Сабақтың ортасы
|
Қызығушылықты ояту. «Инфографика»
әдісі.
-оқушылар біз бүгінге дейін
көптеген ұлы тұлғалармен танысқан болатынбыз. Ұлы тұлғалардан
кімдерді білесіңдер?
Инфографиканы пайдалана
отырып, тақырыпты болжаңыз.
Видиоролик көрсету. Әл -Фараби өмірі мен
шығармашылығы.
Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан,
энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы
атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар
қаласында туып-өскен. Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар
қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу
Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне
байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі
Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының
маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге
келген.
Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен
мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф,
Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі
білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен
ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін
ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер
де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби
өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының
ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы,
түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше
тілдерді жетік меңгерген.
Ғылым, білім іздеп, жер жерді аралаған ойшыл
парсы, түрік, араб тілдерінен бөлек грек, қытай, латын, санскрит
және басқа тілдерді үйренеді. Сол заманда дамыған барлық ғылым
салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін
қосады. Осылайша, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра
қалдырды.
Топтық жұмыс:
Сахыналық қойылым:
Сағыныш сазы.
Шам шаһарында тұрғанда
Әбу-Насыр әл-Фараби бір жағынан патшаның бау-бақшасын
күтіп-баптаса,екіншіден, қолы бос кезінде өлең жазумен
шұғылданыпты. Бақшадағы хауыз жанында,кілемше үстінде құс жастыққа
шынтақтаған ол ой үстінде отырады.Мәуе ағаштарының бұтақтарына
қонғант бұлбұл құстар сайрап тұрады.Ол омырауына түскен салалы
сақалын сипап отырып,мына бір шумақтарды қағаз бетіне
түсіріпті: Кеткенім жоқ, елім,сенен
атақ,бақыт,тақ іздеп, Шықтым, жұртым,шалғай жаққа ғылым атты шам
іздеп. Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның, Ассам-дағы
сексен жастан сәбиіңмін балаңмын. Жүзім сынық,көңілсізкүйге түстім
мен бүгін, Саған деген серпе алмаймын,ынтызарлық түндігін.
Айналайын там-қыпшақ,туған жерім,сағындым, Өз атыңа, үрметіңе қайда
жүрсем табындым.
Бұл өлең жолдары әрі ғалым,әрі
шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне деген
«сағыныш
сазы» болса
керек
Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл
сөздері мен өлеңін тыңдату
Оқушы: Тіршілікте құрыштай бол
төзімді,
Сан мәртебе алдаса да
өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта
жазғырма
Тіпті кейде болса да әзәзіл
азғырған.
Өрге жүзген өнегелі
ісімен
Таңда да ал дос, өз теңіңнің
ішінен.
Жүргендер көп достық атын
малданып
Оқушы: Бауырын қанша
сүйгенмен,
Өтеді өмір
күйбеңмен.
Шындыққа бас тік
алулап,
Пенделіктен бол
аулақ.
Жататын ләйім
жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес
мәңгілік.
Бей-опа мына
заманда,
Бақыл боп кетер
адамда.
Жұрт кілең күнін көп
қызық,
Жіберер зая
өткізіп
Оқушы:
Қашықтасың туған жер - қалың
елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау
деген.
Шаршадым
мен.
Қанатым талды
менің,
Шаңқыт жолға сарылып
қарауменен.
Оқушы:Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз
жуынар.
О, жаратқан, көп неткен
ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез
суынар.
TЖ. Оқушылар «Екі қадамды кестемен» жұмыс
жасайды.
Автор бейнесі
|
Өлеңнен үзінді
|
Себебі
|
Ақын – өз елінің патриоты
|
Қашықтасың туған жер – қалың
елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау
деген.
Шаршадым мен.Қанатым талды
менің,
Шаңыт жолға сарылып
қарауменен.
|
Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен
өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға
қосады.
|
Автор бейнесі
|
Өлеңнен үзінді
|
Себебі
|
|
Ақын басқаларға сын көзбен
қарайды
|
Тіршілікте құрыштай бол
төзімді, Сан мәртебе алдаса да
өзіңді. Тағдырыңды еш уақытта
жазғырма Тіпті кейде болса да әзәзіл
азғырған. Өрге жүзген өнегелі
ісімен Таңда да ал дос, өз теңіңнің
ішінен. Жүргендер көп достық атын
малданып
|
Ақын кейбір ойы жаман, ісі надан көкірегі саяз
адамдардың ісіне күрсініп, өзіңе адал дос таба біл деп, өлең жолына
қосады.
|
Ата-ана өлең оқиды: «Отырардың күйреуі»
М.Шаханов
«Көне Отырар»қаласын макетін
кұру.
Әл-Фараби сөзіне 5 жолды
өлең жазады. Жазған өлеңдерін жұпта оқиды.
Әр топтан үздік шыққан өлеңдер сыныпта
оқылады
1.Әл-Фараби.
2. әйгілі ойшыл, матиматик.
3.Ғылым үйретті, ұстаздық етті, туған жерін
аңсады.
4. Соңынан мол рухани қазына
қалдырды.
5. Ұлы
тұлға
|