Материалдар / Тәрбие сағаты: "Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз" даярлық сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз" даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту үшін тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерін ұғындыру мақсатында өткізілді. Тәрбие сағаты даярлық сынып тәрбиешілеріне арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1737
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Группа 2 А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп











«Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!»







Дайындаған Алтыбаева Л.К.

0 «Б» тобының тәрбиешісі












ХАНТАҒЫ - 2016






0 «Б» даярлық тобы

Тәрбие сағаты 13.12. 2016 ж. күні

Тақырыбы: «Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!»

Мақсаты: 1. Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру.

2. Туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Патриоттық сезімдерін ояту.  
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына презентация, Қазақстан қартасы, шар, жалауша, жемістер, түрлі-түсті қазақ. 
Өтілу барысы: Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Топтан шыққан әсем күй әуені мектептің барлық сыныптарына тарап тербеп тұр.Топ іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген. Топтың балалары әдемі киініп, қолдарына шар, жалауша алып, әуен ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар!

Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі. Қайырлы таң. Қайырлы күн. Сәлеметсіздерме қонақтар!

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Олай болса балалар Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына  арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

«Әнұран орындалады»

Тәрбиеші: Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай өткізілгелі отырған «Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты даярлық тобы балаларының тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

«Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.» Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толыпты. Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!            

1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі

Балалар, өздеріңмен бірге «ой ашар» сұрақ – жауап жүргізейік.

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан) ҚР президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

Біз қай ауылда тұрамыз? (Хантағы ауылында)

Біздің мектеп қай көшеде орналасқан? (Қ.Рысқұлбеков көшесінде)

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атайықшы (Әнұран, Елтаңба, Ту)


Ата – аналарға сұрақтар
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Ж.Нажімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)
ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? 
(15 қараша,1993ж.)
Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)


Ендеше рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

Али 1 Әнұраным – жанұраным,

                  Жүрсем егер дүние кезіп,

                  Айтар әнім, сөйлер сөзім,

                  Туған жерім сағынарым.

 Жасмин 2 Бақыт бірлік күн талабы,

                    Тоқтамайды дүбір әні

                    Мәңгі бақи шырқалады,

                    Республика Әнұраны.

 Кәусар 3 Айнымайды аспаннан,

                     Біздің тудың бояуы.

                     Оны халық қадірлеп,

                     Биікке іліп қояды.  

Нұрай 4 Сүйесің ғой даланың,

                      Гүл жайнаған алабын.

                      Білесің ғой сен бірақ,

                      Қазақстан жалауын.

Қанат 5 Қатар шапқан қос тұлпар,

                       Ай астында қазақ үй

                       Қалықтаған жас сұңқар,

                       Шарықтаған таза күй.

                       Бұл таңбасы елімнің,

                       Елдігімнің белгісі.

Дәулет 6 Елтаңбасы елімнің,

                       Неткен әйбат, әдемі!

                       Тұнығындай көңілдің,

                       Ортада аспан әлемі.   

                       Өнерлі ғой қыздар – ай.

Фатима 7 Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

Нұрсаят 8 Желтоқсанда соққан жел,

Қайратты еске салама?

Қайраты жоқ халықтың,

Болашағы бола ма?!

Қазағыма Қайрат боп,

Туса екен ұлдарым,

Қалың елге байрақ боп!

Тәрбиеші:  Қызады бүгін тойымыз,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді көтеріп,

Інжу маржан шашайық.

Ақмаралдың орындауында «Ертегілер» әні. Топ қыздарының биі.


Тәрбиеші:    Кенге толы қойнауы,

                       Төлге толы жайлауы

                       Ол – біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

                       Отан біздің біреу ақ

                       Ол – біздің Қазақстан! 

Енді балалар қонақтарға тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік. 

Еңлік 9 Бұл не?» деп мен сұрадым,

                  «Жаңалық қандай тағы?»  деп.

                  Жауап берді анашым,

                  «Тәуелсіздік таңы» деп.               

Мирас 10 Атамекен ақ үйдің,

                  Азат болған күні бұл.

                 Құндақтағы сәбидің,

                  Қазақ болған күні бұл.         

Алпамыс 11 Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Айым 12 Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан ана

Отан үлкен

Қазақстан туған ел!

Нұрасыл 13 Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Тәрбиеші: Естіген жұрт тамсанар,

Тамылжытып ән салар.

Бізде сондай балалар бар.

Балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!» әні.

Кәне балалар, тәуелсіздік туралы тақпағымызды жалғастырайық.

Рабиға 14 Күн болды бұл күн керемет,

                  Ақ түйенің қарны жарылған.

                  Ел болдық, шүкір не керек,

                  Әлемге аты танылған.

Нұрислам15 Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді.

                  Ата-бабам армандаған бұл күнді.

                  Тәуелсіздік өркендесін,

                  Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

Бейбарыс 16 Тәуелсіздік –

                    Менің байтақ Отаным.

                    Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

                    Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі,

Асем №17 Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым.

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Ақмарал18 Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға не бәрі.

Тәрбиеші: Балалар, енді «кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Ортаға 6 баланы шығарамыз. Мына жемістерді кім жылдам жейді? (Жеміс жеудің де, өз мәдениеті бар. Жеміс жеген адамның дені сау болады. Жеміс жесең, жетілесің!) Балалар, жылдам жеудің жүйрігі кім? Жарайсыңдар!

Мұхамед 19 Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,

Ақтарылды ағыл - тегіл жырымда.

Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,

Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

Санжар №20 Көк аспандай тулайтын,

Желтоқсанның күні бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

С.Нұрасыл 21 Мереке бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің.

Желбірейді көк туы,

Түсіндей боп көгімнің.

Назерке 22 Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азаттық елдің ұлымын,

Теңескен төбесі көкпенен.

Бақдәулет 23 Желтоқсанның ызғары –ай

Кірпікке қатқан мұздар- ай

«Еелім- ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар- ай

Нұрсұлтан 24 Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Балнұр 25 Тәуелсіздік таңын сүйем,

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Т әрбиеші:  «Туған жерді гүлдендір» ойыны.

Балалар, туған жерімізді гүлдендірейікші. Кәне, мына гүлдерді Қазақстан картасына апарып жапсырамыз.

(Балалар түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)


Міне, балалар, бүгін өздеріңнің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Болашақта  тәуелсіз еліміздің  білімді ұрпақтары көп болғай!

Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: 
Өткеніңді еске алсаң, 
Өскеніңнің белгісі. 
Өткеніңді ұмытсаң, 
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. 
Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! 

Сендерге арнаған мерекелік сыйлығымды тарту етемін. (балаларға тәтті таратылады)

     Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін!

Ән «Елім менің!» 

Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты тәрбие сағатымызға келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Енді, құттықтау сөзін ата- аналарға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанов Ерсайын ағайға береміз.

Рахмет. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!