Материалдар / Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" 7 "А" сыныбы

Тәрбие сағаты "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" 7 "А" сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары. "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі " 7 "А" сыныбы. Тақырып ауқымды. Өз авторлығымнан.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
1268
13 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Әзімханова Ш.С.



Тәрбие сағатының жоспары





Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Өтетін орны: 23

Сынып: 7 “А”

Мерзім орны: 20.09.2021

Тобы: 27

Машықкер: Бекжанова Баян Алімжанқызы

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)








Семей 2021


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың денсаулығының дамуы мен жан-жақты кепілі дұрыс тамақтануда екенін түсіндіру. Пайдалы және зиян тағамдарды ажырата білу.

Тәрбие сағатының міндеті:Оқушының дұрыс тамақтану тәртібін,пайдалы және зиянды тағамды білу, белгілі бір қорытынды ой шығаруы.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы түрі: пікірталас

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, бейнематериал,тренинг

Техникалық жабдықталуы: телефон, ноутбук

Көрнекілік: суреттер,нақыл сөздер

Қажетті жабдықтар: маркет, стикер, А4 форматтағы қағаз,т.б.

Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Бейнематериал көрсету. 7 минут

Ақпаратпен бөлісу 10 минут


ІІ. Негізгі кезең

Тренинг” 7 минут

Жағдаятты шешу 7 минут

«Топтық жұмыс» 7 минут


ІІІ. Қорытынды кезең

  • Рефлексия 5 минут


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «..Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы 27 топ студентті Бекжанова Баян Алімжанқызымын. Сіздермен тәрбие сағатын өткіземін.

Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін.

Мен сіздерге қазір бейнематериал көрсетемін, ал сіздер бүгінгі тақырыпты және ол тақырыпты қалай түсінгеніңізді айтасыздар!

https://youtu.be/2aaZ2QCXPDY

Мен тақырып жайлы түсіндіріп,ақпарат айтамын.





Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:

1) әдепті жеу керек;

2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;

3) тамақтану режимін сақтау қажет.

Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:


1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.

2. Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.

3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.

4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі.

Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.


1. Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қанша аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.

2. Ашу, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.

3. Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.

4. Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.

5. Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.

Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау.


Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты . Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!

ІІ. Негізгі кезең

«Тренинг» мен мақал-мәтел жазылған қағаздарды партаға қоямын,әр оқушы таңдап,оқып мән-мағынасын ашып береді.

Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

 

Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

Таңғы асты тастама.

 

Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады


Анасын көріп,қызын ал,

Аяғын көріп, асын іш.


Мешкей деген жақсы атақ емес.

«Жағдаятты шешу»

1.Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы баласының бұл ісіне кейіп:«деңсаулығыңды бұзасың ғой,отырып дұрыс тамақтансаң,қайтер еді?»-деді.Самат анасына:«Дұрыс тамақтанудың деңсаулыққа әсері қанша?» деді.

Қалай ойлайсыңдар,Саматтың айтқаны дұрыс па?

2.Айгүл бақты аралап келе жатқан.Бір кезде алдынан топ етіп,алма түсті.Өзі қып-қызыл,үп-үлкен,Айгүл қуанып кетті.Қызығып қолына алып,жеп қойды.

Сен Айгүлдің орнында болсаң не істер едің?

3.Арман мен Жандос деңсаулық туралы ой бөлісті.Арманның ойынша «деңсаулықты сатып алуға болады» деді,Жандос бұл оймен келіспеді.

Жандос не себептен келіспейді?

«Топтық жұмыс»

Әр қатарға бір тақырыптан беріп,балалардың ой-пікірін білу.«Дұрыс тамақтану»,«Зиянды тамақтар»,«Пайдалы тамақтар»

ІІІ. Қорытынды

  • Рефлексия

«Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!