Есік гуманитарлық экономикалық
колледжі
Топ: 301
Білімгер: Юлдашева Малика
Пән: Педагогика
Тақырыбы: Тәрбие теориясы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі,
жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың
тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды
мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде
жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы
береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге
қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты
өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға
араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық
көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін
меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу
тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды
анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи
әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік
процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті
жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның
көзқарасын дамытады.
2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге
ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды
өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің
саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде
пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері
дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке
дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын
үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау
қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық
құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл
иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл
иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс
өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен
тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері
қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі
керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін
тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не
алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас
ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді
біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын
жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және
міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын
орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол
ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық
көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана
мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және
жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын
төмендегі-дей негізгі элементтерге
бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу -
"ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету -
"адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету -
"діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене
тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға
бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты
және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық
мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы
күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін
саналы азаматтарды тәрбиелеу" -
деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға
пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік
тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты
қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы
адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке
тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру
деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық
әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу
және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық
тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті
негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын
бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі
мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады,
В.А.Сухомлинский оны жүзеге
асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына
да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім
емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас
жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" -
деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек,
ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын
қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек,
мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің
қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" -
деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру
мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал
шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға
шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл
пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі
түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие
алып шын адам болғандығы" - деп
жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ
тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі
бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау;
ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен,
қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып,
кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу;
жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны
жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз
қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін
сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты
тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру" - деп
жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп
жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес
жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім,
тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы
ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең
қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты
қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық
бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды
тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер
туындайды.
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды
сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы
берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан,
ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі
бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің
міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын
қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек
көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен
мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға
өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер
немесе пікіртапастар өткізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу
әдістері:
• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім
аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу,
өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу
әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын
әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге
жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін
жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық
көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін
қолданады.
• Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты
атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе
алмасуы.
• Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің
кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны
жоюға тырысуы.
• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін
болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік
жүргізу.
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының
кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский
жасаған өзін-өзі тәрбиелеу
ережелері:
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда,
сыртқы сабырлықты сақтау.
•
Турашылдық.
• Ойлы
әрекет.
•
Шешімділік.
• Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз
айтпау. Санасыз бос уақыт
өткізбеу.
• Не істесең де еріктісің, бірақ,
кездейсоқ істен сақ бол.
• Қажетті немесе керекті іспен ғана
айналыс, көрсеқызар болма.
• Бітірген ісіңе еш уақытта
мақтанба.
• Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы
өзіңе жауап беріп отыр.
• Бұл журналды ешкімге көрсетуші
болма.
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте
адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп,
өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан
әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп,
нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен
ізденеді.
Адам баласының тарихында ондай мысалдар
баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды.
Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды.
Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп,
шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай,
ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан
кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді.
Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып,
дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға
қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен
сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта
тастарсалатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен
ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы
шешеніне айналады.
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман
әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс
істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы
Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен
адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн
болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды
өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан
.
Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз
қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін
оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда
өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ болады, -
дейді