Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тарих сабағында Мәңгілік ел құндылықтарының идеяларын қалыптастыру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
«Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тарих сабағында кіріктірілген сабақтар арқылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын қалыптастыру»
Ордабаева Еңлік Аманбайқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
2018 жыл
Аннотация
Баяндамада кіріктірілген сабақтарды белсенді әдістер арқылы өту негізінде жеке тұлғаның құзіреттілігін арттыру, «Мәңгілік ел» идеяларының құндылықтарын қалыптастыру жолдары баян етіледі.
Жоспары :
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1 .Кіріктірілген ұйымдасқан оқу іс – әрекеттің тиімділігі
2. «Мәңгілік ел» ұлттық идеяларының
құндылықтарын оқушы бойына қалыптастыру бағытындағы
әдістер
ІІІ. Қорытынды
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға – еліміздің ертеңі
Кipicпe
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкіл қазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылғы білім
беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектеп оқушыларының бойында
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани –
адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін,
дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру керек» делінген. Жоғарыда
аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени
ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын
жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып әр сабағымызда кіріктіріле
жоспарланған ұлттық құндылықтарымызды насихаттау сабақтарымен
болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
ҚазақстанРеспубликасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің бастымақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени
құндылықтар негізінде жеке тұлғаның
қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану
үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі
артады. Сапалыбілім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне
байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа
технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Оқытудыңжаңа технологиясы
— оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әртүрлі
әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді
пайдалануды,
оқудың сапасына
білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.Кіріктіру – ХХІ
ғасыр талабы. Осыталапты орындауға шындап кірістік. Ең маңыздысы
мамандықты игеру барысындаынтасы жоғары болуы керек. Тек арнаулы
пәндерді ғана емес басқа да пәндердімеңгеру қажеттілігін балаға
жеткізу,түсіндіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Кіріктірілу – бұл
бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы,
бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға
әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара
байланыстары туралы біртұтас
мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі
қалыпқа сыймайды,
сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға
мүмкіндікбереді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі
дамып, шығармашылық мүмкіндіктері
ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен,
сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу
материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор
ақпараттық мүмкіндігімен
ерекшеленеді.
1. Кіріктірілген ұйымдасқан оқу іс-әрекеті
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:
-
құрмет;
-
әріптестік;
-
азаматтықжауапкершілікқалыптастыру;
-
ашықтық;
-
өмірбойыбілімалу.
Белгіленген құндылықтар аясындағы мақсаты жоғары білімді,шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзегеасыру үшін белсендіоқыту, командалықоқыту, пәндіктілдіккіріктірілгеноқыту (CLIL), т.б. озықпедагогикалықәдістердіқолдануталапетіледі. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқубағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әртүрлі саладағы жан-жақты білімдер мен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндікбереді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып,пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді
кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы
оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік
типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан
нәтижеге дейінгі барлық
процесінебақылаужасауға;
-білімберушілік,дамытушылық
және танымдық үш бірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы
тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін
белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын
азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін
тақырыптың адам және қоғам өмірі мен тікелей байланысына мән
беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Р.Декарттың
«Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін
бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан
бөліп оқытудан оңай»
деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс
білім берудің
кіріктірілген
технологиясының құрамына енеді. Кіріктірудің
ерекшелігі білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын, шаршау мен
қалжырауды басатын түрлі білім беру салалары материалдарының
логикалық өзара шарттылығы, өзара байланысы болып табылады. Білім
беру іс-әрекеті алуан түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып,
түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы білім беру салаларын
кіріктіру жолы мен іске асады.Білім беру әрекеті білім беру
салаларын кіріктіру жолы мен жүзеге асырылады және баланың
эмоциялық дамуына, оқуға деген ынтасын арттыруға, танымдық
қызығушылығын,
әлемнің толық сипатын қалыптастыруға және ой-
өрісін кеңейтуге
мүмкіндік
береді.
Оқу пәндерін кіріктіру төмендегідей
міндеттерді шешуге
көмектеседі:
- неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;
-кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық
жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны
оқу
материалын танып білудің жаңа тәсілін
іздестіруге жетелейтін және жеке
тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының
ойлау әрекетін белсендіруге;
-балаға бір мезгілде әрекетті орындауда
барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау
жасауға
мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін
ұлғайтуға.
Білімберушілік,
дамытушылықжәне танымдық үшбірлікті
дидактикалық мақсатын жүзеге
асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-балалардыңуәждемесінарттыруға,олардыңоқу-танымдықәрекетінбелсендіруге,
шаршағандары мен
қажуларын
азайтуға;
-балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі. Сонымен,кіріктіру оқу іс-әрекетті тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Осы артықшылықтар зерттеу жұмысында басты назарға алынды.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
Балаларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
Пәндерді кіріктіру; Жаңа пәндерді енгізу;
Тереңдетіп және стандарты оқуға арналған пәндерді мектепте таңдау құқығы;
Бағалаудың критерийлік жүйесі;
Осы бағдарлама негізінде балалардың дағдыларын дамыту:
Сын тұрғысынан ойлау;
Білімдерді шығармашылық пен пайдалана білу;
Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие бойынша балалар мен жұмыс істеу кіріктіру тәсілі негізінде іске асырылады.
Тарих сабағында кіріктірілген сабақтар арқылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын қалыптастыру барысы
Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең
мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана –
болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ұстаз
алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру,
тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету
екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар
туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге
болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы,
жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай
ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн
талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу
үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы –кіріктірілген сабақтар ұйымдастыру
арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тәсіл болып
табылады.
Орта білім берудің негізі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Олар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық және т.б. «Мәңгілік Ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді
ХХІ ғасыр тарих ғасыры аталуының өзі тарих пәнінің басқа пәндермен қатар, орны ерекше екенін көрсетеді.Тарих пәнінен сабақ беру кезінде мен осы тақырыппен тұрақты жұмыс істеп, сабақ барысында өмір тәжірибесіне сай, өз ерекшеліктерімен қалыптасқан және ұлттық тәрбиенің негізін терең меңгерген шәкірт тәрбиелеуге басым күш салдым.
Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу – алдымызды тұрған үлкен міндет.
Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен бастау алып, жасөспірім және жеткіншек шақта жедел қалыптасады. Рухани тұлға көрсеткіштері: ойы озық, еркін, кісілігі, анмысы биік, өрелі, білімді, рухани бай, кемелденген саналы іскерлік.
«Ұлтттық құндылық қасиеттер рәміздеріміз, ұлттық сана-сезіміміз, ойымыз, дәстүрлік іс-әрекетіміз заман ағымына қарай қолданыста өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Ұлттық руханилық ұлттық құндылықтың мәні деп түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып қалыптасқан. Әрбір тұлға саналы түрде өзін басқалармен салыстыра келіп өзіндік ұлттық қасиеттерін қалыптастырады. Мектептегі білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу, уақыт күттірмейтін мәселе. Мұны өмір талабы, заман ағымы қажетсінуде. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізе білуіміз керек
Жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылықтардың бірнеше саласын қарастыруымызға болады. Олар: білім беру құндылықтары, азаматтық құндылықтар, ұлттық құндылық, рухани құндылық, адмгершілік құндылық, мәдени құндылық болып жіктеледі. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екендігі айдан анық. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат-ұлттық болмыс ұғымдары арқылы оқушы дүниетанымын кеңейту, өз беттерімен пайымдау жасауға, терең ойландыруға ұмтылдыру
Берген білім мен тәрбиемізден не күтеміз?
Қандай нәтиже шығады?
Оны қалай жүзеге асырамыз?
Деген сұрақтарға жауапты тарих сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Үш жүздің билерінің астарлы шешендік сөздерінің негізгі идеясын меңгерте отырып, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халық басына түскен ауыртпалық, елі, жері үшін күрескен, бір тудың астында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері мен тауып айтылған шешімдерін балаларға ұғындырып отырамын. Балаларды шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу маңыздылығы басты ұстанымым. Баланы әу бастан дау-жанжалдардың ақ-қарасын аша білуге үйрету. Өз шешімін анық айтуға тәрбиелеу.
Тарих пәнінде кіріктірілген сабақтар арқылы
мәңгілік ел құндылықтарының идеясын қалыптастыруға мынадай жолдарды
ұсынар едім:
-Халықтың
алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып
көрсету;
-Халықтар
тағдырының ортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің
ортақтығына назар
аудару;
-Көрнекі
қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де тарихтағы, халық
алдындағы қызметін, еңбегін
көрсету;
-Туған өлке
материалдарын тиімді
пайдалану;
-Отансүйгіштік
сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланысты мемлекет пен
үкімет тарапынан қабылданған құжаттарды
пайдалану
.
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан . Әдебиет пен өнер |
Мектеп: Кемелұлыатындағыжалпы орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Ордабаева Еңлік |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 «ә» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы:Әдебиет пен өнер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Қазақ әдебиетінің, ұлттық өнердің даму деңгейі туралы анықтау; |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
1.Қазақ әдебиетінің өкілдерінің туындыларын таныстыру 2. Қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды таныстыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология: роман, повест, поэма, идеология, драма, этнография, цензура |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
- «Мәңгілік ел» құндылықтары -патриотизм - отансүйгіштік - өз халқы үшін мақтаныш - ұлттық сана – сезім - бостандық |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ әдебиеті, дүние тарихы, музыка |
|||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ дағдыларындамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта) |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Республиканың рухани өмірі
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин 5-13 мин
|
Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға Н. Тілендиевтің күйін тыңдатып кімнің орындауындағы күй екенін сұраймын
Өнер,әдебиет майталмандары туралы бейнематериал көрсетемін. |
Презентация
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 13- 15 мин 15-17 мин 17-25 мин
25-33 мин
33- 36 мин
36-40 мин
0-10 мин 10-20 мин
20-25 мин
25-35 мин |
Сыныпты екі топқа бөлемін. І - топ «Әдебиет» - 1920-1930 жж әдебиет ІІ - топ «Өнер» - 1920-1930 жж бейнелеу өнері мен музыка өнері 1. Постер қорғау (15мин) Мәтінмен жұмыс: Екі топ аттарына сәйкес оқулықпен жұмыс жасап, постерлерін қорғайды. 2. Жылдар сөйлейді . Театр өнері. Кинематография (Кесте толтыру) І - топ тапсырмалары. Театр өнері ІІ - топ тапсырмалары. Кинематография. Кесте толтыру 3.Мәтінмен жұмыс 1 топқа Ырғалған көкке бойлап қарағайы Қасында көк желекті аппақ қайың, Жібектей желмен шарпып төңіректі, Балқытып мас қылады иіс майы. Қарағай биік шыңды қиялаған. Еш адам оны барып кия алмаған,- Шаңқылдап тау жаңғырып, шыңға қонып, Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған Сұрақ: Бұл өлең жолдары қай ақынның қандай шығармасынан алынған үзінді ? Жауабы: С.Сейфуллин «Көкшетау» 2 топқа Шүйделі шоқтығы өрген, шідерлігі, Серке сан, желмаядай тілерсегі. Тау желін тартса жұтқан талыс танау, Тынысты кеуде жатыр кеңірдегі. Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ, Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ, Шапса-жел, мінсе – жайсаң, тұрса – селсоқ. Сұрақ: Бұл өлең жолдары қай ақынның қандай шығармасынан алынған үзінді ? Жауабы: І.Жансүгіров «Құлагер
Кері байланыс дүрбімен қарау арқылы Тәуке ханға саяси қайраткер ретінде мінездеме беру; Тәуке ханға заң шығарушы тұлға ретінде мінездеме беру
Ой-түйін. . «Ой қозғау» «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде- ұлт та ұлы бола алмайды» Ғ.Мүсірепов Ү. Бекіту . 1. «Математикалық ойын» (320 2) + 1282 =1922 жыл – Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді (455 3) + 562 = 1927 жыл С.Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу»романы жарық көрді (380 4) + 407 =1927 жыл – Германияның Франк-Фурт каласында өткен музыка көрмесіне қатысқан қазақтың үздік әншісі Ә.Қашаубаев (500+531) + 900 =1931 жыл – Алматыда қуатты радио тарату стансасы жұмыс істей бастады (900+68) 2= 1936 жыл – Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті
2. «Сәйкестендіру»
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин |
Қорытынды..ҮІІ. Үйге тапсырма: «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер» тақырыбын оқу. Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер туралы мағлұмат жинап келу
|
стикер |
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||
Тілді жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру. Термин сөздермен жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндік беру. Ойын жеткізе алуына қолдау көрсету. 1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. 2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады. 3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады. |
Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады. |
Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
2. Жылдар сөйлейді
І-топ Театр өнері
Құрылған жылы |
Театрлар |
Қалалары |
Қойылымдары |
1926 ж |
Ұлттық қазақ театры |
Қызылорда |
«Еңлік-Кебек» |
1932 ж |
Корей драма театры |
Владивосток Қызылорда (1937) |
«Любовь Яровая»(1937), «Жаулар», «Даңқ»(1938), «Отты ставка»(1939) |
1933 ж |
Орыс драма театры |
Семей |
«Любовь Яровая» «Чапаев»(1935), «Түнгі сарын»(1937) |
1933 ж |
Кәсіпқой Ұйғыр ұлттық театры |
Алматы |
«Анархан», «Ғерип-Сәнәм» Қозы Көрпеш-Баян сұлу(1937ж) |
1933 ж |
Абай атындағы Академиялық опера және балет театры |
Алматы |
Бірінші қаазақ балеті «Қалқаман- Мамыр»(1938) |
ІІ - топ тапсырмалары. Кинематография
Жылдар |
Болған оқиғалар, түсірілген кино атаулары |
Киностудия атауы |
1925 ж |
Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру қолға алынды |
|
1930 ж 1931ж 1933 ж |
«Дала әні» «Жұт» «Қаратау құпиялары» |
Востоккино |
1929 ж |
«Бүлік» |
Ленфильм |
1935 ж |
«Жау соқпағы» |
Мосфильм |
1938 ж |
«Амангелді» |
Ленфильм |
Ұлы тұлғалардың
қаһармандық жолдары бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге
баулудың темір қазығы деп сенімді түрде айтуға болады. Сабақта
ағымдағы жылдары болып жатқан басты қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени саладағы маңызды жаңалықтарды,
жетістіктерімізді кеңінен әңгімелеп, пікірталас, зерттеу, жобалау
әдістерін қолданып өткізу оқушының танымдық қабілетімен өз тарихына
деген қызығушылығын
арттырады.
«Ел боламын
десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі
жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты.
Осы мақсатта барлық жұмыстардың нәтижесін үнемі бағалап, зерттеп,
қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне,
оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін
әрекет жүйесін жасауымыз керек деп білемін. Өткен мен
бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар
еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі
күннің міндеті. Білімнің ірге тасының беріктігі – болашақтың мықты
болуына негіз. Тарих сабағында оқушылардың елін, Отанын сүю сезімін
қалыптастыру, ерлік рухын ояту- тарих мұғалімінің басты парызы.
Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс. Ендеше
Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі
болсын!
Қopытынды
Сөзімді қорыта келгенде еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болары айдан анық.Күтілетін нәтиже -Ұлттық құндылықты бойы игерген тұлға қалыптастыру; -Ұлт болашағы мен ел тағдырынкелешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру; -Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу; -Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығы тұрақты сақтау.
Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру
негізіндеолардың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда
қарапайым өзін-өзі
бақылау мен
реттеу дағдыларын қалыптастырады. Кіріктіру - бұл түрлі білім беру
салалары мазмұныныңөзара сіңісуі мен өзара бірге әрекеттесуі.
Кіріктірудің ерекшелігі білім беру
үдерісінің
тиімділігін арттыратын, шаршау мен қалжырауды басатын түрлі
білімберу салалары материалдарының логикалық өзара шарттылығы,
өзара байланысы болып
табылады.Білім
беру іс-әрекеті алуан түрлі әдістер ментәсілдерді қолдана отырып,
түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы білім
беру
салаларын
кіріктіру жолымен іске асады.Білім беру әрекеті білім берусалаларын
кіріктіру жолымен жүзеге асырылады және баланың эмоциялық
дамуына,оқуға деген ынтасын арттыруға, танымдық қызығушылығын,
әлемнің толық сипатын қалыптастыруға
және ой- өрісін кеңейтуге мүмкіндік
береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттықпатриоттықактісі
2. ҚазақстанРеспубликасындабілімберудіжәнеғылымдыдамытудың 2016-2019 жылдарғаарналғанМемлекеттікБағдарламасы. Астана, 2016 жыл.
3. 2016-2017 оқужылындаҚазақстанРеспубликасыныңжалпы орта білімберетінұйымдарындаоқупроцесінұйымдастырудыерекшеліктерітуралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. АлтынсаринатындағыҰлттықбілімакадемиясы, 2016 ж
1. Дербесбілім беру ұйымыоқушыларыныңоқужетістіктерінкритериалдыбағалаудыңжүйесіненгізутұжырымдамасы / nis.edu.kz сайты