Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған
Елбасы»
Мақсаты:
Білімділік: Елбасының ерекше
қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру, Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір
жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегімен, шығар-маларымен
таныстыру
Тәрбиелік: Қазақстанның
өркендеуіне үлес қосатын, туған тілін,туған жерін сүйетін,
тарихымызды бағалай білетін,ұлттық салт-дәстүрімізді қастер-лейтін,
алғыр да білімді ұрпақ тәрбиелеуге шақыру
Көрнекілігі: слайдты презентациялар,
үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының
рәміздері, шарлар.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі “Ел
ертеңін ойлаған Елбасы!” атты танымдық сағатымызға қош
келіпсіздер!
Әр ойдың астарында осы арада
,
Ағайын,ой жіберіп жіті
қара.
Тәуелсіз Қазақстан
тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке
дара,-
деп ақын жырлағандай бүгінде
Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып,
нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәуле
шашады.
-Неліктен Тұңғыш Президент
күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?
(1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Қазақстан Президенті етіп сайланды)
Мұғалім:
-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не
білесіңдер?
Оқушылар өздері білетін
мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған
фактілерді слайд арқылы көрсетіп түсіндіремін. 3 топқа үш түрлі
ақпаратты таратамын. Топ ішінде оқып, басқа топтарға
мазмұндайды
1-топ:
Балалық
шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Алматы облысы
Қаскелең ауданы Шамалған ауылының Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен
Әлжанның отбасында дүниеге келген. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан
бір хикаяға айналды.Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді
тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді. “Менің немерем екі бірдей есімді
алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын”. Әлемдегі барлық әжелер
секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше
еңбек сіңірді.
Әкесі-Әбіш 1903жылы Алатаудың
бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев
көңілді,қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс
және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Ол қазақ және орыс
әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап,
пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы туған. Ән салу мен суырыпсалмалық өнерімен
алдына жан салмаған. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге,
сыйлауға, баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге,
ән-жырларға,салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева
1977жылы қайтыс болды.
2-топ: Жасөспірім
шағы
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы
ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор
ынта-ықыласпен оқыды.Ол өзінің аса құштарлығын білетін
ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға
жан-тәнімен кірісті.
Жас кезінде Іле Алатауының
Баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде
тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген
романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда
өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы
әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез -келген
қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын.Ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып, қазақтын өткені мен болашағын жалғап келе жатқан
халықтың осы бір ауыр, бірақ үйдесімді тіршілігінің мәңгі жаңа аса
мәнді екенін сезінетін. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде»,
«Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі»,
«Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл» т.б толып жатқан еңбектері
бар.
3-топ: Қызмет
жолы
1960 жылы Днепродзержинск
техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына
қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы
коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия
мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы
Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап,
домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1979-84
жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989-91 жылдары
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы әрі
Қазақстан Жоғары Кеңесінің төрағасы қызметтерін
атқарады.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде
тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық
сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым
дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында
жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін
ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында
өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 %
дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта
сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде
сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы
Президенті болып қайта сайланды.
Мұғалім: Ал, енді
викториналық сұрақтар: Әр топқа қарсы топтың мәтіні
жайлы сұрақ қоямын. Мұндағы мақсат қарсы топты қаншалықты жақсы
тыңдадыңдар соны анықтаймыз.
1-топқа
сұрақ:
1.Қандай оқу орындарын
аяқтады? (1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967
жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық
оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық
комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін
бітірген).
2.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
алғашқы еңбек жолын қашан, қайда бастады? (1960 жылы Теміртау
қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмысшы болып
бастады)
3.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
қашан президент болып сайланды?(1991 жылы
1-желтоқсанда)
4. Ең алғашқы сайлауында қанша
пайыз жеңіске жетті? (98,7 пайыз)
5. 91,5 пйыз дауыс жинап қайта
сайланған жыл? (2005 жыл 4 желтоқсан).
2-топқа
сұрақ:
1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы, 6-шілдеде Алматы облысы,
Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Үшқоңыр
жайлауында)
2. Оның атын Нұрсұлтан деп кім
қойған? (әжесі Мырзабала)
3. Ата-анасының аты жөндері
кімдер? (Әбіш-Әлжан)
4. Назарбай Нұрсұлтанға кім
болып келеді? (атасы)
5. Анасы Әлжанның қандай өнері
болды? ( ән салу , суырыпсалмалылық)
3-топқа
сұрақ:
1. Нұрсұлтан мектепте сабақты
қалай оқыды? (үздік оқушы болған)
2. Ол көбіне уақытын қалай
өткізетін еді? (кітап оқумен)
3. Жазғы демалысын қайда
өткізді? (Іле Алатауының баурайында әкесіне
көмектесті)
4. Кез келген қазақтың білуі
шарт, ол не? (жеті атасы)
5. Нұрсұлтан Назарбаевтың
қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих
толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі»,
«Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)
Мұғалім: Слайдшоу. Оқушыларға
мағлұмат беру.
Қорытынды:
Ақ орда тігіп,Астана қылған
қаласын,
Тарихын танып,ардақтап жатқан
баласын.
Барша әлем білген бөрі жүректі
баласың,
Қиналмай өтер алдынан шықса
дара сын.
Бастауың мәңгі желбірей берсін
көгімде,
Айбарлы менің
алашым!
Олай болса, оқушылар,шеңбер
жасап
тілегімізді
айтайық.
Бәрі:
Шеңбер болып тұрайық жылы
жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр
іздеген.
Шуақ толы
жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына
бізден. (Әр оқушы тілек айтады!)
Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер
данышпанына айналған білімді ,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар
Нұрсұлтан Назарбаев туралы білгендерімізді ортаға салдық. Президент
туралы азғана уақыт ішінде айтып тауысу мүмкін емес.Президент біз
үшін үлкен тұлға.Біз Елбасымен мақтана аламыз.Мақтай да
аламыз.Еліміздің тә-уелсіздігі мәңгі болып,қазақ елі ертегідей күн
кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан
егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын
деп танымдық сағатымызды аяқтаймыз