8 минут
12
минут
10 минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды
түгелдеу. Сыныпқа осы аптаның дәйек сөз тірегін
айту.
Бүгінгі сабақтың
тақырыбы «Буллингтен
қорған!»
Буллинг (bullying) – ағылшын
тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адам
үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ,
кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның
басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені
ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы
жоқ.
Буллинг әр түрлі мағынаны
білдіруі мүмкін. Мысалға:
Буллинг онлайн немесе телефон
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті
хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады.
Бұлардың барлығы кибербуллинг деп
аталады.
Буллинг қандай
жағдайларға әкеліп тіреуі
мүмкін?
Біреу саған күш
көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай
жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін,
атап айтқанда:
-
уайымдау
-
ұйқының бұзылуы
-
тәбеттің болмауы
-
өзі жайлы жаман
ойлау
-
өз-өзіне физикалық зақым
келтіру
-
өлім туралы ойлау
-
сабақ үлгерімдерінің
нашарлауы
-
ауыру
-
«маған ешкім көмектесе алмайды» деп
ойлау
-
өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не
ашулану
-
қорқу
Топтық
жұмыс
-
«Буллинг»
тобы
-
«Кубербуллин»
тобы
«Буллинг» тобына буллингтің
түрлерін атап айту
«Кубербуллин»
тобына буллингтен қалай
қорғанамыз
Есіңе
сақта:
-
ешкімнің сені қорлауға құқы
жоқ
-
буллинг сенің достарыңның, отбасыңның,
мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы
мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға
тиіс емес
-
буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға
үйренуге болады
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген
жағдайда не істеу керек?
Өзіңе деген сенімділікті
арттыр
Батыл болуға
үйрен
Жәбірлеушіні
бұғатта
Расскажи
кому-нибудь
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген
болсаң ше?
Сені біреуге қорлық көрсетуге не
итермелейді?
Бірнәрсе істеуден бұрын жақсылап
ойлан
Адамдардың құрметіне лайық болу үшін
басқа әдістер ойлап тап
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап,
қиянат жасайды?
Қандай себеп болмасын, қорлау – қашан да
жаман қылық. Әдетте біреуді қорлап жүрген
адам
-
басқаларды көре алмайды немесе
қызғанады
-
басқаларға ұнағысы
келеді
-
өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін
сезінгісі келеді
-
достары сияқты болғысы
келеді
-
оны барлығы тындағанын
қалайды
-
өзгелердің қорлауынан зардап
шеккен
-
қорлау басқаларға қасірет тудыратынын
түсінбейді
«Табыстың күмәнді
түрлері қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге
болады»?
Нарық заманының қыспағы ма, қазір жеңіл
жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер көбейді. Жанды қинамай,
көл-көсір байлыққа ие болғысы келгендер күмәнді ұйымдар құрған
қақпанға түсіп те жатыр. Бірақ тауы шағылып, беті қайтып жатқан
адамдар көрінбейді. Біріншісінің тұзағынан шықса, екіншісіне ұрынып
жатады. Тек былтырдың өзінде он мыңдаған адам қаржы пирамидасына
алданып қалған. Уәкілетті органдар 2020 жылы жалған қаржы
ұйымдарына қарсы 217 қылмыстық іс қозғап, оның 116-сын сотқа
жөнелткен.Айла-шарғысына адам
бойламайтын әккі қулар жанды қинамайтын жеңіл жолмен ақша табу үшін
небір қитұрқы әрекеттерді ойлап табады. Бұрын қаржы пирамидасын
тану, оның құрылу сызбасын анықтау жеңілірек еді. Ал қазір оңай
жолмен олжа тапқысы келгендер айлакерлік жолын бүркемелеп, өздерін
әшкерелемеудің небір тәсілдерін ойластырады. Мысалы, былтыр атышулы
«Гарант 24» және «Estate Ломбард» ұйымдары қаржы пирамидасы екені
әшкереленді. Естіген ел сенбеді. Талай жыл бойы ломбардпыз деп
елдің ақшасын, дүние-мүлкін жинап келген ұйым айдың-күннің аманында
аяқастынан қаржы пирамидасы болып шығуы шынымен де оқыс оқиға
болған еді. Ақыры, ішкі істер органы олардың басшыларын бұлтартпас
дәлелдермен ұстады. Полицейлер бірден 15 өңірлік директорды қамауға
алды. Осы ЖШС-нің тағы үш директоры мен үш құрылтайшысына іздеу
жарияланды. Қылмыстық іс бойынша 48 адам күдікті деп танылды.
Жалған ломбардтан 58 млн теңге тәркіленген. Тыйым салынған мүліктің
жалпы сомасы – 1 млрд 700 млн теңге. Күдіктілер соңғы жылдары
азаматтардан 1572 көлік, 40 пәтер, жер үй, учаске қабылдап
үлгерген. Ал ломбард атын жамылып жұмыс істегендер мыңдаған адамды
алдағаны белгілі
болды.
Жақында
Ақмола облысында тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. LV Force
атпен мәңгі жас болудың құпияларымен бөлісіп, жұртшылыққа адам
ағзасын жасартатын бадтар мен небір бальзамдар ұсынып келген
компания жеме-жемге келгенде пирамида болып шыққан. Олар Шымкент
қаласы мен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бөлімшелерін
ашып үлгеріпті.
Соңғы
кезде криптовалютаның, инвестицияның есебінен мол табысқа
кенелуді жарнамалайтын компаниялар көптеп шығып жатқанын есті
жұрт жақсы біледі. Солардың бірі – Finiko компаниясы да жалған
компания болып шықты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
хабарлауынша, бұл компания Сyfron Sapital OÜ платформасында
cryptocurrency құралын сатып алуды ұсынған. «СYFRON (CFR) –
есептеулер жүргізілетін криптовалюта ресми валюта емес және оның
қаржылық құндылығы жоқ. Осылайша, пайдаланушылар ақшаны нақты
инвестициялық компанияға емес, оның жалған үлгісіне салады,
делінген Агенттіктің fingramota.kz ресурсындағы мәліметте. Демек,
мұндай инвестициялық құралдарды жарнамалайтын компанияларға да
сақтықпен қараған артық етпейді.
Қортынды.
Кибербуллингке тап
болғанда:
-
Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның
хабарламасына жауап бермеу;
-
Онымен сөйлесуді тоқтатып,
бұғаттау;
-
Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы
жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
-
Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана
не ұстаздарға хабар беру керек.
|
Оқушылар буллинг жайлы өз
пікірдерін айтады
-
адамды мазақтау, қорлау,
соқтығысу
-
оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды
бүлдіру
-
сол
жайында өсек тарату
-
оны
елемеу немесе жекелету
-
ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың
алдында ыңғайсыз жағдайға қою
-
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым
келтіру
-
қоқан-лоқы көрсету немесе
қорқыту
Буллингтің
түрлері
Гомофобтық
буллинг
Расисттік буллинг
Таптық буллинг
Адамның сырт келбетіне қатысты
буллинг
Сексисттік
буллинг
Дінге қатысты
буллинг
Ксенофобтық
буллинг
Мүгедектерге қатысты
буллинг
Сен әрдайым 111 сенім телефонына
қоңырау шалуыңа болады
Бұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп
аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы
адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы
телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы
жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп
жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу
керектігін айтып, кеңес береді.
|
Қима
қағаздар
Қима
қағаздар
Плакаттар, түрлі түсті
қағаздар
Бейнежазба
|