Материалдар / Тәрбие сағаты, "Мен және қоршаған орта" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты, "Мен және қоршаған орта" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологияны қорғау жайында 4 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты. Негізгі мақсаты - оқушыларға экологияны қорғауға, оны қадірлеуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
1730
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Мен және қоршаған орта» 
Мақсаты:

1.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.

2.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .

Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», мультимедия кешені, видеотаспа және т.б

Өткізу әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау, ой шақыру, топтық жұмыс т.б.


Тәрбие сағатының жоспары:

1. Ұйымдастыру 3-4 мин

2. Негізгі кезең 21 мин

3. Қорытындылау 5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

- Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні Табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат-Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Мен және қоршаған орта» деп аталады. 
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 

Топқа бөлу.

Оқушылар отырған орындары бойынша топтарға бөлінеді. Топ атауын табу үшін алдында жатқан пазлдарды жинайды.

«Жер» тобы
«Су» тобы

«Ауа» тобы

«Табиғат» тобы

«Ағаштар» тобы


2.Негізгі кезең.

Қызығушылықты ояту.

«Қоршаған орта» дегенде ойымызға не келеді? (оқушылар алдарында жатқан қажетті сөздердің тапсырмаға сайын алып, тақтаға іледі).



Экологиялық экспресс ұйымдастыру. Оқушыларға осы бөлінген топтар бойынша түрлі жерге саяхат жасай отырып, түрлі тапсырмаларды да орындайтынымыз жайында айта өту.


1-аялдама: «Киностудио» аялдамасы.

«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру. 2-3 мин. «Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды?» - деген сұрақтарға жауап береді.

2-аялдама: «Көмек» аялдамасы. 

«Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзінді көрсетіледі. (көрсетілген бейнефильмдерден оқушылардың пікірлерін сұрау).

«Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?

«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз.

3-аялдама: «Өнер» аялдамасы.

Әр топ оқушылары топ атауына сәйкес мақал-мәтелдерді аяқтайды.


"Жер" тобы:

1.Жер тағдыры- ... ... (ел тағдыры) 
2.Барша байлықтың анасы- ... (Жер) 
3. Гүл жердің көркі,.. .. ..(қыз жердің көркі) 
4. Туған жердей жер болмас,.. .. ...(туған елдей ел болмас) 
5. Су бар жерде... ... ( ну бар) 

"Су" тобы:

1.Бір тал кессең, ... ... ...(он тал ек) 
2.Көлдің көркі құрақ,.. ... ...(таудың көркі бұлақ) 
3.Атаңнан мал қалғанша .. ..( тал қалсын) 
4. Сөз сағасы-құлақ,... ... ...(су сағасы бұлақ) 
5. Жер қазына, ... ....(су гауһар) 

"Ауа" тобы:

1.Дала көркі мал,.. ... ...( қала көркі тал) 
2.Жер тойынбай-- ... ....(ел тойынбайды) 
3.Жаңбыр жауса жер ырысы,... ... (батыр туса ел ырысы) 
4.Ағаш жапырағымен,... ... (жер топырағымен) 
5.Су бар жерде ырыс бар,.. 
(ұстап алып балық жейсің. ақ бидай егіп нанын жейсің) 

«Табиғат» тобы:

1. Табиғат тазалығы- ... ....(адамзат амандығы) 
2. Жер байлықтың анасы болса,... ... (әкесі еңбек) 
3. Жер қазына, ... ... (су алтын) 
4. Жер байлығы, ... ... (ел байлығы) 
5.Таулы жер бұлақсыз болмас,... ... (сулы жер құрақсыз болмас) 


«Ағаштар» тобы:
1.Орман тоғай-жер сыны,... ...(Көкорай шалғын көл сыны) 
2.Мал баққандікі,... ...(жер жыртқандікі) 
3.Су-табиғаттың... ...(айнасы) 
4.Ағаш көркі -жапырақ,... ...(адам көркі шүберек) 

5.Елі байдың , ...... (жері бай)

4-аялдама. «Үнемшіл» аялдамасы

Әр топ оқушыларына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.


Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз 2-10 жыл

Консерві банкалар 80 жыл

Полиэтилен 200 жыл

Пластмасса 500 жыл

Шыны 1000 жыл


Сынып оқушысы Ақботаның экологияның ластануы туралы қорғаған ғылыми жобасынан үзінді тыңдау.


Ендігі жұмыс кезеңі бойынша топ оқушылары қажетсіз заттардан күнделікті өмірге қажетті нәрсе жасау, оны қорғау.


3.Қорытынды.

«Қорықтар» туралы айтып өту.

Мультимедия кешені арқылы Қазақстан корықтары мен табиғи саябақтардың, мысалы Ақсу Жабағлы, Көкшетау, Іле Алатау, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл және т.б қорықтарды слайдтармен көрсету.

Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс. Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!