Материалдар / Тәрбие сағаты Тәуелсіздік ұғымы біз үшин қандай мағына береді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік ұғымы біз үшин қандай мағына береді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Тәуелсіздік ұғымы біз үшин қандай мағына береді? Қазақстан Республикасында «Тәуелсіздік» сөзі қазіргі таңда үш түрлі мағынада қолданылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік ұғымы біз үшін қандай мағына береді?


Қазақстан Республикасында «Тәуелсіздік» сөзі қазіргі таңда үш түрлі мағынада қолданылады. Ең бірінші мағынасы 16 желтоқсан күні республикалық дәрежеде тойланатын ресми мерекеге жауап береді. Дәл осы күні қазақстандық азаматтар жұмысқа шықпай, бір-бірлерін егемендік күнімен құттықтап, концерттер мен арнайы іс-шараларды тамашалап, рухани әрі мәдени демалады. Аталмыш мереке орнаған кезде ғаламтордағы әралуан ақпараттық порталдарда, бірталай әлеуметтік желілерде, теледидар арналарында, көшелер мен саябақтарда патриотизмнің атмосферасы сезіліп тұрады. Дәл осы мереке аясында еліміздің гимні әдеттегіден әлдеқайда тебірентерлік әсер беріп, ғимараттар төбесіндегі көк ту қатты-қатты асқақтай желбіреп тұрғандай көрінеді. 16 желтоқсан күні ресми түрде Тәуелсіздік күні деп есептеледі, алайда аталмыш күн орнаған кезде біз Желтоқсон оқиғаларына да назар саламыз.

Негізі, аталмыш күн орнаған кезде биліктегі басшылар, мәдениет қайраткерлері, абыройлы ғалымдар мен профессорлар жазбалық, бейнелік, телевизиялық, порталдық, желілік сұхбаттар арқылы 1986 жылғы оқиғалар жайлы маңызды ақпараттарды таратып жатады. 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында орын алған Желтоқсан көтерілісі біз үшін өте маңызды күндер болып табылады. Қазақстан азаматтарының тікелей өмірлеріне және көзқарастарына әсер етіп, ұлттық әрі азаматтық сананы өзгерткен трагедияның ұмыт болмауы ағартушылық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар құрмет және тағзым мәселелері жағынан елеулі рөл ойнайды. Этатисттік саясатты ұстанып, қоғам өмірін қатаң бақылауда ұстаған Кеңес Одағының билігі кезінде демократиялық әрі ұлтжанды көзқарас таныту, әділдік пен құқық қорғалуын талап етіп бейбіт шеруге шығу таңғаларлық батылдық пен қайсарлықты қажап етеді. Ал егер же сол бір бейбіт шерудің артынан қан-төгіске толы трагедияға айналып кетуін ескерер болсақ, онда сол кезеңнің азаматтарына деген жанашырлығымыз одан бетер арта түседі. Желтоқсан оқиғасының салдарына қатынасушылар үшін тым ауыр қиындықтар алып келгені қазіргі таңда дәлелденген факт. Біз сол кездегі оқиғаларды жыл сайын халық арасында талқылау арқылы қатысушыларға деген құрметімізді көрсетіп, ерліктерін мойындап, ешқандай қателік жібермегендерін жеткізуге тырысамыз. Тәуелсіздік дәуірінде дүниеге келген жастар мен балаларды сол кездегі азаматтардай патриот әрі белсенді болуға дәріптейміз. Сол себепті Тәуелсіздік күні аясында біз мерекені ғана тойламай, сонымен қатар қазіргі жағдайға жеткенімізге тәуба дейміз.

Дәл осындай мереке біздің елде ғана емес, дүниежүзі елдерінің көбінде бар. Тәуелсіздік күнінің тойлануы мемлекеттік рухты көтеруге, патриоттық сезімді арттыруға, азаматтар арасындағы өзара тұтастық пен бірлестікті сездіруге, жеткен жетістіктер мен жіберген кемшіліктерді саралауға, ел ретінде дамудың өзге де жоларын іздестіруге бағытталған. Сол себепті де оның жоғарғы дәрежеде тойлануын мемлекеттік мекемелер қадағалайды. Театр, кинотеатр, кітапхана, мұражай, саясақ сынды мәдени орталарды ойын-сауықтар мен іс-шаралар ұйымдастырылады, жоғарғы оқу орындары мен орта мектептер концерттік бағдарлама өткізеді, виртуалды әлемде де бейнежазбалар жарыққа шығып, тікелей эфирлер болып жатады.

Ал енді «Тәуелсіздік» сөзінің екінші мағынасына келсек. Бұл, енді, еліміздің саяси жағдайына байланысты қолданылатын мән. Қазақстан Республикасы – өз алдына дербес, өзге елдерге бағынбайтын, территориясы мен өмір сүру салтын қорғай алатын егемен мемлекет. Иә, серіктес ретінде өзге мемлекеттермен және компаниялармен біздің үкімет келісімшартқа отыра алады және сол құжат негізінде өз мойнына қандай да бір міндеттер алады. Алайда бұндай процесстер тәуелдіксізке зиян келтірмейді. Егер де өзге мемлекет бізге соғыс жарияласа, қоғам өміріне араласуға тырысса, мемлекеттік рәміздер мен символдарға құрметсіздік танытса, тілді, дінді, салт-дәстүрлі жоққа шығарса, онда тәуелсіздікке нұсқан келтірді деп түсінуге болады.

Дегенмен де, еліміздің тәуелсіздігі азаматтар үшін жүз пайыз емін-еркіндік гаранты болып табылмайды. Азаматтар конституцияға, өзге де заңнамаларға, адамгершілік-моральдық принциптерге табынуға міндетті. «Мен тәуелсіз адаммын!» деп алып ауыр-жеңіл қылмысқа бару, қоғамдық ортада бұрыс қылық таныту, салық және коммуналдық төлемдерді төлемеу, деструктивті ағымдарды ұстану, араздатушылық пен жеккөрушілік тарату дұрыс болып есептелмейді. Аталмыш әрекеттер, керісінше, тәуелсіздіктің принциптерін жоққа шығарып, бейбіт өмірге кедергі келтіреді. Тәуелсіз мемлекеттік азаматы болу дегеніміз – өз өміріңді өзге адамдардың немесе ұжымдардың бұйыруымен емес, өз қалауың бойынша сүру, азамат ретінде сапалы білім алуға, емделуге, қоғам өмірін жақсартуға, амбиция қуалауға құқылы болу. Яғни адам үшін тәуелсіздік дегеніміз – заң мен мораль аясында мүмкіндіктер мен құқықтардың кең болуы.

«Тәуелсіздік» сөзінің ең соңғы мағынасы келер болсақ. Бұл сөзді қазіргі таңда адамдар тарихи кезеңді сипаттау үшін қолданады. Яғни 1991 жылдан кейінгі Қазақстан жайлы сөз қозғаған кезде осы сөз арқылы жаңа дәуірге анықтама беріледі. Көп жағдайда адамдар «Тәуелсіздіктен кейін» деген тіркесті қолданып жатады. Алайда бұл тіркес айтушылар ниеттенген ойға айтарлықтай қарама-қайшы. Бұл тіркесті қолданған кезде адамдар «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін» деген ойды меңзеп тұрады. Бірақ «Тәуелсіздіктен кейін» тіркесінің астарында «егемендік дәуірі өтіп кеткен» деген ой бар. Сол себепті де дәл осы тіркестің қолданылуы қате. Бірақ кезеңті сипаттау үшін басқаша формулировка арқылы пайдалануға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!