Материалдар / Тәрбие сағаты: «Мейірімділік жүректе »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Мейірімділік жүректе »

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2020
4604
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК





«Бекітемін»___________

Колледжс әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Шиянова А.З.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАР




Тақырыбы: «Мейірімділік - жүректе»

Өтетін орыны: №3 «ЖОББМК» КММ

Сынып: 2 «Б»

Мерзімі: 13.04.2020

Тобы: 201

Машықкер:БекейқызымБұлан Баға: «___»__________________

Баға: «___»__________________

Семей 2020 жыл


Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділігі: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Дамытушылық: өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; Тәрбиелігі: мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Түрі, формасы: ұжымдық, топтық.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие түрі /бағыты/: Адамгершілік тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі

Көрнекілік: суреттер

Техникалық құралдар: Интеректативті тақта, бейне ролик

Жабдықталуы: ақ беттер,кесе, стикерлер.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

2.«Болады-болмайды» ойыны 3минут

3. Техникалық қауіпсіздік ережесі 5 минут

4.«Сыпайылық»бекеті 3 минут

5.«Амандасу»ойыны. 2 минут

6.«Даналық,ақылдылық»бекеті 5 минут

7. Видеоролик 3 минут

8. «Мәдениет» бекеті 4 минут

9. Тыныштық сәті 3 минут

10. Мәтінмен жұмыс 3 минут

11.Ауқаттаныпьалайық. 2 минут

12. Рефлекция 3 минут

13. Қорытынды 2 минут



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:


I.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

«Болады-болмайды»(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)

-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға (болады), Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады), Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды), Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады), Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады), Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды), Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды), Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды), Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).


Пойыздың дауысы Құрметті жолаушылар, Астана уақыты сағат 13.45 – те бастауыш мектебінен «Мейірімділік» бекетінен пойыз жүргелі тұр. Жолаушыларды өз орындарына жайғасуын сұраймыз!

Оқушылар орындарына отырады.

Дайынсыңдар ма? Жолда бізді ерекше аялдамалар күтіп. Олай болса кеттік!


Пойыздың дауысы

Пойыз «Сыпайылық» бекетіне келіп жетті.


Қалай ойлайсыңдар, балалар бұл бекеттің ерекшелігі неде? Тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар? Сыпайылық деген сөзді қалай түсінесіңдер? Сыпайы адам не істеп жүреді?


-Осы бекеттің тұрғындарымен амандасайық.

«Амандасу» ойыны.

1- вагонның балалары (1қатар): «Сәлем» - деп, бір қолын бүлғайды. 2- вагондағылар (2қатар): «Привет»- деп, екі қолын жоғары көтеріп амандасады.

3-вагондағылар (3қатар): «Hello»- деп, ауа арқылы жүрек жібереді.

Дайындалып алайық. Алдымен1- вагондағылар, сосын 2- вагондағылар, соңғы 3-вагондағылар . Сосын бірге.


Сонымен ұқтыңдарма мейірімділікке жетелейтін ең бірінші - ол сыпайы сөздер, бір ғана сөзбен ренжіп тұрған адамды жұбатуға, жылап тұрған адамды жымитуға болады екен.


Тағы қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

Жақсы «Сыпайылық» бекетінің тұрғындарына сау болыңдар- деп, ары қарай жол жүрейік.


Пойыздың дауысы

«Даналық, ақылдылық бекеті» - де келіп жеттік.

Балалар, бұл бекеттің тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар? Олар бізге мейірімділік туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер дайындап қойыпты. Соларды оқып, мағынасын ашып көрейік.


Ақыл айтар мезгілде, Мың жасаған шалдай бол. Мейірім түсер мезгілде, Ағарып атқан таңдай бол. Б. Момышұлы


«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».

Жүсіп Баласағұни.


Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Ғабиден Мұстафин.


Үлкенді ізетте,

Кішіні құрметте.

Бауыржан Момышұлы.


Мейірімділіктің жолы- жарық күн.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы.


Видеоролик

https://youtu.be/BKdg9ONWwRs

Не ұқтыңдар?

Видеоролик не туралы болды?

Ағайындылардың істеген ісі дұрыс па?

Сен ағасының орнында болсаң не істер едің?


«Мәдениет» бекеті

- Тапсырма: Суреттермен жұмыс, мәселелі жағдаяттарды шешу, берілген жағдаяттарды ойнап көрініс көрсету.


Бір бала алма жеп тұр, екінші бала оған қарап тұр Дәмді ме? Менде алма болса саған беруші едім. Сенде алма жоқ болғаны қандай өкінішті.


Қыс. Суық. Бір қыз бала қолғабын жоғалтып алды. Оның қолдары тонды. Не істейсіңдер?

1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар


Бұл бекеттен не ұқтыңдар? -Құрметті жолаушылар, шаршадыңыздар ма? -Демалып алайық.





Тыныштық сәті

Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық. Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

(Ақырын музыка ойнап тұрады).

Ары қарай жолымызды жалғастырайық.


Мәтінмен жұмыс

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- мен- деді тұңғышы.

- Мен барайын! - деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.

- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

- Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.


Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.


Сұрақ қою

- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

- Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?


Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді


- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында


-Ауқаттанып алайық.

- Құрметті жолаушылар, сіздерге ерекше тағамның рецебін ұсынғым келіп тұр.

- бүгін үйге барып мамаларыңа дайындап беруін сұраңдар:


Қамыр илеу үшін бізге:

200 г жымиып күлімсіреу

300 г күлкі

1 кг денсаулық

1 кг табыс

2 стакан сыпайылық

1 уыс жақсы сөздер

Және мейірімділіктен бір щөкім


Балалар, біз өзіміздің бекетімізге де таяп қалдық.


Рефлекция «Сұраныс бойынша аялдама»

Жолымызда кедергі:

Қараңдаршы, мына екі жүрекке.

Не айта аласыңдар? Бір жүрек, ауырып тұр. Оны қалай емдеуге болады?

Қандай қасиеттер адамның жүрегін емдейді. Алдарыңа берілген стикерлерге, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жылы-жыл сөздер жазып жүрекке жабыстырыңдар, жүректегі тікендер сонда кетеді екен.Сол арқылы бүгінгі сабақты да бағалаңдар.

Қараңдаршы, қандай мейірбан жүрек шықты, бұл жүрек сендердің кішкентай мейірбан жүректеріңнің бір бөліндісінен құралды.


Қорытынды

Пойыздың дауысы

Олай болса, құрметті жолаушылар, біз өзіміздің мейірімділік бекетіне де келіп жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма? Қандай қызықтар болды? Өздеріңе не алдыңдар?Не ұнады?

Сабағымыздың басында ,біз не істеуге болады,не істеуге болмайды деп едік? Кімнің есінде бар?Еске түсірейік. Бұнымен сендердің мейірімділік еліне саяхаттарың аяқталмайды, ол ары қарай бүкіл өмірлерің бойы жалғаса береді деген ойдамын. Рахмет!



















Ақыл айтар мезгілде, Мың жасаған шалдай бол. Мейірім түсер мезгілде, Ағарып атқан таңдай бол. ттттттттттттттттБ. Момышұлы


«Адал жанды өнеге тұт өзіңе». ььььььььььььЖүсіп Баласағұни.



Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ььььььь Ғабиден Мұстафин.

Үлкенді ізетте,

Кішіні құрметте. ььььььььБауыржан Момышұлы



Мейірімділіктің жолы- жарық күн. ььМайлықожа Сұлтанқожаұлы.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!