Тәрбие тал
бесіктен.
Балаға берілетін тәрбие
тал бесіктен басталады. Дана қазақ баланы сөзбен түзеп, көзбен
тәрбиелеген. Ата-ананың мейірімі мен қамқорлығына бөленіп өскен
баланың жаман адам болуы мүмкін емес. Тәрбиелі адам тағаланған
атпен тең дегенді дана халық тауып айтқан ғой. Адам бойына ізгілік
пен инабаттылық қасиеттерін тал бесіктен бастап ер жеткенге дейінгі
аралықта сіңіре білу басты мақсат. Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі
өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген екен.
Кез-келген елде ұрпақ тәрбиесі салт-дәстүр, ұлттық болмысқа қарай
тәрбие беруге тырысады.Ертеңгі ел болашағы да осы ұрпақ қолында
екенін жақсы түсінген.Ана сүтімен бойына дарыған тәрбие бастауы
есейе келе өз қазығын қағып, болашаққа нықтап қадам басуына жол
салады. Егемен елдің ұландарын заман ағымынан қалтырмай аға буынның
ізбасары етіп тәрбиелеуде ата-ана мен мектептің алар орны зор.
Мәселен, өнер мектептерінде оқушыларға берілетін тәрбие бір жүйеге
келтірілген азығы мол, бойына сіңірер өнегесі зор болуы керек. Осы
ретте ұстаздар қауымына артылатын жүкте салмақты. Әр баланы
мінезіне, икеміне қарай бағыттау, онымен тіл табысу асқан
шыдамдылықты талап етеді. Әр баламен оның өз тілінде сөйлесіп, алға
қойған мақсаттарын айқындауға, қоғамда өз орнын қалыптастыруға
берілген тәлім-тәрбиенің септігі тиіп жатса игі.Ізгілік ұстанымы
мен еңбегі еш кетпегендігінің бір дәлелі. Өнер де адамды өнегелі
іске тәрбиелеп, мәдениет пен тарих сырларынан сусындататыны анық.
Сонымен қатар оқушының рухани азық алуына да мүмкіндік береді.
Мәдени деңгейін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін аша түседі.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге
асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды,музыканы көп
тыңдау,жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру,әуенді талдау,әрбір
тонның дыбыстық әсерін есептей білу»арқылы музыкалық қабілетті
дамытуға болатынын айта келіп,тәрбиелеу барысында тәжірибе
жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді.Оқушы музыка арқылы
айналасындағы әдемілікті сезініп,оны көзбен көріп түсінуіне,өнер
әлеміне терең бойлауына көмектеседі.Музыка тілін түсініп,музыка
тарихын біліп үйренеді.Әр әуенді талдап,жаттығу арқылы белгілі бір
деңгейге жеткізеді.Осылайша бала бойында өнерге деген белгілі бір
түсінік қалыптасады.Рухани әлемінің кеңейе түсуіне
көмектеседі.Тәрбие беру жолындағы кез келген әдіс-тәсіл өзінше
нәтиже беріп жатса,оның өзі еңбектің босқа кетпегендегін
көрсетеді. Өмірге әкелген бала алдында
ата-ана өз жауапкершілігін дұрыс түсінсе, тәлім-тәрбиенің алтын
ұясы – отбасы мен мектеп бірін-бірі байытып, толықтырып жатса,
алынбайтын қамал, қол жетпейтін биік болмас
еді.
ШҚО.Зайсан ауданы.Зайсан
қаласы.
Зайсан аудандық балалар музыка
мектебі
Тәрбие
ісінің меңгерушісі Шотаева Динара Кенесбеккызы