Материалдар / Тарих білгірлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих білгірлері

Материал туралы қысқаша түсінік
үйірме жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
3302
85 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Қазіргі таңда тарих ғылымының қоғамдағы құндылығы артуда. Тарих оқушыларды өзара сыйластық, әділеттік, қиындықта көмекке келу және толеранттілік сияқты адами құндылықтарға баулиды. Сапалы білімді көздеген жаңартылған оқу бағдарламасы тұлғаны оқытып қана қоймай, өзіндік дамуы мен білімін қолдана алуына бағытталған. Қазіргі қоғам жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруда білімді игеруді қажетті деп таба отырып, дербес ойлай алатын, жеке және ұжымдық еңбекке дайын, өзіне және қоршаған ортаға жасалған іс-әрекеттерінің салдарын ұғынатын адамды қажет етеді. «Тарих білгірлері» үйірмесі жаңартылған оқу бағдарламасына алғаш аяқ басқан 5 сынып оқушыларына арналған

Үйірме мақсаты:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, әр оқушының өзіне деген сенімінің жоғарлауына, алған білімдерін іс-тәжірбиеде қолдануына және өзіндік ой-пікірінің қалыптастуына жағдай жасау;

Үйірме міндеттері:

        1. Тарихи білімдерін тереңдетіп, кеңейту арқылы тарих ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру;

        2. Оқушының шығармашылық қабілеттерін ашу;

        3. Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу;

        4. Оқушы бойында төмендегідей білік, дағдыларды қалыптастыру

  • Тарихти құбылыстарды салыстырып, анализ жасай алуы;

  • Мәтінмен , тарихи түп-дерекпен жұмыс жасай алу;

  • Тарихи оқиғалар мен өзгерістерге өзіндік баға бере алу;

  • Тарихи картамен жұмыс жасай алуы;

  • Оқушының ұжыммен не жекелей нәтижелі жұмыс жасай алуы;

Жұмыс түрлері

  • Тарихи әдебиет пен тарихи түп-деректермен жұмыс

  • Дәріс

  • Әңгімелеу

  • Пікірталас

  • Топтық жұмыс

  • Презентациялар дайындау

  • Мұражай мен тарихи орындарға саяхат

  • Зерттеу

  • Реферат қорғау

  • Макет жасау

  • Сызба сызу

  • Эссе жазу

Үйірме жоспарын жүзеге асыру мерзімі : 68 сағат (аптасына 2 сағат)

Үйірмедегі оқушы саны: 14 оқушы

Үйірме жұмысы нәтиженің үш деңгейін көздейді

Бірінші деңгей- оқушыда тарих ғылымы оған қосалқы ғылым салалары туралы білім қалыптасқан және алға қойылған міндеттерді біртіндеп шеше алады.

Екінші деңгей- оқушыда өздігінен ізденіп, белсенді түрде жұмыс жасай алу дағдысы қалыптасып, білімін толықтыра алады;

Үшінші деңгей-алған білім мен үйренген білік-дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады, шығармашылық байқаулар, конференция, олимпиада, жобаларға қатысады;

Үйірме бөлімдеріне қысқаша сипаттама

  1. «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегісі»Аталған бөлімде үйірменің мақсаты мен міндетін оқушыларға ұғындыра отырып, тарих пәні, тарих ғылымы, тарихи дерек көздері жайлы айтылады.

  2. «Қосалқы тарихи пәндер». Бөлім тарих ғылымының түп негізін құрайтын қосалқы пәндер хронология, археология,антропология, этнография, геральдика, генеология, ономастика салалырына арналып, практикалық тапсырмалар мен еліміздің тарихына қатысты тарихи-өлкетану, этнографиялық мұражайларға саяхат сабақтармен толықтырылады.

  3. «Құпияға толы әлем». Ертеден қалған әлі күнге дейін шешімін толық таппаған, сырға толы тарихи ескерткіштер Мес-Айнек, Кукулькана, Ұлы Қытай қорғаны, Стоухендж тастары, Пасха аралындағы- алыптар, Атлантида сияқты зертеулерге және Еліміздің киелі жерлері жайлы білеміз. Ақ- бауыр тарихи кешеніне саяхат .

  4. «Заңдар және қоғам». Соңғы бөлім қоғамның ретеушісіне айналған заңдар тарихы «ХІІ кесте заңдары», «Хаммурапи», «Ману», «Салий ақиқаты» заңдары және ел тарихынан сыр шертетін «Қасым ханның қасқа жолы» , «Жеті жарғы», «Жасақ» заңдарына, ҚР Конституциясын танып білуге арналған.




















«Тарих білгірлері» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары

68 сағат аптасына 2 сағат

Тақырып атауы

мерзімі

теория

практика

саяхат

І тарау Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі

1

Үйірме мақсаты мен міндеттері.

Тарих деген не?


1



2

Тарихтың дерек көздері, тарихи дәуірлеу


1



ІІ тарау Қосалқы тарихи пәндер

3

Хронология


1



4

Уақыт өлшемдері


1



5

Күнтізбе және оның түрлері


1



6

Шығармашылық жұмыс



1


7

Археология ғылымы


1



8

Археологиялық зерттеу әдістері


1



9

Археологиялық зерттеу әдістері


1



10

Шығармашылық жұмыс


1



11

Берел,Шілікті қорғандары(мұражайға бару)




1

12

Антропология ғылымы


1



13

Тарихи Антропология әдістері


1



14

Тарихи антропология әдістері


1



15

Ежелгі адам қаңқалары


1



16

Қазақстандағы «Алтын адамдар»


1



17

Шығармашылық жұмыс



1


18

Этнография ғылымы


1



19

Әлем халықтары


1



20

Әлем халықтары жайлы қызықты деректер




1

21

Ұлттық музыкалық аспаптар


1



22

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі



1


23

Геральдика ғылымына кіріспе


1



24

Геральдиканың негізгі ережелері


1



25

Әлем гербтерінің тарихы


1



26

ҚР мемлекеттік рәміздері


1



27

ШҚО, Өскемен қаласы гербтері (шығармашылық тапсырма)


1



28

Шығармашылық жұмыс



1


29

Генеология нені зерттейді?


1



30

Генеологияның зерттеу әдістері


1



31

Түрік әлемінің шежіресі


1



32

Менің ата-бабам (Шығармашылық тапсырма)


1



33

Ономастика тарихы


1



34

Шығыс Қазақстан облысының жер, су, тау атаулары


1



35

Өскемен қаласындағы көше атаулары




1

36

Тарихи атаулар


1



37

Топтық жұмыс



1


ІІІ тарау Құпияға толы әлем

38

Бөлімге кіріспе


1



39

Атлантида құпиялары


1



40

Атлантида құпиялары


1



41

Мес Айнек- Ауғанстандағы кұпия құрылыстар


1



42

Мексикадағы-Кукулькана пирамидасы



1


43

Пасха аралындағы- алыптар



1


44

Стоунхенж сыры


1



45

Ұлы Қытай қорғаны


1



46

Қазақстандағы киелі жерлер


1



47

Қазақстандағы киелі жерлер



1


48

Ақбауыр-көнеден жеткен тас кітап




1

49

Ақбауыр-көнеден жеткен тас кітап




1

50

Топтық сайыс



1


ІҮ тарау Заңдар және қоғам

51

Заң және қоғам


1



52

«Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы»


1



53

«ХІІ кесте» заңдары


1



54

Вавилон патшасы Хаммурапи және оның заңдары


1



55

Вавилон патшасы Хаммурапи және оның заңдары



1


56

«Ману» заңдары


1



57

«Ману» заңдары



1


58

«Салий ақиқаты»


1



59

Инквизиция соты


1



60

Топтық жұмыс



1


61

Шыңғысханның ұлы «Ясса» заңдары


1



62

«Қасым ханның қасқа жолы»


1



63

Тәуке хан және «Жеті жарғы»


1



64

Тәуке хан және «Жеті жарғы»



1


65

Конституция- Қазақстан Республикасының негізгі заңы


1



66

Конференция сабақ



1


67

«Тарих білгірлері» үйірмесінің есебі

Сайыс түрінде



1


68

Дөңгелек үстел. Қорытындылау



1












Әдебиеттер тізімі:

  1. Т.Ә.Төлебаев. Қосалқы тарихи пәндер. 1 бөлім А., 2004

  2. Т.Ә.Төлебаев «Қосалқы тарихи пәндер» ІІ бөлім А. 2015ж, 127 б

  3. Шәймерденов Е. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.А, 2001.

  4. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

  5. Байпаков К.М. По следам древних городов Kазахстана. А., 1990.

  6. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А., 1986.

  7. Ерофеева И.В. Cимволы казахской государственности. А., 2001.

  8. Мурзаев Э.М. Топонимико-популярная М., 1973

  9. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. М., 1984

  10. Солгорин Н. Хан шежіресі :, 1992

  11. Климишин И.А. Календарь и хронология. М., 198

  12. Цыбульский В.В. Календарь и хронология стран мира. М., 1982

  13. Поспелов Е.М. Топонимика и картография. М., 1971.

  14. Жанұзақов Т. Очерки казахской ономастики. А. 1982.

  15. Мұса ұлы Жағыпар. Тарих және ономастика.2001

  16. Райымхан К.Н. Тарихи өлкетану. Оқу құралы, Алматы. 2004

  17. Энциклопедия знаков и символов. М., 1999

  18. Историческая ономастика. М., 1977

  19. Өсерұлы Нұралы. Жеті жарғы А., 1995.

  20. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности (палеоантропологическое исследование). - Алма-Ата, 1970.

  21. Зубов А.А. Одонтология. Методика антропологических исследований. - М., 1968.

  22. Белик А.А. Культурная (социальная) антропология: Учебное пособие. М.: РГГУ, 2009. – 613 с.

  23. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994 

  24. Мұқанова Г.Қ. Этнология. Оқу-әдістемелік құрал. А.2005. 

  25. Масанов Н.Е. Этногенез и этническая история казахского народа //История Казахстана. - Алма-Ата, 1961. - С. 57-70

  26. Аксенов А.И. Генеология//Вопросы истории, 1972 №10

  27. Медушевская О.М. Историческая наука и генеология // Вопросы истории. 1970 №2







Интернет ресурстары:

  1. https://stud.kz/referat/show/44060

  2. https://www.topreferat.com/Курстық-жұмыс/4219

  3. http://e-history.kz/kz/publications/view/722

  4. http://www.bilim-all.kz/article/4104-Dala-zandary

  5. Bilim Land.kz сайты (интерактивті сабақтардан тұратын білім беру платформасы)

  6. https://www.youtube.

  • Discovery: Взрывая историю: Пирамиды Mайя: Чичен-Ица (2016) Мес-Айнак.

  • Почему уничтожили Бамианские статуи? Разгадка тайны Баальбек.

  • Великая китайская стена - документальный фильм - nationaal geographic

  • BBC - документальный фильм Загадки Острова Пасхи.

  • Стоунхендж.Сенсационная версия происхождения.Документальный фильм.

  • Реальность или фантастика — Атлантида (Документальные фильмы National Geographic)


























ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙДІҢ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ «ТАРИХ БІЛГІРЛЕРІ» АТТЫ ТАРИХИ ҮЙІРМЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА ПІКІР


Байгунусова Жадыра Оралбековнаның «Тарих білгірлері» атты 5 сыныпқа арналған тарихи үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың қоғамдық пәндерге деген қызығушылықтарын арттыруға, тілдік қорларын байытып, сыни тұрғыдан ойлатып, тарихи білік пен дағдыларының қалыптасып, жалпы қабілеттерін дамытуда таптырмас бағдарлама деп есептеймін.

Бұл бағдарлама үлкен төрт тарауға бөлінген. Бірінші тарау «Тарих-өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар тарих ғылымы, оның мақсат пен міндеттерін анықтап, тарихи дәуірлеу және тарихи дерек көздері жайлы танысады. Осылайша оқушылардың қызығушылықтары оянады. ІІ тарау «Қосалқы тарихи пәндер» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар өздерінің жас еркешеліктеріне сай, тарих ғылымының негізін құрайтын қосалқы тарихи пәндер археология, хронология, геральдика, антропология, этнография, ономастика, генеология туралы біледі. Теориялық дәріс сабақтар, практикалық тапсырмалармен қосарланып, мұражайларға көңілді, қызықты саяхат сабақтармен жалғасын табады. Оқушылар жекелей шығармашылық тапсырмалар орындап, шығармашылық байқауларға қатысып,топпен жұмыс дағдыларын меңгереді. Аталған тарауға көптеген жекелей және топтық тапсырмалар енгізілген. Оқушылар өздігінен жұмыс жасау, саяхат сабақтары бойынша эссе жазу, тарихи артефактілердің макетін жасау, өздерінің ата-тегін, Шығыс Қазақстан өлкесінің тарихи беттерін зерттеу сияқты жұмыстар атқарады. ІІІ тарау «Құпияға толы әлем» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар үшін ерекш қызықты болмақ. Өйткені олар ертеден қалған тарихи ескерткіштер соның ішінде еліміздегі киелі және жұмбақ жерлер жайлы білім алады. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасады. Соңғы тарау «Заң және қоғам» деп аталып оқушылар алдыңғы тарауларда меңгерген білімдерін басшылыққа ала отырып, нағыз тарихшы ретінде тарихи түп-деректер яғни заңдарды зерттейды. Үйірме жұмысының есебі сайыс және конференция түрінде өтіп, жылдық қорытынды жасалады.

Аталмыш құрал авторы Байгунусова Жадыра Оралбековна өзінің құралын әдістемелік комиссия құрамындағы 2 тарих пәні мұғалімдеріне, мектеп кітапханасына бір –бір данадан таратып берді. Ондағы мақсат- жаңашыл тапсырмаларды әріптестер арасында тарату, іс-тәжірибе алмасу. Біз өз тарапымыздан әдістемелік құрал мазмұны жағынан талапқа сай, оқу сапасын арттырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуда үлесі зор деп білеміз.   Бұл әдістемелік құралының жаңаша білім берудегі маңызы өте зор. Себебі, қазіргі оқушылардың тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлай отырып, мәтінмен, картамен жұмыс жасап, зерттеулер жүргізіп, білім мен өмірді ұштастыра отырып, тарихи жәдігерлерді өз көздерімен көріп, тарихи орындарға саяхат жасауы керек. Әлем тарихы мен еліміздің тарихы ұштастырылып жасалған үйірме бағдарламасы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымын жетілдіретіні анық.


Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі

проректоры практик-ғалым, жаңашыл оқытушы, биология

ғылымдарының докторы, Мырзагалиева Анар Базаровна.







Өскемен қаласы әкімдігі

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік кафедрасы жиналысы

Хаттама № 7

16.03.2018ж

Қатысқандар Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенова Л.Н.

ӘК мүшелері Шуленова Қ.Б.

Мейрамбаева С.С.

Бақытжанұлы Қуаныш

Күн тәртібінде:

1. Қазақ тілі, тарих және өзін-өзі тану кафедрасының тарих пәні мұғалімі Байгунусова Жадыра Оралбековнаның «Тарих білгірлері» үйірмесі бойынша бағдарламамен таныстыру. Қалалық білім беру басқармасының координациялық сараптама кеңесіне ұсыну.

Тыңдалды:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенова Ляйлә Назархановна: 2018 жылы тарих пәні мұғалімі Байгунусова Жадыра Оралбековна «Тарих білгірлері» атты 5 сынып оқушыларына арналған әдеби үйірменің бағдарламасын жасады. Бұл бағдарламаның жаңаша білім берудегі маңызы өте зор. Себебі, 5 сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасына биыл алғаш қадам басып және тарих пәнімен бірінші жыл таныса бастағандықтан аталған үйірме оқушының қызығушылығын арттырып, білімін қосымша материалдар арқылы толықтырып, білік, дағдыларын дамытатыны сөзсіз. Педагог үйірме жұмысы арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірбиесіне негізіп, дарынды оқушыларды анықтап, жекелей жұмыстар жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тарих пәнін терең әрі кең көлемде меңгертуге мүмкіндік алады.

Тарих пәні мұғалімі Байгунусова Жадыра Оралбековна: Сіздерді «Тарих білгірлері» үйірмесінің бағдарламасымен таныстырып өтсем, үйірме мақсаты: Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, әр оқушының өзіне деген сенімінің жоғарлауына, алған білімдерін іс-тәжірбиеде қолдануына және өзіндік ой-пікірінің қалыптасуына жағдай жасау; Міндеттер:

Тарихи білімдерін тереңдетіп, кеңейту арқылы тарих ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру; Оқушының шығармашылық қабілеттерін ашу;

Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу;

Оқушы бойында төмендегідей білік, дағдыларды қалыптастыру

Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. І бөлім тарих ғылымына кіріспе, тарихи терминдер, дерек көздері, тарихи дәуірлеу жайында болса, ІІ бөлімде оқушылар қосалқы тарихи пәндермен (археология, хронология, геральдика, ономастика, этнография, антропология т.б) жеке танысып, практикалық тапсырмалар мен мұражайларға саяхат сабақ арқылы білімдерін толықтырады. ІІІ бөлім «Құпияға толы әлем» өткен бөлімдерде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік тудыратын, әлі күнге дейін адамзатқа құпиясы терең тарихи ескерткіштер жайлы болады. Тарихи деректі фильмдер көрсетіледі. ІҮ бөлім «Заңдар және Қоғам». Оқушыларға нағыз тарихшы ретінде. түп-деректермен жұмыс жасауда тарихи заңдар таптырмас материал деп санаймын. Сондықтан осы бөлімді солай алдым. Бағдарлама мазмұны тек әлем тарихымен шектелмей әр бөлімге міндетті түрде туған еліміздің тарихына қатысты тақырыптар, практикалық тапсырмалар, саяхат сабақтар енгізілді. Осы күнге дейін үйірмедегі оқушылар қаламыздың тарихи –өлкетану, этнографиялық мұражайларына барып қайтты. 4 оқушы республикалық шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алды. Оқушылармен жұмыс жасауда тарихи әдебиет пен тарихи түп-деректермен жұмыс, дәріс оқу, әңгімелеу, пікірталас топтық жұмыс презентациялар дайындау, мұражай мен тарихи орындарға саяхат жаса, зерттеу, реферат қорғау, макет жасау, сызба сызу, эссе жазу әдістерін пайдаланамын.


Шуленова Құралай Бақытбекқызы І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аталмыш құрал авторы Байгунусова Жадыра Оралбековна оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, зертеушілік, ізденімпаздық, шығармашлық қабілеттерін дамытады. Бөлімдердегі туған ел тарихынан сыр шертетін тақырыптар жса ұрпақ бойында туған ел тарихына құрмет мен патриаоттық сезім ұялатады. Оқушылардың дүиетанымын кеңейтіп, пән бойынша білім сапасының өсуіне де ықпалын тигізбек.



Шешім:

1.Ұсынылған әдістемелік құрал қалалық білім беру басқармасының координациялық сараптама кеңесіне ұсынылсын.




Әдістемелік кафедра төрайымы: Сағиева Г.Қ.

Хатшы: Мейрамбаева С.С.








































Байгунусова Жадыра Оралбековна

тарих пәні мұғалімі

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!