Материалдар / Тәрбие сағаты: «ДОСТЫҚ ТҮБІ - АДАЛДЫҚ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «ДОСТЫҚ ТҮБІ - АДАЛДЫҚ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті де қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екеніне көз жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2021
1994
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Тақырыбы: «ДОСТЫҚ ТҮБІ - АДАЛДЫҚ»









2021 оқу жылы.

Сабақтың мақсаты: Адам бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті де қастерлі сезім,

жақсылықтар жиынтығы екеніне көз жеткізу.

  • Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу достықа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жасалған плакаттар.

1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңінің ішінен.

2. Дос болма майда тілді күлгенменен,

Бимаған сырты жылтырап жүргенменен.

3. Достық деген – Шал ақын мінез – ең алдыменен адалдық, жолдасыңның қасиетін сынау.

4. Дос адам сарайыңды жұмақ етер.

5. Көбісі ауызынды аңқитып,

Жел болып ұйытқып өтеді.

Бір өзі мыңға татыған,

Бір досын болса жетеді.

Мұғалім: Бүгінгі «Достық түбі - адалдық» атты сабағымыздың өмірге сән беретін, адам бойындағы ғажайып сезім – достық туралы. Өмірде көп көрген достық мектебінде шындалған ақындардың жырларын оқып, ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттерінің жиынтығы екенін көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуге тәрбиелеу.


«Достықты жырлаймыз»

Оқушы: Досым, саған сенемін сеніп өтем!

Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген – адамның көрігі екен,

Достық деген – ақылдың серігі екен.

Қыран – үлкі тамаша – бәрі осында,

Отырмын думан асып жатқанымен .

Олқы тұр көңілім менің,нанасың ба?

Оқушы: Ұйытқып жатыр көңілді құйын – дауыл

Неге сен келе алмадың жиынға бұл?

Жарыққа жалғыз мені жібермеші

Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр

Сенсіз көңіл қашанда хош тұрған ба?

Сенсіз думан – қызылсыз бос қырман да

Әсері ойын қайтейін, әсері күліп

Сенің орның құлазып бос тұрғанда.

Оқушы: Достық қымбат өмірде,

Сақтай білсен көілге.

Терең оймен түсініп,

Сене білсен өмірге.

Оқушы: Қиындықты сенімен бір көрісіп,

Қажымайтын, тайсалмайтын жігері

Дос дегенім – жарты нанды бөлісіп.

Адалдықтан жаралады жүрегі.

Оқушы: Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниенді,

Жаман достан жамандық келеді екен.

Оқушы: Достық сезім нұр құяды көңілге,

Досым үшін тойымдағы төрім де.

Қуанышты кептері болып самғаған,

Дос көңілдер шырқай берсін өмірде.

Ән: «Досыма»

Оқушы: Талап құйып, таңдап мінсен жорғасын,

Адал болса қасынға ерген жолдасың.

Жоқта- қамқор, күндемесін бар болсаң,

Сапардағы ер жігітке ол да сын.

Оқушы: Достық қана бақыт гүлін самсатқан,

Жүректерді іңкәр етіп, аңсатқан.

Ей, жігітім!Нарқы қымбат бұл досқа.

Тұрады асқақ байлықтан да мансаптан.

Оқушы: Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсан да касында.

Қиналады – сен қиналсан болғаны,

Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.

Оқушы: Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Оқушы: Дос болма майда тілді күлгенменен

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен.

Оқушы: Нағыз дос бір – біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы – жаман айтар деп елемейді,

Бақ – дәулдет сол адамнан айрылмайды.

Оқушы: Жан қиыспас дос болсаң,

Сыйласумен жүрерсің,

Шашылып жатса, сыртыңнан-

Жинасумен жүрерсің.

Оқушы: Шаттансам достарымен шаттанамын,

Жасырмай жан сырымды ақтарамын.

Ақ көңіл, пәк пейілін, ақ жүрегің

Паш етем жақын түгел жатқа бәрін.

Достықты, досты сүйе беріле шын,

Әрдайым көзіме ыстық көрінесің.

Елжіреп сағынғанда жан достарым ,

Кеудемнен жыр боп әркез төгілесің

Достарым, арқа сүйер сенімімсің,

Айнымас, ажырамас серімсің.

Жанымның, көңілімнің айнасысың,

Басқалар сені көріп мені білсін.

Көрініс: «Досымен сырласу»

Оқушы: Армысың, асыл досым, жүректегі.

Отырмын өз жаныңа гүл екелі,

Асырып асулардан біз ертең,

Отыр ғой мына заман түлеткелі.

Оқушы: Орын ап жүрегімнің түкпірінен,

Сен маған ақиқатты ұқтырып ең.

Арадан қыл өтпестей шын достықты,

Құрбылар екеумізден ұқты білем.

Оқушы: Осылай айтылған сырым саған,

Сырым саған арналар, жырым саған.

Түрім емес, тіліме ғашық едің,

Белгілі айтпасамда түрім саған.


«Даналар сөзі – ақылдар көзі»

  1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас». А.Құнанбаев

  2. «Ең болмаса нағыз бір дос жоқ адам өмір сүрмей - ақ қойса болады»,- деді Демокрит

  3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімгеде дос бола алмайды»,- деген Аристотель

  4. «Өз достарынды бағалай біл, бірақ әкенің достарын құрметте»,- депті Омар Хайям.оның мәнісі.Ол әбден сыналған достық.

  5. Иманжүсіп: «Дос болып қас қылғаннан сақта, құдай»,- деген.

  6. «Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, Басыңа бұлт шалса, іздеп таба алмайсың»А.Құнанбаев


«Пікір алысу»

Сұрақтар: Достық дегеніміз не?

Дос пен жолдастың айырмашылығы.

Үш адам нағыз дос бола ала ма?

Нағыз дос қандай болуы тиіс?

(Қандай қасиеттері қажет?)

Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Жаман досты қалай танып білуге болады?

(Достыққа кері әсер ететін қасиеттер)



Қорытынды: Д – дүниедегі

О – озық ойлы

С – сабырлы

Т – тұрақты

Ы – ыстық

Қ – қарым – қатынас

Осы гүлдің жапырақшасын толтыр (достыққа қажеті қасиеттер).


DrawObject10 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject9 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject4

Достық


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!