Материалдар / Тәрбие сағаты "Жарасып тұр салтымыз"

Тәрбие сағаты "Жарасып тұр салтымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ата-анаңнын құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсатын, ырзапығын ал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Жарасып тұр салтымыз. Мақал-мәтелдер


Мақсаты :

Білімділік :

1.Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Грамматикалық сауаттылығын арттыру.
3. Фразеология оның түрлерімен таныстыру, оларды қолдана білуге дағдыландыру

Дамытушылық:
1. Ойын түрлері арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту.
2. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру.
3. Танымдық тапсырмалар арқылы ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:
1. Тілімізді құрметтеуге, ата-ананы құрмет тұтуға, Елжандылыққа, шапшаңдылыққа, әдептілікке баулу.
2. Ойын нақты, көркем, әсерлі етіп жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, түсіндірмелі- иллюстративті, деңгейлеп оқыту, пікірталас

Технология: деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдісі (әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс); көрнекілік әдісі (демонстрация, иллюстрация, бақылау), практикалық әдісі (сұрақ- жауап әдісі)

Сабақтағы оқушылардың іс- әрекеті: жеке, топпен, жұппен, іздену, кесте толтыру

Сабақтың құрал- жабдықтары, көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, қосымша әдебиеттер, техникалық құралдар

Пәнаралық байланыс:____әдебиет____

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс

5. Бекіту, Сабақты қорытындылау

6. Үй тапсырмасын беру

7. Бағалау

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Сөйлесім.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

3.Сөйлесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

1.8 сыныпта өткен тақырыптарды сұрақ –жауап арқылы қайталау.

Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар? Неліктен дыбыстар саны аз?

Қазақ тілі білімінің салаларын ата т.б.

2.«Орнын тап» (слайд)

ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сабағымыз отбасы тақырыбына байланысты. Сендердің адал өмір сүрулерің, еңбексүйгіштіктеріңң, оқу мен еңбектегі табыстарың — ата-анаң үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт, сондықтан да оларды әрқашан қуантуға тырысыідар. Өз үйіңнің бағын жандыра біліңдер.

Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ата-анаңнын құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсатын, ырзапығын ал.

Shape1

2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін жалпы сұрақтар қою:

«Ой қозғау».Өз ойыңды ортаға сал.

  1. Салт туралы не айта аламыз?

2.«Ата-аналарды ардақтау, жан-жақты камқорлық жасау — парызымыз», деп неліктен айтамыз?

3. «Отан-отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесіңдер?


3.Сөздік жұмысы. Оқылым. Айтылым. Жазылым

1.Сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөз таптарын ажырату.

ұнату - одобрять, отнестись благосклонно

қолпаштау - превозносить, восхваление

шідерлеу - усмирить

қалау - по желанию

мамандық - специальность

шектемеу - не ограничивать

шабыт - вдохновение

дөңбекшу - беспокойно кувыркаться

жақсы қасиеттер - достоинство

табандылық - упорство


2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: (мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды,: оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды: тізбекпен оқиды:)

3. Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау:

4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу

4.Мәтін бойынша жұмыс.

1.Мәтінді түсініп оқу. (ҮЛЕСТІРМЕЛІ ҚАҒАЗДА)

  1. Отбасы тәрбиесі

Мен мектепте жүргенде сурет салуды ұнататын едім. Бүл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап отырды. Бірақ қайтсең де, суретші боласың деп үзілді-кесілді «шідерлеп» тастаған жоқ. Немен айналыссам да, қолымнан қаққан емес. Өз пікірін, білгенін айтатын, бірақ оны зорлап біздің миымызға қүймайтын. Сондықтан ба, отбасымыздағы бес баланың бәрі де өздері қалаған мамандықтарын алды. Ңажет деген кезде, қанша керек болса, суретті сонша сала- тын едім, уақыттан да ешкім шектемейтін. Кейде кешкі сағат он болғанда: «Қазір сен қалайда жатып үйықта, уақыт болды, күн төртібін бүзба!» - деп апарып төсекке де жатқыза қоймайтын. «Жа- райды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - дейтін.

Қазіргі отбасылардың көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді. Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен төрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!» Немесе жүмысына асығып кетіп бара жатып: «Оқы, кішкене ойна... былай тұршы, аяқтың астына оралмай! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай, дәл асығып түрған кезде сұрайды екенсің!» - десіп жатады. Көп нөрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғүмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жүтуы ке- рек. Бүл жерде бәрібір - ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын үрлеп жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ бол- май өсуге талпындыру керек.


Отбасы- мемлекеттің іргетасы. Отбас-қоғамның бастапқы бөлшегі. Отбасының қызметі көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының негізгі қызметі баланы қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау.

2.С ұрақтарға жауап беріңдер.

3.Негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жазыңдар.

4. Тірек сызба сызыңдар.

5.Кестені толтырыңдар



5.Электронды оқулықпен жұмыс

Қазақ тілі ІІІ Орта деңгей. 1 БӨЛІМ, 1 –ҚАДАМ. ЖАРАСЫМДЫ ОТБАСЫ.

6. Грамматикалық тақырып.

Фразеология, оның түрлері. (Презентация)

Фразеология деген термин, біріншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада, екіншіден- тұрақты сөз тіркестері туралы ілім деген мағынада қолданылады.

Тұрақты тіркеске тән ерекшеліктер:

    1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындагы сөздердің орны еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына қарағанда тұрақты, орнықты болады. Еркін тіркестерде сөздер ыңғайына қарай әр түрлі сөздермен тіркесе береді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздің орнына сҗйкес келетін басһа бір сөзді қолданып айтуға болады. Мысалы, дэмді ас деген еркін тір- кестіһ қңрамындағы соһғы созді тамақ дегенмен ауыстырып, дэмді тамақ деп айтуға болады. Ал ас иесімен тәтті немесе ас - адамның арқауы тәрізді қалыптасып орныққан тңрақты сөз тіркестерінің құрамындағы ас деген сөздің орнына оның синонимі болса да, тамақ деген сөзді қолданып, тамац иесімен тәтті немесе тамақ адамның арқауы деп айтуға болмайды.



Shape2 7. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

III деңгей

Туысты сыйлау. Агзамова З. 55-бет

          1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар.

          2. Сөздерді аударыңдар, сөз таптарын ажыратыңдар.

кішіпейілділік, ізетгілік, инабаттылыққа, қос қолдап сәлем беруді, алдынан кесіп өтпеу, адамдықгын белгісі, қағида

II деңгей

1. Мәтінде кездесетін адамның жақсы қасиеттерін айтыңдар.

I деңгей


«Менің туыстарым арасындағы сыйластық» тақырыбына эссе жаз.


V. Жаңа білімді бекіту: Оқылым. Сөйлесім.

1.Сұхбаттасайық. Жауапты толықтырыңыз.

1)     ─ Отбасыңызда қанша адам бар?

        ─ 4 адам бар.

2)     ─ Сіз үйде нешінші баласыз?

        ─  Тұңғышымын.                                 тұңғыш – первенец

3)     ─ Қарындасыңыз бар ма?

        ─ Иә, бар

4)     ─ Ініңіз бар ма?

        ─ Жоқ.

5)     ─ Отбасы туралы айтқанда ең бірінші кімді ойлайсыз?

        ─ Анамды ойлаймын.

6)     ─ Сіздің әкеңіздің жасы нешеде?

        ─ 50-де.

Үлгі:  ─ Сіздің әкеңіздің жасы нешеде?

          ─ Менің әкемнің жасы 52-де.

2. Жұмбақтарды шешіңдер.


2.Кестені толтырыңдар.


Мамандықтар

ата

мұғалім

әже

дәрігер


3-тапсырма. «Бес жолды өлең»

1. Әке

2. аяулы, тәрбиелі

3. Сыйлаймын, мақтан етемін, құрметтеймін

4.Отбасында әкемнің орны ерекше.

5. Асқар тау


Ән тыңдау «Әкешім, анашым»


5.«Түртіп ал»

білемін

білдім

Білгім келеді


VІ. Үйге тапсырма11-тапсырма,56-бет

VІІ.Бағалау

VІІІ. Қосымша әдебиеттер: Қазақтың салт-дәстүрлері. Электрондық оқулық орта деңгей. Қазақ тілі . Агзамов З. 9-сынып





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ