ТӘРБИЕЛІК ШАРАЛАР: «Сектадан
сақтан»
Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт
бағдар беруші атаананың сенімді көмекшісі.
«Секта» термині латынның «sekta»
сөзінен шыққан және оның екі түрі
бар:
А) бір бөлігі; Б) ой, ілім
бейнесі. Сәйкесінше, латын тіліндегі «secare» - «кесіп тастау»
(бүтіннің бір бӛлігін) және «segui» - «еру» ( ілім мен ой
бейнесінде біреудің артынан) сӛздер «sekta» сөзінен туынды болып
табылады.
Секта – бұл белгілі бір
сеніммен бүлініп шығып, сол сенімнің қағидаларына жатпайтын теріс
іс әрекеттер жасайтын топ. Секта мәселесі қай кезде болсын кӛкейкесті
саналатын. Секталардың кесірінен қаншама адам
өз
отбасын тастап, бар мүлкін сатып, ал кейде тіпті, сол топтың
ұстанған «жоғары» идеялары үшін қз қмірін қиған. Секталардың
көбі өз
құрамына қосылғандардың ең нәзік жері – санасына зақым келтіреді
де, осы арқылы оларды түсініксіз, адам айтқысыз іс әрекеттер
жасауға итермелейді. Әрине бүгінде дүниежүзі елдерінде қаптап
кеткен секталардың түрлері өте
көп.
Бұл салада кӛп еңбек сіңірген зерттеуші А.Прозоров секталарды
негізгі үш топқа бӛліп қарастырады:
1. Шартты секталар (бұлар
дінге күмәнмен қарайды) қауіптілігі ауқатын жақсартуға, қызмет
дәрежесін көтеруге, кіріс мәселесін жақсартуға, қызмет дәрежесін
көтеруге, кіріс мәселесін жақсартуға, депрессиядан құтқаруға уәде
беру арқылы ӛз сектасына кіргізу. Көбіне орта жастағы азаматтарды арбайды. Кейде бұл
секталар адамның ақшасын, дүниесін тартып алуды кӛздейді. Олар
адамға жақындаған кезде алғашында «психология» немесе «социология»
ғылымдары бойынша, қызықты кітаптар ұсынады немесе арнайы
психологиялық тестілерге жауап беруін сұрайды. Мұндай тестілерге
жауап бере қалсаңыз, ӛзіңіз не туған туысқандарыңыз жайлы
«құнды» мәліметтер бермеуге тырысыңыз. Кейін сізді тауып алуға
болатындай мекен жайыңыз бен телефоныңызды айтып тура мәлімет беріп
қоймаңыз.
2.Секталардың екінші түрі –
христиандық секталар, қауіптілігі жағынан оларды орта дәрежелі
секталар деп те атайды. Бұл секталар адамды өз «дінінің» өзге
діндерден жоғарғы тұратынына сендіруді
көздейді. Бұл
сектаның құрамына кірген адамдарға ӛмірдің түрлі қызығына (мысалы,
үйленуге) тыйым салынады. Олар гипноздың жеңіл түрін қолданады. Кез
келген жастағы адамды арбай алады. Христиандық секталар екі түрге
бөлінеді: 1. Тұйық секталар ( секталар кӛбіне
ешкіммен араласпай, ӛзгелердің назарынан тыс жерде
өмір
сүреді).
2.Белсенді секталар, бұл
секталар өз құрамына жаңа адамдарды кіргізудің барлық амалын
істейді. Мұндай секталардың көбісі бай ірі діни ұйымдардың
құрылымдық бөлігі болып табылады. Олардың қымбат әдебиет шығаруға,
жоғары оқу орындарында лекциялар өткізуге, түрлі «көмек» акцияларын
ұйымдастыруға жағдайлары бар. Кейде олар өзінің «дінін» уағыздайтын
арнайы бағдарламаларды бұқаралық ақпарат арқылы
таратады. 3.
Миссионерлік секта (негізгі әрекеті – адамды ұйқыдан айыру арқылы
үгіт – насихаттарына сендіру). Миссионерлік секталар
көбіне жасөспірімдерді арбайды. Бұл секталар ежелгі және
есінен айырады да, оны барлық айтқандарын орындайтын мәнгүртке
айналдырады. Бұл өте
қауіпті. Мұндай сектаға кірген адам отбасын тастап, туған
туыстарымен қарым қатынасын мүлде үзіп, сол сектаның
ішінде өмір
сүреді. Кейін өзі
кірген сектаның тар шеңберінен құтыла алмай, «басшысы» бұйырған
қылмыстық іс-әрекеттерді жасайды да, тіпті, ақыр
соңында өзін-өзі өлтіруге дейін барады.
Ата жолы.
«Ата
жол» (басқаша атауы «Ақ
жол»). «Ақ
жол»ретіндегі ӛзінің қызметін 1997 жылдың ақпанында бастады.
Кейіннен атауын «Ата жолына» ауыстырған және 2001 жылы Алматы
қаласында коммерциялық ұйым ретінде тіркелген. Ұйымдастырушысы
Қыдырәлі Тарыбаев, оның Қазақстан бойынша
көптеген шәкірттері бар. «Ата жолы әліппесі»
кітапшаларын және басқа да басылымдар шығарады. Осы ұйымның негізгі
мақсаты белгілі бір төлем
үшін адамды әулие қылып шығару. Емдеу курсына ата-бабалар әруағымен
байланысу үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулие жерлерді аралау кіреді. Адамды
оның әулиелік және емдеу қасиеті бар, және ол ауру адамдарды емдей
алады деп сендіреді.
Діни секталардың арбауына
түспеу үшін
не істеу керек? Басқа елдерден келген діни конфессиялардың
Қазақстанға үгіт-насихат жұмыстарын жасаудағы мақсаты не?
Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-әрекеттері
мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың болашағына,
мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұсқан келтірмей
ме? Міне, осындай сұрақтар кез келген азаматтың, елдің қамын,
болашағын, мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы
тұлғаның ой толғандыратын мәселесі. Кез келген партияның, саяси
ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі
бір мүддесі болды. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі
түрге бӛлуге болады;
1. Санаға шабуыл жасауды
мақсат ететін діни секталар;
2. Белгілі бір мүдде үшін
әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап,
жастарды өз арбуына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының
бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл
халақты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір
діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан
келтіреді. Қазіргі таңда басқа діни секталарға
өтіп
кеткен жастар көп.
Айталық Иегова куәгерлері, Ахмеди жамағаты, Хизб-ут-Тахрир партиясы
сияқты ағымдарды айтуға болады. Мұны жастардың діни сауатының
төмендігінен, фундаментальды білімінің жоқтығынан,
ой-өрісінің тарлығынан деуге болады. Сол
секталарға өтіп
кеткен жастарды ауыл болса ауыл ақсақалдарын, қала болса дінтанушы
ғалымдарды, мешіт имандарын шақырып, олармен сұхбаттасып, нақтылы
дәйектермен дәлелдеп, оларды алған бетінен қайтуды
өз
санасымен мойындап қабылдауы керек.