Материалдар / Тарих пәнінен алгоритмдар

Тарих пәнінен алгоритмдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи оқиға, тарихи тұлға сипаттау кезінде оқушыларға арналған жадынама.Осы жадынамаға сүйене отыра оқушы тақырыпты барынша аша алады.Сөз қоры да баи түседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
652
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі» ММ











Shape1

Оқушыларға арналған

Ж А Д Ы Н А М А Л А Р



































Тарих пәні мұғалімі: Ислямова Нұргүл Мешитбайқызы



1 Мәтінмен жұмыс істегенде жоспар құрудың жалпы тәртібі:

1.Жоспар құру үшін мәтінді іштен оқып шығып, оқып шыққанды ойлап алығыз.

2. Мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп алып, оларға атау беріңіз

3. Жоспардың пункттері мәтіннің негізгі ойын білдіретін, жоспардың келесі пунктінің алдыңғы пунктпен байланысын тексеріңіз

4.Осы жоспарды басшылыққа ала отырып, мәтіннің басты ойын шеше алатынын тексеріңіз.

2 конспектілеу тәртібі:

  1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Оқи отырып түсініксіз жерлерін, жаңа сөздерді, атауларды, даталарды белгілеп отырыңыз

  2. Мәтінде кездескен адамдар, оқиғалар жөнінде ақпарат жинаңыз. Жазу барысында анықтамалық мәліметтерді бөлек жазуды ұмытпаңыз.

  3. Мәтінді алғаш оқығаннан кейін қарапайым (жай) жоспар жасаңыз. Екінші рет оқығанда автордың дәлелдерін атап өтіп, мәтіннің басты желісін қысқаша құрастыруға тырысыңыз.

  4. Конспектілеудің қорытынды кезеңі алдында белгіленген жерлерді қайта оқып, оларды қысқаша жазып алудан тұрады.

  5. Конспектілеген кезде автордың ойын өз сөздеріңізбен жеткізуге тырысыңыз. Автор мәтіннің бір абзацын конспектілеген кезде бір немесе екі сөйлеммен жеткізуге тырысыңыз.

3 Досыңнын жауабына қалай рецензия беруге болады?

  1. Сіздің досыңыз қаншалықты дұрыс және сауатты жауап бергендігін бағалау керек, қандай қателіктер жіберілді?

  2. Ол жоспарға сәйкес болды ма, әлде жоспардан ауытқып кетті ме?

  3. Оқушы тарихи оқиғаларға және оған қатысушыларға қатысты өзінің жеке ойын білдірді ме ?

  4. Терминдер мен ұғымдарды қолданды ма?

  5. Сөйлеу кезінде жіберілген қателіктер мен жетіспеушіліктерді көрсету керек(керексіз қайталаулар, эпитеттің, адамдарға және оқиғаларға сипаттаманың жоқтығы)





4 Синхроникалық кестені қалай құруға болады?

  1. Дәптердің бетін жоғарыдан төмен қарай, тігінен графаларға бөліңіз, сол жақ графаға ғасырын (санын, датасын) белгілеңіз.

  2. Көлденеңнен жоғарғы қатарда елдер мен халықтардың атын белгілеңіз

  3. Белгілі бір уақытта болған басты оқиғалар мен үрдістерді есіңізге түсіріңіз

  4. Әрбір ел бойынша(ғасырлар) жеке – жеке хронологиялық ретпен оқиғаларды жазып шығыңыз.

  5. Кестеге жазу барысында ұқсас фактілерді бір көлденең деңгейде орналастырыңыз.

5 Қоғамдық бас көтерулердің сипаттамасы:

  1. Бас көтерудің уақыты және орны

  2. Басқа оқиғалармен байланысы

  3. Алғышарттары мен себептері

  4. Қатысушылардың әлеуметтік құрамы

  5. Талаптары, ұрандары, мақсаты

  6. Күрес әдістері (митинг, бұқаралық шерулер стачкалар, көтерілістер,наразылық акциялары және т. б)

  7. Ұймдасу деңгейі

  8. Бас көтерудің масштабы

  9. Қатысушылардың, басшылардың есімдері

  10. Оқиғаның дамуы, негізгі кезендері

  11. Бас көтерудің маңызы, оның нәтижелері

6 Мемлекеттің саяси құрылысы:

  1. Билік формасы: монархия(абсолюттік, конституциялық, дуалистік) немесе республика (парламенттік, аралас, президенттік, суперпрезиденттік)

  2. Тәртіп түрі: демократия, авторитаризм

  3. Құрылыс түрі (формасы) федерация, унитарлы мемлекет. Қандай да бір конфедеративті үлгісінің құрамдас бқлігінде ме? (мысалы Еуропалық одақ)

  4. Өкімет органдарының құрылысы:

  • Мемлекет басшысы, оның өкілеттілігі;

  • Заң шығарушы органдар(құрылымы, қалыптасуәдісі, өкілеттілігі(

  • Атқарушы органдар(қалыптасу әдісі, атқаратын қызметтері, бағыыныштылығы);

  • Сот органдары ;

  • Заң шығарушы, атқарушы, сот өкіметтері құқықтарының арақатынасы;

  • Жергілікті өкімет органдары;

  1. Азаматтардың(бодандықтағылардың) құқықтары;

  2. Басты саяси партиялар және қозғалыстар(бағдарламаларына, оның іске асырылу әдістеріне, түрлі әлеуметтік топтарға әсеріне, саяси жүйедегі жағдайына қысқаша сипаттама)

  3. Саяси құрылысына жіне оның даму келешегіне қысқаша жалпылама баға



7 Соғыстардың сипаттамасы

  1. Соғыстың себебі, хронологиялық шегі

  2. Соғысушы елдер немесе елдер топтамасы

  3. Екі жақтың көздеген мақсаттары

  4. Соғысушы елдер күштерінің арақатынасы

  5. Соғыстың сылтауы

  6. Әскери іс – әрекеттерінің жүрісі (кезең бойынша)

  • Әрбір кезеңнің басында қарама – қарсы топтардың жоспарлары

  • Кезеңнің әскери және саяси қорытындылары

  1. Соғыстың сипаты

  2. Бейбіт келісімнің шарттары

  3. Соғыстың әскери және саяси қорытындылары

8 тарихи оқиғаға қалай тарихи баға беруге болады?

  1. Оқиғаның себептерін анықтау

  2. Белгілі таптардың және қоғамдық топтардың оқиғадағы қызығушылығын анықтау

  3. Оқиғаның сипаты (антифеодалдық, азаттық, реакциялық т. б)

  4. Басқа ұқсас оқиғалармен байланысы

  5. Маңызы

  • Оқиғаға қатысушылар үшін

  • Кейінгі тарихи даму үшін





9 тарихи қайраткерге сипаттама беріп, бағалауға арналған жадынама:

  1. Тарихи қайраткер қашан және қай елде тұрып, іс – әрекет етті, өзінің тумасынан қай қоғамдық топқа енді? Оның мақсаттары, жоспарлары қандай болды, оларды қандай жолмен іске асыруға тырысты?

  2. Тарихи қайраткердің сыртқы келбетін және мінезін сипаттаңыз. Оның мақсатқа жетуіне қандай жеке қасиеттері көмектесті, қандай қасиеттері бөгет болды? Оның мінезінде сіз нені бағалайсыз, ал нені қолдамайсыз?

  3. Оның қызметің басты нәтижелерін атаңыз (өмірде қандай мақсаттарға қол жеткзді?)

  4. Сіз бейнелеген батыр (қайраткер) қай қоғамдық күштің қызығушылығы үшін қызмет етті?

  5. Атақты адамның қызметіне баға беріңіз (кәмге пайдалы болды, қоғамның дамуына мүмкіндік туғызды ма?) оған деген өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

10 тарихи тақырыпқа реферат жазу бойынша ұсыныстар:

  1. Аталған тақырыпқа сәйкес реферат жазудың мақсатын анықтау

  2. Жоспар құру

  3. Әдебиетті оқу барысында кейін басты көңілді соларға аудару үшін негізгі идеяларды, жағдайларды, дәлелдемелерді бөліп алу

  4. Жинақталған материалды топтастырып, қорытып, қорытынды шығару.

Рефераттың құрылысы:

  1. Жоспар және тараулар (беттері көрсетілуі тиіс)

  2. Тақырыпты таңдау негізі

  3. Таңдалған тақырыптың теориялық негізі

  4. Негізгі мәселені баяндау

  5. Қорытынды және қорыту

  6. Рефераттың тәжірибелік маңызы

  7. Падаланған әдебиеттер тізімі\

  8. қосымшалар







РЕФЕРАТ мазмұнының үлгілік аспектілері:

  1. Кіріспе бөлім:

  • Тақырыпты таңдаудың негізі (оның өзектілігі, маңыздылығы, мәселені шешуде қазіргі заманғы жаңа шешім, екі жақты көзқарас және оны шешуге деген ынта, тарихта қызықтырған факті туралы ғылыми мәліметтер және тұрмыстық түсініктің қарама – қарсылығы, аталған тақырып бойынша қызығушылық тудырған жағдаяттар және жеке сарындар (мотив)).

  1. Негізіг бөлім

  • Мәселенің мәні, реферат тақырыбы бойынша объективті тарихи мәліметтерді баяндау;

  • Деректерге сыни шолу жасау:

  • Өзіндік мәліметтер, өзіндік болжамдар, өзіндік баға

  1. Қорытынды:

  • Басты қорытындылар

  • Істелген жұмыстың нітижелері жіне жеке маңыздылығы

  • Тақырып бойынша жұмысты жалғастырудың болашағы.

РЕФЕРАТТЫҢ бірінші бетін рәсәмдеу:

  • Мектептің атауы

  • Рефераттың тақырыбы

  • Автордың аты – жөні

  • Мұғалімнің аты – жөні

  • Рефераттың жазылған жері (қала, ауыл) мен жылы





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!