«Тарих ғасырлар куәсі»
тарихи танымдық сайыс
Сайыстың мақсаты:
бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру
жеке тұлға қалыптастыру
Жүргізуші
сөзі:Тарих рецеппен жасалмайды.
Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар
мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге
бастайтын кілт – сол» - деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз айтқандай,
сіздер « Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық сайысымызға қош
келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші
сөзі: Құрметті ұстаздар оқушылар
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде –
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға
төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші
сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы
сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 - сайыскер
2 - сайыскер
3 - сайыскер
4 - сайыскер
5 - сайыскер
Жүргізуші
сөзі:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады. (Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін
таныстырып өтеді).
Сайыскерлерді таныстыру.
Жүргізуші
сөзі: Құрметті сайыскерлер,
сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың бірінші кезеңі:
Шарты: әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір
дұрыс жауапқа
10 ұпай. Онда сәт сапар
тілейміз!
«Тапқыр болсаң, тауып
көр»
«Иә» ма, «Жоқ» па ойыны
1.1710ж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш
жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді ИӘ
2. Жоңғар қазақ жеріне 7 бағытта 700 мың әскермен кірген Жоқ
3. 1723-1727 жылдары «Елімай» әні дүниеге келді ИӘ
4. «Қара сиыр» деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске
жетіп, қазақ даласын қанға бояды Жоқ
5.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абай Жолы» роман эпопеясын жазды Жоқ
6. Қызылорда Қазақстанның астанасы болды ма ИӘ
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев Жоқ
8. Қазақстаның қазіргі астанасы Алматы Жоқ
9. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ИӘ
10. «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы Яссауи ИӘ
11. Қазақстанда 16 облыс бар ЖОҚ
12. Синантроп «Қытай адамы» ИӘ
13. Ең жас дін Будда діні ЖОҚ
14. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин ИӘ
15. Абылай хан Түркістанда жерленген ИӘ
16. Қазақстанның халқының саны 20 млнға жетті ЖОҚ
17. Ұлт – азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов ИӘ
18. Қазақтың алғашқы ханы Абылай ЖОҚ
19. Жылқының сұті шұбат деп аталады ЖОҚ
20. Қазақстанның Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ИӘ
21. Парадарайа сақтары Жетісуды мекендеген ЖОҚ
22. Қызылорданың ескі атауы Ақмешіт ИӘ
23. ҚР бірінші президенті Н.Ә Назарбаев ИӘ
24. Түйе жыл санауға кіреді ЖОҚ
25. Австролопитек ең алғаш табылған адам ИӘ
26. Қазақстанның ең биік шыңы Хантәңірі ИӘ
27. Алтын Орданың астанасы Сығанақ ЖОҚ
28. Ғұндар 24 тайпаға бөлінді ИӘ
29. ғұндардың алғашқы билеушісі Мөде шаньюй ИӘ
30. Қаңлылардың астанасы Чигучен ЖОҚ
31. Сақ тар 3ке бөлінеді ИӘ
32. Абайдың шын есімі Ибрахим ИӘ
33.Абылайдың шын есімі Мұхамед Қанафия ЖОҚ
34. Төле би Абылайға Сабалақ деп ат қойған ИӘ
35. ҰОС 6 жылға созылды ЖОҚ
36. Томирис сақтардың патшайымы ИӘ
37. А.Македонский сақтармен 3 жыл бойы соғысты ИӘ
38. Жыл басы Наурыз ИӘ
39. Екі мәрте кеңес одағы батыры атағын алған Т.Әубәкіров ЖОҚ
40. Микролит ұсақ тастан жасалған еңбек құралы ИӘ
41. Шыңғысханның шын есімі Темучин ИӘ
42. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы «Жеті жарғы» ЖОҚ
43. «Жеті жарғыны» жасаған Тәуке хан ИӘ
44. Қазақтың алғашқы ханы КЕРей мен Жәнібек ИӘ
45. Найман одағының тайпа саны 8 ИӘ
46. Керулен өзенінің бойында керейіт тайпасы мекендеген ИӘ.
47. Ресей жеріндегі қыпшақтар Кундар, командар ЖОҚ
48. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасы Жетісу ИӘ
49. Әмір Темір Барлас тайпасының өкілі ИӘ
50. Қазақстанның казіргі астанасы Астана қаласы
ИӘ
Жүргізуші
сөзі:Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10
сұрақтан қойылады.
Әріптер
сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік станасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі : Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы : Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта
енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ : Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы:
Дін
Е – «Алтын адам» қайдан табылды : Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы : 9 тарау 98 бап
Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам : Ж.Молдағалиев
З – Сиырдың пірі : Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург
Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж.баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі : Мұхтар Құл-Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы:Н.Тілендиев
Ң- Қазақстанның ең биік шыңы : Хантәңірі
О- Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы:Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган : Парламент
Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген
адам: Р.Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден
келе жатқан тағамы : Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген:
Үркер
Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған
оқиға : Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік
жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны :Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы:Ш.Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл : 22 жыл
Ъ –Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г.Ысмаилова
І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.Есенберлин
Ь- Қазақтың ең биік тауы: Тянь-Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып , салт – дәстүрін зерттейтін
ғылым:Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі :
Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия
Жүргізуші
сөзі:Білімдіден шығады алғыр
шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды
бастайық.
Тарихи
хат (№1 сайыскер)
______________________________ қойылатын
сұрақтар.
-
Қазақ хандығының (1456ж)
негізін салушы хан? (Керей)
-
Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
-
Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала?
(Орынбор)
-
ҚР
— ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)
(№2 сайыскер) ________________________________________
қойылатын сұрақтар.
-
Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп
ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 — 1845)
-
«Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1, 5
жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)
-
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған
мемлекет? (Түркия)
-
Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV
ғ.)
(№3 сайыскер) __________________________________________қойылатын
сұрақтар.
-
ҚР
– шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000
шақырым)
-
Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қаныш
Сәтпаев)
-
ҚР
— да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер
кім?
(Тоқтар Әубәкіров)
-
Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым кім?
(Мақаш Тәтімов)
(№4 сайыскер) _________________________________________қойылатын
сұрақтар.
-
Тұңғыш 1742 жылы тархан атағын алған батыр кім?
(Шақшақ Жәнібек батыр 1693 – 1751)
-
«Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І.
Есенберлин)
-
ҚР
— да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15
қараша)
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 —
дай)
(№5 сайыскер) __________________________________________
қойылатын сұрақтар.
-
Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған
палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
-
1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу
құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
-
Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы
сауда байланысы орнатылған? (145)
-
ҚР
— сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан,
Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)
(№6 сайыскер) ___________________________________________
қойылатын сұрақтар.
-
Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас
ұлт — азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары
Қасымұлы)
-
«Бақытсыз Жамал» романының, «Оян қазақ», «Терме»
әдеби публистикалық туындысының авторы кім? (М.
Дулатұлы)
-
Бұл
күнде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды?
(120)
-
Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов,
Назарбаев, Қалдаяқов)
Тарихи
басқатырғыш
БЫАЙЛА – Абылай
ХНА ОДРАЫС – Хан ордасы
НБЛАҒАСҰ – Баласағұн
РАҢАҚЫАЙ – Аңырақай
АНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс хан
АРЛАШДОА – Алаш Орда
ҚӘРІАБЫЙЛ – Әбілқайыр
ІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті Жарғы
ДРОА ЛЫНАТ – Алтын Орда
ВРАЗЕНАБА – Назарбаев
Қорытынды:
«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат
дамуының негізгі қозғаушы күші» деген екен Елбасымыз. Бұл сөз әр
ұстаз жүрегіне ой салады. Себебі, кез-келген елдің болашағы
жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген
ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай
біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп,
отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!
Женімпаздарды
марапаттау.
Тарихи
басқатырғыш
БЫАЙЛА –
ХНА ОДРАЫС –
НБЛАҒАСҰ –
РАҢАҚЫАЙ –
АНХ ҒСЫҢЫШ –
АРЛАШДОА –
ҚӘРІАБЫЙЛ –
ІТЕЖ РЫЖАҒ –
ДРОА ЛЫНАТ –
ВРАЗЕНАБА –