Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәртіп және біз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәртіп және біз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықбұзушылықтың алдын-алу, 9-10 сыныптарға арналған тәрбие сағаты Адам.Қоғам.Құқық пәінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
2652
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Сабақтың тақырыбы:   Тәртіп және біз!

 

Мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру. 

Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі

                           мәнін түсіндіру;

                         -жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

                        -жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке, шыншылдыққа,

                         қамқорлыққа тәрбиелеу.                                                            

Ұйымдастыру кезеңі.

І.Ауылдарға саяхат.(«Әдептілер»«Тәртіптілер»        «Мәдениеттілер»)

               ІІ.Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса  маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.

Мұғалім: -Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?

Аруна: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

 Мұғалім: — Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады. Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?

Ауылдарға саяхат

 Оқушы:    —   Құрметті оқушылар! Біздің атарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады. Тұру уақыты: 5 минут. Кешігіп қалушы болмаңыздар! Ал, балалар, «Әдептілер» ауылында біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз.

Диана: Әдептілік дегеніміз-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Толқынай: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Аяжан: Әдептілік дегеніміз- әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.

Арайлым: Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.

Актан: Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Бекзат:  Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені,сәлемдесу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Құрметті оқушылар! Біздің атарба «Тәртіптілер» ауылына келіп тоқтады. Мұғалім: Ия, тәртіптілер ауылының балалары қандай екен? Тәртіпті ме екен? Тәртіп туралы не айтады екен? Қане, тыңдайық. Әлібек: «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан атамыз бізді тәртіпті болуға шақырған.

  1) Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.

  2) Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.

  3) Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде».

 Хаттар сырына үңілейік

 Мұғалім: Балалар,  мына біздің поштп жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік. Хатта былай делінген: -Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды.  Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше… Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын. 

Оқушылар  өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді.

Қорытынды. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!