Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры тіл"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғыры тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Латын графикасына көшу туралы жазылған. Және де біздің болашағымыз туралы айқын айтылып кеткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰТҚАСЫ - ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ


Жаратылысынан жаны таза, намысқой, сөзге шебер, бір ауыз сөздің қадіріне жете білген ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы қандай болуы керек?! Өз елінің баға жетпес мұрасы, төлқұжаты, ұлттық мәдениетінің коды – ана тілін, яғни қазақ тілін жетік білетін, оның сан түрлі қыры мен сырына бойлай алатын тілдің жанашыры, жазу-сызуға сауатты, жетік тұлғасы атануы – үлкен борыш. Сөйлеу мен жазуды айқындап, ойды кемеліне келтіріп, ортақ жетістікке айналуының негізгі көрсеткіші – жазу. Мәдениет те, әдебиет те – жазу арқылы дамитын ғылымның басты тетігі.

Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Тарихқа көз жүгіртсек, біз 3 әліпбиді ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідегідей газет-журнал, компьютер, тың технология деген болған жоқ. Соған қарамастан, халық басына түскен барлық қиындықты еңсере білді. Тіпті, айшылық алыс жерлерге атпен барып, сауатын ашып жүргендер болды. Ал бүгінде шүкір делік, барлық қиындық артта қалды. Бейбіт заман орнады. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балаларымыз ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Себебі, бүгінде крииллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ.

Жалпы, әліпби ауыстыру – ана тілімізді басқа тілге (латын тіліне) алмастыру емес, тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуға икемді тіл ету, тіліміз халықаралық сипат алады. Туыстас түркі тілдерімен қарым-қатынасты нығайту, заманауи техника тілін меңгеру үшін латын әліпбиін таңдауымыздың түпкілікті себебі – осы.

Тіл табиғатын сақтап, даму заңдылығын бірізді етіп, тілдің табиғи заңдылығына негіздеп, фонетикалық жүйесін реттеп, орфография қалыпқа келтіріледі. Мектеп қабырғасындағы кейбір теориялық ережелерді заңдастыру, қалыптастыру қажеті артады.

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру кезінде ең алдымен, ұлттық тілдің табиғатын, тазалығын сақтау, қазақтың дыбыстық жүйесін сол қалпында таңбалап бере алатын графиканы енгізу, ұлттық жазу мен тілдік қорды сақтап қалу. Жаңа әліпби бүгінде саны екі жүз миллионнан асатын түркі тектестердің басын қосатын фактор. Қазақ тілінің халықаралық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, әлемдік ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді болады. Осының барлығы, елдігіміздің тұғырлы болуы мен ұлттық құндылықтарын сақтауға, рухани болмысының жандануы мен жаңғыруына тамаша жағдай туғызады.


Жумабаева Ж.Т.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі