Материалдар / Тарихи деректерді қолдану арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалай дамытуға болады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарихи деректерді қолдану арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалай дамытуға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазіргі мұғалімнің кәсіби даму мақсаты ретінде іс-әрекетті зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдерін қамтиды.Іс-әректті зерттеу мұғалімнің жеке және кәсіби дамуы үшін зор ықпал етеді. Автор сабақ барысындатарихи деректерді қолдану арқылыоқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыруды көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2022
550
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т арихи деректерді қолдану арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалай дамытуға болады?

Тарих пәні мұғалімі

Тилеубаева Гульжан Пердебекқызы



Аннотация

Мақала қазіргі мұғалімнің кәсіби даму мақсаты ретінде іс-әрекетті зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдерін қамтиды.Іс-әректті зерттеу мұғалімнің жеке және кәсіби дамуы үшін зор ықпал етеді. Автор сабақ барысындатарихи деректерді қолдану арқылыоқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыруды көздейді.Мұғалі м үшін іс-әрекетті зерттеу тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы болып табылады. Тарихи деректерді қолдана білу, әр сабақта ерекше маңызды рөл атқарады. Себебі деректер арқылы өзара ақпарат алмасамыз, өзімізге қажетті қосымша мәлімет аламыз, алған ақпарат туралы пікір қалыптастырып, оған баға беруге тырысамыз, бақылаймыз, растаймыз немесе жоққа шығарамыз, пәнге деген қызығушылығын арттырамыз, тарихи танымын дамытамыз.

Әрине, тарих сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауының дамуына мүмкіндік беретін, коммуникативтік мәдениетті және ел алдында сөйлей білуді үйрететін тиімді педагогикалық технологиялар болып табылады.Себебі деректі әр қырынан қарастыру, түрлі түсінік беру сыни ойлаудың алгоритмі.Әр әдісті дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру мұғалімнің жұмыс жасау білігі мен тәжірибесіне байланысты. Осы орайда, мұғалімніңсабақтарындасын тұрғысынан ойлау дағдысынмеңгертуді жоспарлы ұйымдастыруы сол сыныптардағы барлық оқушылардың ойын нақты дәлелдермен салыстырмалы түрде тез әрі нәтижелі орындайтындығының кепілі болары анық.Бұл тақырыпты іс-әрекетті зерттеу жұмысына таңдап алған себебім – оқыту барысында оқушының өз ойларын анық және дәл тұжырымдауда ақсаулар болуы, сонымен тарихихи деректерге жылдам анализ жасау, тез ұғындыру мәселесі болды.

Іс-әрекетті зерттеуімнің мақсаты - оқушылардың сыни ойлау арқылы айтылым, коммуникативтік дағдыларын дамытып, қоғамдық жағдайларға баға беруге, көшбасшылық дағдыларын дамыту және мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге, болжам жасауға үйрету мен ең маңыздысы сыныпта ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.

Зертеу барысында куратор, психолог, әріптестерімен ой бөлісу мен үшін тиімді болды.Әр оқушыны сабаққа қызықтыра білу, жақсы тіл табысу, тиімді тәсілдер арқылы оқу мақсатына жету мен үшін маңызды болды.

  • Жоба негізінде оқыту

  • SWOT-анализ

  • S MART мақсат Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда Г. Гардердің жиынтық зият теориясын басшылыққа алдым.

Тарихи деректерді қолдануда көптеген дәледер мен нақтылық керектігіне оқушылардың көзі жетті. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылы мен оқушының өзіне деген сенімінің артқанын аңғардым. Жеке, жұптық, топтық жұмыста жеке тұлға ретінде өз пікірін білдіруге, әр оқушы бойындағы жауапкершілік пен еңбексүгіштік сонымен қатар зерттеушілік дағдыларының дами түскенін байқадым.

Жоба негізінде оқыту арқылы үлкен оқыту табысына қол жеткіздім. Нақты айтар болсам әскери бекістердің салынуы, хандық биліктің жойылуы, XIX ғ. 60-70 жылдарындағы реформалар, XIX ғ. ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы, қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өміріне әсері, сауда қатынастарының дамуында жәрмеңкелер қызметі тақырыптарын жақсы меңгерді.Оқушылар зерттеумен айналысып жүлделі орынға ие болды. Шынайы өмірмен байланыстыруда SWOT-анализ арқылы көптеген мысалдар келтіре қоғам үшін әлсіз және күшті, оң әсері, мүмкіндіктерін айқындауда оқушылардың ұтқыр пікірлерімен сабақты қызықтыра түсті.SMART мақсат-

S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Сабақ барысында мақсатқа негізделіп жүргізілген шартқа сай оқушылардың зерттелімі, бірін-бірі оқыту, сыни талдау жасау арқылы оқу мақсатына қол жеткізу тиімділігін байқадым.Қолданған әдістердің ішінде «Жоба негізінде оқыту»оқушыларға қолайлығын байқадым. Г. Гардердің жиынтық зият теориясында анықталған әр оқушының қызығушылығынан бөлек, жоба негізінде оқытуда дәлелмен, сыни анализ жасау арқылы, сөз саптауда ерекше, сабаққа ынтасы оянғаны, дәлелдемені тарихи дерек көздерден ізденгенін байқадым.



Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстар оң нәтиже берді

  • Оқушылардың өздеріне деген сенімділігін, сабаққа деген қызығушылығы артты

  • Жауапкершіліктері артты

  • Сабақтағы шағын топтағы зерттеу оқушы өзгелердің пікірлерін тыңдау арқылы өз аргументтерін жасау тәжірибесіне ие болады

  • Топтағыынтымақтастық артты

  • Бірін-бірі оқыту мүмкіндігі

  • Бірін-біріне баға бере алады

  • Тақырыптыжан-жақтыталқылауды

  • Проблемалықсұрақтартабабілу

  • Шынайы өмірмен байланыстыру

  • Оқушының өздігінен жобалық тапсырмаларды орындай алуы

  • Оқушылардың мотевациясы жағарылады

Зерттеудің мұғалім үшін тиімділігі

  • Кері байланыс арқылы үнемі мәселені анықтау

  • Оқытуда оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау

  • Оқушыларға мәсенің зерттеуде өзектілігіне бағыттау

  • Тарихи деректердің құндылығына объективті көзқарас қалыптастыру

  • Іс- тәжірибемді жетілдіругекөмектесті



Қорыта келе зерттеу нәтижесінде оқушылар тарихи деректерді қолдану арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытуда ақпараттарды ажырату, өзіндік пікірдің қалыптасуы, өзгенің пікірімен санасу, деректің құндылығы, хронологиялық ерекшелігі, тұлғатану мен салыстырмалы тапсырмаларды меңгеруде ілгері жылжуды айқадым. Кері байланыс беру арқылы қызығушылығы жоғары оқушы өздігінен жобалық тапсырмаларды орындай алуы, топты зерттеу арқылы әр оқушының өзінше қабілетті тұлға екеніне көзім жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Педагогикалық өлшеулер орталығы», 2017

2.Алимов А.Қ. «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану», Алматы 2015

3 Rutherford, F. James, and Ahlgren, A., (1990). Science for All Americans. New York: Oxford University Press.

4.http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/aza_stan_tarikhy/aza_aksr_ryluy/18-1-0-349

5. Майсак О. С. SWOT-анализ: объект, факторы, стратегии. Проблема поиска связей между факторами // Прикаспийский журнал: управление и высокие технологии. — 2013. — № 1 (21)



          



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!