Материалдар / Тәрбие сағаты "Жауынгер Данң ерлік" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Жауынгер Данң ерлік" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
949
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: «Жауынгер Даңк Ерлік»

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңісті мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Тәрбие сағатының барысы:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы жеңіске 70 жыл толуына байланысты өтілмек.Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

Осыған орай сендер бірнеше сұрағыма өз жауаптарыңды беріп көріңдер.

1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

2.Қай жылы аяқталды?

3. 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?

Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды,оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін,70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Осы соғысқа Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар ошарсыз кетти. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де,ешқашан да ұмытпақ емес.Соғыс өрті қашан да ел есінде. Ендеше, соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен,қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске алайық

1 - жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Иманғали: Батыс бардық, Балқан бастық бөктерлеп,

Карпет астық,Альпі аттандық көкке өрлеп.

Еуропаның аспанында тұрдық біз

Кеудемізде қасиетті кек кернеп.

Біз Отанның солдатымыз,тыңда Жер!

Жерді зират етем десе жау егер.

Адамзаттың аманатын арт бізге

Бізбіз адал дүниеге мұрагер.


Айдос: Өршеленіп соқты боран,

Орман шулап тартты қобыз

Қарды қуып құйындатқан

Келе жатыр жиырма сегіз

Жиырма сегіз жау тобырын

Алға адым жер бастырмады,

Сақтамаққа ел өмірін

Қорғап жатты Москваны.


Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!


Қыз:

О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)


1- жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.


^2 - жүргізуші: 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.

Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Тоғжан: Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


1 - жүргізуші:Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.

«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.

Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.

Жібек: Жанымдай сүйем халықты,

Ерлері мәңгі даңқты

Өнеге тұтып өсемін.

Әлия,Мәншүк,Мәлікті.


Ән: «Ел қорғауға әзірміз» (хор)

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.

Дильназ: Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.


2 - жүргізушіТалғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады.

1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1 - жүргізуші Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.

«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60 жыл»


2 - жүргізушіҚабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.


1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.


2 - жүргізушіӘрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.


Диана: Арылтып жерден жауымды

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Десеңдер бұл қай күн?

9 май күн!

Кептерлер қалқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып,көк байлап

Мәре-сәре,мәз-мейрам

Отанымыз той- тойлап

Десеңдер бұл қай күн?

9 май күн!

1 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 65 жылдығын атап өтеміз.

2 - жүргізуші 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Мұхтар: Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.


Ән. «Жеңіс туы желбіреп» ( хор.)

Еламан: Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.


Карина: Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

Ғабит: Орыс , қазақ , қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

Әйгерім: Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.

Оқушылармен жұмыс:

«Жеңіс» сөзін қалай түсінеміз?

ЖЕҢІС

бақыт

қуаныш бейбітшілік Отанды қорғау 1945жыл 9 мамыр

3 тапсырма: Мақал –мәтелдер айту

1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

^ 2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

Дариға: Ұлы соғыс-төрт жыл адам төзгені

Дерт пен ыза тірі дене сезгені,

Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз

Екі аяқты елдестен өзгені.

Ет қызуы енді бір сәт басылған,

Бақсаң егер,ажалына бас ұрған.

Ел зұлматы жер астында өртеніп,

Күн көзімен, күн сүйегін жасырған.

Жеңіс! Жеңіс!

Бір сыбаға баршылық

Қуаныңдар,қалды жуық қарлы алып.

Осылайша отты салют берген ді

Біздің елден жаңа тарих жыр салып.


1 - жүргізуші: Сүйінші елім,сүйінші,

Арылтып жаудан жерімді.

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өлімді.

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күн?

9 Май күн.


Мемлекеттік әнұран орындалады. Барлық оқушылар орындарынан тұрады. Бәрі хормен: Бебіт өмірдегі адал еңбігіміз Отанға!!!

Сапалы білім

Саналы тәртіп.

СОҢЫ!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!