Шуағын
шашқан аялы алақан!
Сәлеметсіздер
ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл
Аналар, қадірлі ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған
қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің
алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек
нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің
асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық
қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей
құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты
болсын!
Ән:
Жүргізуші:
Ардақты
әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ
көңіл даналарым.
Гүл көктемнің
алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды
сіздерді балаларың,
Балжан:
Мерекеңіз құтты
болсын анажаным,
Өзіңменен атып
келеді әрбір таңым.
Өмірде сенен
асқан жан бар ма екен,
Алтын анам,
аяулы менің, ақ мамам.
Олжас:
Бал бөбегін
баптаған,
Анам үшін
мақтанам.
Аялайтын
біздерді,
Көп жасасын жақсы
адам.
Диляра:
Мына өмірде
бақыт жоқ қой мен білсем,
Анашымның
еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім
деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге
бақыт жоқ қой мен білсем.
Айсултан:
Анам менің –
өмірдегі тірегім,
Анам менің –
кеудемдегі жүрегім.
Егер менің
қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде
қалай ғана жүремін.
Жүргізуші:
Дүниенің жарық
күні – анамыз,
Дана болсақ
анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар
көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап
тағы бір ән саламыз.
Ән: Анажаным!
(Інкар, Аяру, Еркенұр,
Хиуаз)
Жүргізуші:
Бұл күнді
тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні
бүгін халықаралық
Жарыққа бізді
әкелген аналарды.
Бүгінгі
мерекемен құттықтайық.
Батырхан:
Сеніміңді
ақтайтын,
Еркелеткен
баламын.
Аман жүріп
әрқашан,
Еркежан:
Бізді
өсіріп баптаған,
Жақсы
болсаң шаттанған.
«Алтыным»
деп мақтаған,
Айналайын
ақ мамам. (шығып кетеді)
Қарақат:
Ана деген -
асқақ ән,
Орындайтын
әрқашан.
Анадай қымбат
сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.(шығып
кетеді)
Даниял:
Жамандықтан
сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан
қылып
Мәпелеген ақ
мамамды
Жүрсем деймін
шаттандырып.
Мәдина:
Айналайын
анашым,
Асқар таудай
панасың.
Күн көзіндей
күлімдеп,
Құшағыңа
аласың.
Жүргізуші:
Мың бұралып би
билеп,
Ән де салып
береміз.
Осылайша
шаттықпен,
Біздер өсіп
келеміз,
Жүргізуші:Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан
гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық,
көңілдеріңізден қуаныш
арылмасын!
Жүргізуші: Ана
барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,
өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ
сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын аяулы
АНАЛАР!
Замира:
Аяулы да алтын
нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге
боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың,
биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың.
.(шығып кетеді)
А.Аяжан:
Ана деген -
ақылшың,
Анаң барда
батырсың.
Қасыңда кім болса
да,
Тек анаңа
жақынсың!
Жүргізуші:
Әрқашан аналарымыз аман
болсын,
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз деп «Анама
сыйлық» сахналауын
тамашалаңыздар.
Қонжық:
Хантөре
Түлкі:Мадиана
Көжек:
Азамат
Көктем:
Айгерім
Гүлдер:
Еркежан,
Зере
Қоян:Айсулу
Көктем:
Ерте,
ерте, ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті. Көжек өз анасын
өте жақсы көреді екен. Бір күні көжек серуендейге
шығыпты.
Көжек:
Сәлеметсізбе Күн! Сәлеметсізбе көктемгі
табиғат! Мұнде
не мереке болып жатыр? (қонжық келеді)
Қонжық: Салем көжек!
Көжек: Сенің қолыңдағы не?
Қонжық: Менің қолымдағы бал! Балды анама сыйлыққа
берем.
Көжек: Бүгін сенің анаңның туылған күні
ме?
Қонжық: Сен білмейсің бе? 8-наурыз көктемнің алғашқы
мерекесі.
Көжек: Ол қандай мереке?
Қонжық: Халықаралық әйелдер күні! Сол үшін мына балды
анамы сыйлаймын.
Көжек: Ой білмеймін. Менің ешқандай сыйлығым
жоқ.
Қонжық: Тез ойлан! Бір дыбыс естіп тұрмын. Мен
кеттім.
Түлкі: Мұнда қандай аңның иісі шығып тұрған?. Менің
қарным ашып тұр.Ах қоян!
Қандай
тәп-тәттісін! Қазір мен сені жеймін.
Көжек: Енді мен істеймін? Маған кім
көмектеседі?
Көктем: Көжек қатты қорқады. Көжекке кім
көмектеседі?
(дауыс
естіледі)
Гүлдер: Мұнда кел! Мұнда кел! Мұнда кел! Сені біз
құтқарамыз.
Көжек: Сендер кімсіндер?
Гүлдер: Біз гүлдерміз!
Көжек: Мені түлкіден тығып
қойындаршы!
Түлкі: Көжек қайда кетті? Мұнда тек гүлдер бар. Мен
орманға барып, қоянды тауып, қарнымды тойдырайын. (түлкі
кетеді)
Көжек: Гүлдер сендерге көп -көп рахмет! Сендер сондай
әдемісіңдер! Менің үйіме жүріңдер. Анамды мерекесімен
құттықтайық.
Гүлдер: Жарайды. (Гүлдер мен көжек үйіне
келеді)
Көжек:
Анашым! Анашым! Анашым! Сыртқа шығыңызшы. (анасы сыртқа шығады)
8-наурыз меркеңіз құтты болсын анашым! (құшақтап бетінен
сүйеді)
Қоян: Мына өмірде бақыт жоқ қой мен
білсем,
Көжегімнің
құттықтаған сөзінен.
Көжегім,
күнім деп күліп жүрсем,
Бұдан өзге
бақыт жоқ қой мен білсем!
Жүргізуші:
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.
Ән: Мама!
Жүргізуші:
Ұйытқысы
жанұяның берекеміз,
Аналар құтты
болсын мерекеңіз.
Ана туралы
монолог: «Менің анашым» Хиуаз, Каусар, Еркенұр, Алия шығып
кетеді)
Алдияр:
Ана шырақ
ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар
періште сағынған.
Құдіретін
сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш
әріпке бағынған.
Фархат:
Аман болса ана
деген ардағым,
Күндей болып
нұрланады жан-жағым.
Қуанышпен бар
қайғысын өмірдің,
Ана ғана
көтереді салмағын.
Зере:
Ана-деген
жылағанда жұбатқан,
Ана-мөлдір
жаралғандай бұлақтан.
Қорған болып
аймаласа перзентің,
Тәңірінен
амандығын сұратқан.
Айгерім:
Ана-деген түн
ұйқысын төрт бөлген,
Ана ғана
өткізеді өткелден.
Жадыратса
жаздай етіп жаныңды,
Шуағы ыстық
аумайтұғын көктемнен.
Хантөре:
Анаң болса жүзіп өтер кемең
бар,
Анаң болса қартаймайсын деген
бар.
Тірі кезде қадірлесең
анаңды,
Шын өкініш жауламайды
санаңды.
Әмір:
Ұзақ өмір жасай берсін
аналар,
Аналарды қаділесін
балалар.
Шаңыраққа шаттық нұрын
сыйлаған,
Аман болсын ақ
жаулықты аналар.
Жүргізуші:
Аялайық
аналарды әрдайым,
Қуанышқа
бөлейікші өздерін.
Әжелердің,
аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын
күлім қаққан көздерің,
Ән: Асыл
әже, әз әже.
Ерасыл:
Менің
әжем, бұл әжем,
Ұл мен
қыздың бағы әжем.
Ертегі
айтып бер десең,
Айтып
берер тағы әжем.
Замира:
Әжем менің
асыл жан,
Жақсылыққа
үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Әжеме
ешкім жетпейді!
Аңсар:
Анам менің
сүйіктім
Тек өзіңе
табынам
Қасымда жүрсен
биікпін
Алыстасан
сағынам
Болсынбек:
Ақ
анашым,аппағым
Өзің жайлы
тақпағым
Өзің жайлы әнім
де
Арнадым саған бәрін
де!
Айару:
Ана десем,
алғыс алам халқымнан!
Ана десем,
теңіз болам шалқыған!
Ана десем,
ашылады қабағым,
Ана десем,
әділдікті ұғамын.
Азамат:
Жан көрмедім
мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе
жүзінен арай шашқан.
Баласына бар
қамқорлық жасайды ана,
Мен ананың
сонысына мақтанам.
Ақжол:
Анаң болса
қасыңда,
Басқа бақыт не
керек.
Аналардың
жүрегі,
Мейірімді ғой
керемет.
Ән: Әжелер
әні
Ата-анамен
ойын: Айтса айта берсін.
1.8-наурыз
мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз
келеді?
2.Жарыңыздың
осы мерекеге сыйлаған ең алғаш сыйлығы есіңізде
ме?
3.8-наурыз
мерекесі қайдан шықты?
4.8-наурыз
мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап өтіліп келе
жатыр?
5.8-наурыз
мерекеде өз анаңызға қандай сыйлық жасар
едіңіз?
Жүргізуші:
Аналарға ыстық
сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар,
аяулы әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын!Міне, құрметті абзал жанды
аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен
құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл
алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет!
(балалар өз
сыйлықтарын тарту етеді)