушылар, жыр сүйер қауым. Халықтың сүйікті ақыны Мұқағали
Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай «Бала шақтан-болашаққа»
атты әдеби – сазды кешімізге қош келдіңіздер.
2 –
жүргізуші: Мұқағали жүздеген жылдарда бір
рет туып , адамзаттың рухани байлығына мәңгі жасар рухани
перзентіне айналатын бірегей дарындардың бірі.
1 –
жүргізуші: «
Мұқағали поэзиясы - адамзаттық пен адамгершіліктің
симфониясы. Әр шумақ әр өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін
тауға да , тасқа да жыр салған. Ақын жүрегінің жанталас үні
естіледі», деп - ақын Фариза
Оңғарсынова айтқандай Мұқағали Мақатаевтың жырлары тіршілік
тамырындай өміршең , мәңгі жырлар.
Мұқағали Мақатаевтың өз
дауысымен (Қарлығашым келдіңбе?)
Диктор
дауысы:
Жырлар
жазам,
Білмеймін не
берерін
Көгерерін білмеймін тек
өлерін
Күйінішін халқымның,
сүйінішін
Өз үніммен жырласам
деген едім
1-оқушы: «Бұзылған үй
(Слайд көрсетіліп
тұрады, «Бұзылған үй» өлеңі оқылады )
Тәкаппар таулар жатқан
жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды
ауылға.
Бір жер бар «Қарасаз», деп
аталатын,
Көресің жолың түсіп
барғаныңда.
Көресің көк орманын,
жылғаларын,
Мөп-мөлдір қайнап шыққан
тұнбаларын.
Жылғаның жағасында бұзылған
үй,
Сен соған ей, жолаушым, бір
қарағын.
Кес-кестеп кісі жолын
торымаған,
Осында тірлік еткен момын
адам.
Қаншама тырбанса да
шаруаның
Дәулеті бір-біріне
қорымаған.
Өмірде өзін-өзі ол құл
көріпті,
(Киіпті ауыстырмай бір
бөрікті...)
Байғұстың барша жұрты тілек
тілеп,
Үйіне тұңғышы боп ұл
келіпті.
Той жасап, торқа төсеп
шабылмаған,
(Демек, тойдың жабдығы
табылмаған.)
Өмір дейтін өзгермес
мекеменің
Алдында әжем мені
қабылдаған.
Кейін әкем ел-жұртын
басқарыпты,
(Қашанғы жарғақ бөркі
тасталыпты.)
...Жағасында жылғаның бұзылған
там,
Ғұмырым осы жерден
басталыпты.
Көрініс: (Өмірдастан поэмасының негізінде,) Үй іші
бесікте жатқан бала, Анасы әкпішпен су көтеріп келеді, әжесі сыртта
тезек теріп келіп пеш алдында отырады.
ДИКТОР:
Қырық-отыз құрым үй
Жиектегі,
Қырқадағы орақта
ниеттері.
Шешем бөлеп, ұйықтатып,
бесігіммен,
Керегеге кетіпті сүйеп
мені.
Кетіпті өзі жылғаға су
алуға,
Сусап келер әкемді
суаруға.
Әкем байғұс орақта болса
керек,
Мұршасы жоқ күлуге,
қуануға.
Есі-дертін екі ұлға кезек
бөліп,
Кетсе керек әжем де тезек
теріп,
Тойып алсам, томпиып жатады
екем,
Шамалы екен шешемді мезі
еткенім.
Жар салып, жасалмапты тойым
анық,
Ағайын шабылмапты қойын
алып,
Уыз емген бұзаудай жатсам
керек,
Уызына шешемнін, тойып
алып.
..Шешем менің жылғадан қайтсын
үйге,
Асыл-ғұпыл, асығып су
алғасын.
Асығыпты, ешнеге
бұрылмапты,
Әлденеден жүрегі
суылдапты.
Құлағына әлдекім
сыбырлапты,
Әлдебіреу мен болып
шырылдапты.
Үйге келсе,қаперсіз жатыр
екем,
Шошырлықтай нәрсе жоқ заты
бөтен.
Қайта бүркеп бесікті қойыпты
да,
Қаннен-қапер қатерден қапыл
екен.
Бірдеме деп, күбірлеп,
ырымдапты.
Тіршілігін жалғапты,
бұрылмапты;
Жүк үстінде, сол сәтте ала
мысық,
Үдірейе, бесікке,
бырылдапты.
Ине-мұрты шаншылып
танауында,
Әлденені мысық тұр
қарауылдап,
...Оралып қарашұбар жылан
жатыр,
Бас жақта, тал бесіктің
балағында.
(Су көтеріп үйге кірген Мұқағалидың анасы
бесіктен босағаға қарай өрмелеген жыланды көріп шыңғырып
жібереді)
Келіні:
-Апа жылан, бесіктен жылан шығып
келеді.
Апасы:
-Сүт әкел! -деп бұйырады, өзі жыланды аққа
салып жатып
- - Бұзықтың қамшысындай
иректелген,
Бұзық ит, сені не cop сүйреп
келген?!
Тамыз, кәне, сүтіңнен
таңдайыңа,
Тажал неме бізге де үй деп
келген.
- Өлтірмегін,көтерме құнын
босқа,
Ол шаққан жоқ,жытуын, қуын,
шошқа!
Ұйықта ботам, өзің кеп
тиіспесең.
Жылан деген төкпейді уын
босқа.
2-жүргізуші:
1941 жыл
ақпандатқан
Сыртта аяз. Аулымызды ақ
қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс
дейтін,
Алапат аспан, жерді
аттандатқан.
Аттан! деді, Ол ертең
аттанады.
Аттанады еңбектің ақ
табаны:
Күрегінің орнына қару
алып,
Жауынгердің ролін
атқарады.
Ол ертең
аттанады.
(Үй ішін көңілсіздік басқан,
бала Мұқағалы, әжесі, анасы, Мұқағалидың әкесі Сүлейменді соғысқа
шығарып жатады.)
-әкесі:
(Мені соғысқа шақырту
туралы қағаз келді, мен өз елімді, өз жерімді жаулардан азат ету
үшін қасық қаным қалғанша аянбай күресемін. Мұқаметқали әжеңе,
анаңа, бауырларыңа баскөз бол. Сен үлкен азамат
болдың.
Бала
Мұқағали:
-Аттан,
әке
Танысқой күрес
саған
Күресуі керек қой күші
бар жан
Неге бізге үмітсіз
тесілесің
Аттан, әке, жолыңнан
кешігесің
Кеудесінде шыбыны бар
пақырларың
Тауып жейді сенсіз де
несібесін
Аттан, әке, жолыңнан
кешігесің!
Қалай сені жұбатам аңыра
Ана
Сау қайт деп тәңіріңе
жалын Ана
Мына отырған иеміз
құласа егер
Саған жар, әке бізге
табыла ма?
(Әкесін соғысқа жылап
қоштасып жатқан көрініс суреттеледі).
Бала
Мұқағали:
Ол
жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма
екен,
Мінеки, көп ай болды хабары
жоқ,
Әкем
кеп, көңілімізді аулар ма екен.
Әкеміз
бір әкеден жалғыз еді,
Судағы
жаңа біткен жалбыз еді,
Мінеки, көп ай болды хабары
жоқ,
Біздағы әкемізге зармыз енді.
Жалынған Ғазиз анам, сұрап
қалған
Жоғалды сол бетімен бірақ тар
Арман
Сенбеймін әкең өлді дегенге
мен
Себебі, ол үйімізден тірі
аттанған.
1-жүргізуші: Ақынның әкесі
Сүлеймен 1941 жылы 29желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады.
Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали
жетімдіктің дәмін ерте тартады. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның
тәрбиесінде өскен ақынның, ең алғашқы өлеңдерінің тууына, осы
әкесіне деген бала махаббаты, сағынышы себеп
болады.
2-оқушы: «Өмір
жайлы».
Көрініс: Менің
анкетам.
- Туған
жерің?
- Ұланымын,
Қарасаз деп аталатын
ауылдың.
- Туған
жылың?
- 1931.
Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың
кім?
- Еркекпін
ғой,
еркекпін!Және-дағы тәуірмін...
- Партияда
барсын, ба?
-
Жоқпын.
Бірақ, коммунистік
көзқараспен қараймын.
- Шыққан
тегің?
-
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны
санаймын.
- Білімің
ше?
- Орташа
ғой.
Алайда өзім
жоғарыға балаймын.
-
Ана тілің?
-
Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы
бар.
-
Қайда істедің?
-
Мынау «Еңбек
кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан
бар мамандық табылар.
-
Міндеттісің бе әскерге?
-
Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
-
Сөгіс алып көрдің бе?
-
Ол жағынан періште
едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт
кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің
де...
-
Шетелдерде болдың ба?
-
Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол
бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды
жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
-
Мекен-жәйің?
-
Мекен-жәйім -жер менің.
Жерде жүрген ақын деген
пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек
аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Көрініс:Аурухана
төсегі, Мұқағали төсекте ауырып жатады,
(«Детство» күйі ойналады).
Өкінішті, Мына құрғыр
сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап
жатыр.
Бұзбақ болып кеудемдегі,
бекіністі
Өкінішті..
О,
Жүрек
Менің алтын
қазығым-ау!
Қайтейін, қажыдың-ау,
қажыдың-ау?
Қытықтаған жүректің назы
мынау,
Қажыдың-ау, байғұсым,
қажыдың-ау.
(Пауза.............)
Ешнәрсенің керегі
жоқ!
Керегі жоқ
шаршадым!
Басымда ұйып тұрып
алды,
Әлемдегі бар
сағым,
Өніп-өскен топырағыма
апарыңдар
Тастаңдар!
Тауларымды
Қарасуды, Қарасазды
аңсадым,
Енді
емделсем,
Туған жердің топырағымен
емделем
Ескек желмен
ентігімді,
Басқанымды жөн
көрем
Неге керек ию-қию,
сән-салтанат той думан
Таудың ерке тағысымын
мен деген.
(Мұқағали аурухана
төсегінде мәңгілік сапарға аттанады, өлең
оқылады)
Диктор
:
Батар
күн
Келер
түн
Атар
таң
Осы мен, осылай,
мәңгілік тұрарамын.
Осы мен, сірә да,
өлмейтін шығармын
Өмірім, сірә да, әріден
басталған
Әріден басталып мәңгіге
тасталған
Осы мен сірә да өлмейтін
шығармын
Сәл ғана мызғып-ап
қайтадан тұрармын
1-жүргізуші:
Қырық бесінші
жаз,
Қырық бесінші
күз
Қырықбесінші
көктемін
М.Мақатаев 1976 жылы 45
жасында аурухана төсегінде мәңгілік сапарға аттанда, ақынның
артында мол мұрасы қалды.
2-жүргізуші:
М.Мақатаев күні
батқанмен жыры батпаған алтын бесік халқының өзегін жарып шығуымен
бірге өз ғасырын өзі жырлаған және шын мәнінде өзінің рухани
ғұмырының ұзақтығына кәміл сенген кемел ақын.
1-жүргізуші: 2Жастарды Мұқағали поэзиясына
табындыратын алып күш ақынның «Махаббат» атты нәзік сезімді шынайы
, шебер жырлай білуі.
Ән «Сенің
көзің»орындайдын 9асынып оқушысы Жандәулет
Әбдімүлік.
2 –
жүргізуші: Абзал аналарды суреттегенде ,
сұлу қыздар мен аруларды суреттегенде өз анасынан көрген
мейірімділікті жырлайды.
3-оқушы: - «Шеше,сен
бақыттысың!»
1-жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен
туралы
Біреулер жан еді дер, өр
тұлғалы
Біреулер тұлпар еді дер
де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір
ертұрманы
1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның Отан
жайлы өлеңдеріне берсек
4-оқушы: «Қазақстан»
1 –
жүргізуші: Қазақтың қара өлеңі құдіретім
,
Онда бір сұмдық сыр бар
естілмеген –
деп ақынның өзі
жырлағандай қазақтың күпі киген қара өлеңіндегі құдіретті
Мұқағалиша сезінген өнерпаз кемде-кем. Ақынның осында жалғыз ауыз
сөз арқылы қым-қуат тағдыры бар , тарихы бар жұмбақ халықтың
жаратылысынан қай биікке көтеріп тұрғанын байқау қиын емес. Ақынның
сөзі алтыннан құнды келетін өлкеде қара өлеңге қанат жалғаған қас
шеберлерін қай-қайсысы болсын күпілі жырға үлкен үміт артқан .Ал
Мұқағали үнінде адами арын , азаматтың болмыс ғажайып нәзіктік пен
мұң астасқан қуаттылық жатыр. Заманының запыран қуаты санаңды
сарғайтып өзінде барды өзгеге сыйлай алмай сарсаңға түскен
сәттерден өтеуін іздеген талант.
2-жүргізуші: Хор «Есіңе мені
алғайсың»
1-жүргізуші: «Бала шақтан-болашаққа» атты
тәрбие сағатымыз аяқталды назарларыңызға рахмет!