Материалдар / Тәрбие сағаты. "Балғын балалық шақ" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. "Балғын балалық шақ" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру . Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2020
1126
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы  :  Балғын балалар – біздің болашағымыз


 Мақсаты :

  1. Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру .

  2. Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен  мұғалім арасында  үйлесімді жұмысты жолға қою.


Көрнекілігі : Өсиет  сөздер, тест сұрақтартары , қабырға газеттері .


Кіріспе бөлім :

Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып , әрленеді.

Бұл орайда  мектептің де ролі зор. Өйткені , отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие  бір- бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы – ата- анасы.  Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше , іс алға баспайды .  Ата-ана  мұғалімге көмекші , сенімді тірек болса , мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты  байланыс нығайғанда ғана , барлық  күрделі  мәселелердің  түйіні шешіледі.

 Негізгі бөлім :

1-жүргізуші: Ана – үйдің берекесі,

Бала – үйдің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

1-жүргізуші: «Бала болсаң болғандай бол

Айналана қорғандай бол» - деген қағиданы берік ұстанған ата-бабамыз өз ұрпағын адам,адамзат деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.

2-жүргізуші: Олай болса,біз ертеңгі болашақ иесіміз. Жақсы тәрбие алып, жақсы оқу біздің міндетіміз.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Жаннұр. Кеше ғана 1-сынып табалдырығын аттаған едік. Міне, бүгін есейгендейміз.

2-жүргізуші: Қойшы, біз әлі баламыз ғой. Оқуды енді ғана үйрендік, санауды да әзер үйрендік.

1-жүргізуші: Бәрін айт та бірін айт. Онда оқушылардың өнерін тамашалайық.

  • Кәусар. Оқу, білім саған пайда.

  • Математика сабағында

2-жүргізуші: Ұланым менің ақылды

Қадірлей біл салтыңды.

Мақтан ет сен де мәңгілік

Туған тілің халқыңды.

1-жүргізуші: Оқушылардың туған жер туралы тақпақтарын тыңдап көрелік.

  • Оқушылар тақпағы

1-жүргізуші: Өзі әдепті, салмақты

Өнерлі де жан-жақты

Шақырайық ортаға

Біздің Асылмұратты

  • Құттыбаев Асылмұрат «Туған жер» мәнерлеп оқу

2-жүргізуші: Сынып ұлдарының қыздарға арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

  • Ұлдардан арнау

  • Би «Каша»

  • Ән «Біз – бақытты баламыз»

2-жүргізуші: Әңгімені айтса жұртым мақтанады,

Жеңіліп сөзден шіркін қала алмайды.

1-жүргізуші: Жүз сұрақ қойсаң дағы дарындылар

Жасырып жүзін дағы қала алмайды.

  • Қызықты логикалық сұрақтар

  • «Ойлан, тап!»

2-жүргізуші: Білім деген – менің жарқын көнілім,

Білім деген – шаттық толы өмірім

1-жүргізуші: Білім деген – талмас қанат, ақыл-ой

Білім сенің болашағын, біліп қой!

  • «Жалғасын тап...»

2-жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

1-жүргізуші: Соқса да дауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын

Мұғалімнің сөзі:


Жас жеткіншек, бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден аулақ бол. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің. Өйткені сен – тәуелсіз елдің болашағысың!


Қорытынды:

Қадірлі Ұстаздар, ата-аналар , « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып , жерге қаратпасын десең , балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне  уақытында көңіл бөліп , еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен  мектеп өзара  тығыз байланыста болса, балаларға бірдей  талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары  жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

  « Ырыс-ынтымаққа жолығады , дәулет-бірлікпен толығады » деп Елбасымыз жолдауында айтқандай , ынтымақ пен бірліктің артуына барынша күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсайық .

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!