Тәрбие сағаты: «Туған қалам, Семейім!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Туған қалам, Семейім!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған қаламыз Семей жайлы мағлұмат беру, болашақта туған елімізді, тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


КММ «№49 жалпы орта білім беретін мектеп»







Тәрбие сағаты

«Туған қалам, Семейім!»

4 «Ә»сынып
















Өткізген:Абылова Г.К












Семей қаласы


Тәрбие сағаты: «Туған қалам, Семейім!»


Сабақтың мақсаты: туған қаламыз Семей жайлы мағлұмат беру, болашақта туған елімізді, тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: әдеби-көркем монтаж.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті оқушылар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне арналған «Туған қалам, Семейім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Сондықтан тәрбие сағатымызды еліміздің әнұранымен бастайық.

Әнұран.

Көрініс: Қобыздың үні. Ата орындыққа отырады. Осы кезде немересі шығады.

Немересі: «Ата, не ойлап отырсыз?».

Атасы: «Ә, балам, атан не ойламайды дейсін? Сенің болашағынды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!!!».

Немересі: «Ата, «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы ма?».

Немересі: «Ата біздің қала Семей қандай болған?».

Атасы: «Енедеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін». (Қарт ойланып алысқа қарап кетеді).

Слайд. Семей қаласының тарихы.

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр І шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жонғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, коқандықтар келе бастады. Азиялық көпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. 1858 жылы құрылған көлемде Семей обылысында 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғары ертісте су арқылы қатынастын ресми ашылуы болды. 1863 жылы қалада екі оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище. Екі шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептер болды. Семейде 5 жылдан артық орыстын ұлы жазушысы Федр Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды. Осында Ф.М. Достоевский, П.П. Семенов Тянь Шанский мен Ш. Уалиханов кездесті. Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов және С.Гросс сияқты азаматтар қазақтын ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевпен достық қарым қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті.


Сол кезде жана техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылы қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық группа құрылды олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайреткерлері Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұман Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды драммалық театр ұйымдастырылды. Семейде Абай және Достоевский мұражайлары мен драмалық театрлар бар.


Әрбір адамның сүйікті қаласы бар. Көбіне адамдар сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын өткізген жерді айтады. Өйткені әр адам өзінің балалық шағынан естеліктерді, тұрған мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды.  Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Ертіс өзені арқылы өтетін Семейдегі аспалы көпір қала мақтанышына айналған. Аспалы көпір 2000 жылдың 17 қазанында ашылды. Күн сайын көпір арқылы мыңдаған көлік қаланың екі жақ бөлігіне қатынайды.Сонымен қатар субұрқақтары ерекше .Кешкі уақытта ән әуенімен қосылып, әдемі түрлі –түсті болып жанады.


Оқушыларға тапсырма: «Аспалы көпір»мен «Субұрқақ» түрлі-түсті қағаздан бейнелеу.


Мұғалім: Балалар бүгін «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Туған қалам, Семейім» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Семейіміз гүлденіп, көркейе берсін. Сендерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Тәуелсіздік үшін мың өліп мың тірілген қазақ елі құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді асқақ бола берсін.



Тәрбие сағаты қаламыздың ең көрікті жерлері төңірегінде өрбіді.Оқушылар қалаға деген махаббатын әуенді субұрқағы мен аспалы көпірінің бейнесін түрлі-түсті қағаздармен жасай отырып, қаласының дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекені екенін мақтана айтып қорытындылады.

Әрқашан Семей менің жүрегімде, 
Семейім болар ылғи ел есінде. 
Семей менің ұмытылмас өңірім, 
Семей менің бала кезім, өмірім-деп тәрбие сағаты аяқталды.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2018
3229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі