Кәмелетке
толмағандардың қылмыстың алдын-алу, жыныстық қол сұғылмаушылық
шараларын жетілдірудің өзекті мәселелерін арттыру
бағытында «Балаларды
қорғаймыз!» тақырыбындағы дөңгелек үстел
басындағы кездесу
Армысыздар, құрметті
ұстаздар, ата-аналар, барша шақырылған қонақтар!
Аудандық
білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Кәмелетке
толмағандардың қылмыстың алдын-алу, жыныстық қол сұғылмаушылық
шараларын жетілдірудің өзекті мәселелерін арттыру
бағытында «Балаларды
қорғаймыз!» тақырыбындағы ұйымдастырылып
отырған шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі
шараның мақсаты: қоғамда болып жатқан әр-түрлі келеңсіз
жағдайлардан жасөспірімдердің өмірі мен денсаулықтарын сақтаудағы
алдын-алу шараларын жаңдандыру. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын
орнының ерекше екенін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының
болашағы – қазіргі жас ұрпақ, дәлірек айтсақ - балалар болып
табылады. Адамның өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала.
Бала –дербес тұлға.
Балалардың құқықтары,
денсаулығы, бостандығы қорғалу керек. Балалар құқығын қорғау –
егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі, ол үшін өскелең
ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында
аянбай еңбек етуіміз қажет.
«Балалар қоғамның ең әлсіз
және қорғансыз бөлігі. Бала тәрбиелеу ең үлкен инвестиция» - деді
Елбасы 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында.
«Балалардың өмір сапасын
жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі» екенін баршамыз жақсы
білеміз.
Бүгінгі
күндегі зор проблемаға айналып отырған елімізде болып жатқан
түрлі келеңсіз оқиғалар, яғни «кәмелетке толмағандарға қатысты
жыныстық тиіспеушілік қылмыстарды болдырмау», «Жасөспірім қыздар
арасында ерте жүктіліктің алдын алу», «балаға зорлық көрсету,
озбырлық, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым
көрсету» - деректері күн сайын БАҚ – да жиі айтылып, күнделікті
өмірде кездесуде.
Осы күрделі мәселелердің
шешімін табуға бүгін бізге түрлі сала мамандары
қатысуда.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Сонымен қатар
аудан мектептеріндегі ата-аналар
комитеттерінің төрағалары мен мектеп директорының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әдіскерлер қатысып
отыр. Қош
келдіңіздер.
«Бір
елдің болашағын болжағың келсе, өсіп келе жатқан ұрпағына қара», –
деген екен бір данышпан. Олай болса, бала тәрбиесі, оның қоғамдағы
орны мен құқықтарының қорғалуы – күн тәртібінен түспейтін
мәселе.
Бала –
қоғамымыздың бір бөлшегі, кірпіші. Егер ол өмірден үлкен соққы
алып, жаны жараланса, онда қоғамның да қабырғасына сызат түскені.
Сондықтан баланың толыққанды азамат болып қалыптасуы жолында қоғам
болып қызмет етуіміз, оларға балалық шақтың қуанышы мен ізгілігін
тарту ету – біздің негізгі міндетіміз. Сол міндетіміз қалай
атқарылуда.
Сөз
кезегін АББ-нің әдіскері, аудандық әдістемелік кабинетінің
меңгерушісінің міндетін атқарушы Жамал Әдебиетқызына сөз кезегін
жолдаймын.
Баяндама « Кәмелетке толмағандардың
қылмыстың алдын-алу, жыныстық қол сұғылмаушылық шараларын
жетілдіру»
Баяндамадан түйгеніміздей, - дегенмен, балалар
мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке
толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол
жұмсау іс-әрекеттері қоғамды әркезде де толғандырады. Сондықтан
балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар
қолдануды қажет етеді.
Келесі кезекте осы тақырып
төңірегінде толғандырып жүрген мәселелерді ой-талқыға салмас бұрын,
мына бір бейнекөрініске назар аударсақ.
Назарларымызды экранға
аударайық.
Көрсетілген бейнекөріністен
қандай әсер алдық, Пікірлерімізді ортаға салайық, қатысушы
мамандарға сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат.
Пікірталас. /ата-аналардан сұрақ
беріледі/
- Әрбір ата-ана жүктелген жауапкершіліктің
маңызды екенін сезінуі керек. Негізі тәрбие баланың тәні, ақыл, ой
танымы, ішкі жан дүниесі, тұлға ретінде қалыптасуына байланысты. Ал
аналар тән тәрбиесіне ғана мән беріп, қалғанын естен шығарып
алады. Өз баласынан өздері алшақтаса біреулер оның
тәрбиесіне неге жауап беруі керек? Мұғалімдер тек дәріс беруші. Ал
ата-ана өмірге қажет тәрбиені береді.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» дегендей, бала сол қалыппен кетеді. Мысалы, қыз
баланың анасы талғамсыз киінетін болса, қызы да
соны қайталайды емес пе?! Сондықтан әрбір ата-ана: «Бала
менің болашағым, қалай өсірсем, ертең солай жемісін
көремін» деп ойлануы керек, - дей отырып
сөз
кезегін ата-аналар комитетінің төрағасы
жолдаймын.
СОҢЫ:
Бала
дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай
тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы
балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл
де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып,
ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін
сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен
туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда
қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара
түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы
мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы
кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Қорыта келе, жас ұрпаққа
тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы
ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларды
қорғау, әлбетте, бір күндік шаруа емес, ол жыл он екі ай тоқтамауы
тиіс. Бала деген – өміріміздегі бар бақыттың бастауы. Балаларды
қорғауға бәріміз де міндеттіміз – дей отырып,
қорытынды сөз АББ –нің
басшысы
беріледі.