Материалдар / Тәрбие сағаты. Жомарт күз. мектепалды даярлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. Жомарт күз. мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға жылдың мезгілдері , күздің кереметі, байлығы туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2019
1288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жомарт күз

Мақсаты:

1.Балалардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.

2.Ой–өрістерін, жан –жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту.

3. Еңбекке баулып, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: балалардың күз туралы салған суреттері, электрондық тақтада күз  көріністері, күзгі жапырақтар, жемістер мен көкөністердің суреттері, муляждары.

(Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Балалардың қолдарында жапырақтар.)

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,балалар!

Күз де келді, алтын дәнін сапырып

Күз де келді, той –думанды шақырып

Күздің күні алтын нұрын шашады

Жердің жүзін шұғалыға батырып - деп өлең жолдарында айтылғандай берекелі күз де келіп жетті.

- Қолымызға не ұстап келдік?

- Жапырақтар.

- Осы жапырақтардың түсі қандай?

- Сары,қызыл,

(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)

- Балалар, тыңдаңдаршы бұл не шу?


(Осы кезде әдемі әуенмен Күзханшайымы келеді)


Күзханшайымы: Сәлеметсіздерме, балалар, ата –аналар!

Амансын ба, алтын күн,

Амансын ба,жер ана!

Амансың ба,достарым

Байлағымды арқалап,

Сары алтынға малынып,

Жеттім мен де сендерге!

Мен – Күзханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Күзханшайымы! Төрлет!

Күзханшайымы:

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Күзханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің сендерге сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Күзханшайымы, біздің балалардың да қолдарында жапырақтары бар, кәзір олар сізге және осы залда отырған қонақтарға «Жапырақтар» биін билейді.

«Жапырақтар» биі

Күзханшайымы: Тамаша! Балалар маған сендердің билерін өте ұнады.

Тәрбиеші: Біздің би билеумен қатар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар да шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.Ал,біз келесі кезекті әнге береміз.

Ән:» Теміртау туралы»

Педагог: Ал енді, Күзханшайымның бірінші тапсырмасын тыңдайық.

1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? ( Ерте күз, алтын күз, қара күз)

2-сұрақ: Күз айларын атайық (қыркүйек, қазан, қараша )

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.

1-бала: (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.


2-бала: (Қазан)

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажапай

Осынау заманды

Орнатқан қазан -ай.


3-бала: (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.


Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Педагог: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар. Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жиі-жиі жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жеміс-көкөністер, егін піседі, жапырақтар сарғайып жерге сары кілем болып төселеді).

Педагог: Күзде күн күркіреп, аспанды қара бұлт басып, далада жиі –жиі жаңбыр жауады. Егер де аспандағы бұлттарға мұқият қарасақ, олардың белгілі бір заттарға ұқсайтының көреміз.

Қазір «Неге ұқсайды?» ойының ойнаймыз.( бұлттардың суретін көрсетіп неге ұқсайтының сұрау). (бұлттың суреттерін көрсету)

Аспанда қара бұлт болса, жаңбыр жауады, біз қазір «Жаңбыр» ойының ойнаймыз. ( менің қолымда күн және бұлт , күн шығып тұрса, орнымыздан тұрып, қуанамыз.

Ал бұлт шықса қолшатырдың астына барып тығыламыз. Кім үлгермей қалса, оның үсті су болады.

Педагог: Бүгін бізге өз өнерлерін көрсету үшін «Мирас» вокал тобының әншілері келіп отыр. Олардың орындауында ән «Жау –жау жаңбыр». Қарсы алайық!

ән «Жау –жау жаңбыр».

Педагог: Жаңбырдан соң жерде көп су жиналып қалыпты, суды бәтеңкемен басуға болмайды, оны тек қана аттап өту керек.

Ал сендер балалар суды аттап өте аласыңдар ма? Казір «Суды баспа» ойының ойнаймыз. Ол үшін екі командаға бөлініп, суды аттап өтіп үйренеміз.

Тәрбиеші: Күзханшайымы! Енді екінші тапсырмаға кезек келді.

Күзханшайымы: Балалар! күзде пісіп өнетін қандай көкөністерді білесіңдер? Олардың адамға беретін пайдасы бар ма?

Тәрбиеші: Әрине. Біз казір ортаға жемістер мен көкөністерді шақырамыз. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: сәбіз, пияз, қияр, картоп, бұршақ, асқабақ, қызылша, қызанақ, орамжапыраққа қарайық, олардың тигізетін пайдасы жөнінде тыңдайық. Балалар (хормен):

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?


(Бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен

Сый жасаймын бәріңе!

(Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ та болмайды

Винегрет те үстелде.

(Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

(Қияр)

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

(Шалқан)

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.

(Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

(Асқабақ)

Өсем бақша-бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болмай қауымға.

(Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?

(Пияз)

Боламын мен дәмдеуші

Барлық - барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.


(Картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.


Педагог: Балалар, дауласудың орны жоқ

Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.


Тәрбиеші: Күзханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күзханшайымы:Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: Келесі кезекті әнге берейік «Ұзын құлақ сұр қоян»

Күзханшайымы: Керемет! Балалар енді үшінші тапсырманы тыңдаңдар, жұмбақ шешіп көрейік.

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Бұл не? (Сәбіз)

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.

Бұл не? (Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Бұл не?(Пияз)



Күзханшайымы:Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік.

«Ұйқасын тап» ойынын ойнайық. (ата –аналармен)

Ойын: «Ұйқасын тап» (ата –аналармен)

  1. Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты-(шабдалы)

  2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені)

  3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты....(таңқұрай)

Педагог: Күз мереке, мол байлық,

Жемістерді жинайық

Олардың бар пайдасы

Жемістерді қарсы алайық.

( Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)

(Алмұрт)

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

(Алма)

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

(Анар)

Бұтақтан үзілген

жарылса анармын

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын.

(Жүзім)

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

(Өрік)

Өрікпін, мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

(Шие)

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын мен де бар,

Төмен бас иемін.

Педагог: Өте тамаша балалар! Жемістер туралы тақпақ білесіңдер, ал олардың дәмін татып,ажырата аласыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс -көкөніс?» деп аталады. (көздерін орамалмен байлап, жеміс жеп, қай жеміс екенің айтамыз)

(бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)

Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Көкөністерді жинауға

Шақырады біздерді. Ойын «Картоп жинаймыз» деп аталады. Ойын шарты бойынша жабық көзімізбен, тек қана қолымызбен сипалап, картопты танып, шелекке жинаймыз.. (ортада картоп пен шишкалар шашылып жатады, соның ішінен тек қана картопты жинау қажет)

Күзханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Ата –анамызға көмекші бола бола алады екенбіз. Ал енді картоп жинап, шаршадық қой, кішкене демалып, көңілімді көтерейік.

Педагог: Келесі ойын –би «Кім жылдам және епті» (ортаға жапырақтардан шеңбер жасаймыз.Әрбір жапырақтың жанына бір бала тұрады, музыка ойнағанда шеңбер бойында би билеп, айналып жүреміз, музыка тоқтап қалғанда әркім өзінің жапырағын тез жерден көтеріп ала қою керек) Кім жапырақсыз қалса, ол ойынан шығады). Кім ойынның сонына дейін жетсе, сол жеңімпаз болады.

Күзханшайымы: Өте ақылды, өнерлі тамаша,балалар екенсіңдер. Менің сендерге әкелген кішкентай сыйлығым бар (балаларға алма таратады)

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!