Материалдар / Тарихи ескерткіштер – биологиялық ғажайып есептер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тарихи ескерткіштер – биологиялық ғажайып есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай тарихи ескерткіштерді зерттеуде, тарихын білумен қатар өмір сүрген халықтардың тұрмыс -тіршілігінде қолданылған биологиялық білік пен заңдылықтарды насихаттай отырып, ескерткіш құрылысының ерекшелігі негізінде есептер құрастыру. Оқушы бойына өз ұлтының тарихын білуімен қатар халықтық педагогиканың биология ғылымымен сабақтастығын насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей








Тарихи ескерткіштер –

биологиялық ғажайып есептер












Смаилова Шолпан Ерғалиқызы


биология пәні мұғалімі




Тақырыбы:

Тарихи ескерткіштер – биологиялық ғажайып есептер




Бағыты: ғылыми – жаратылыстану бағыты

Авторы: Смаилова Шолпан Ерғалиқызы

биология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Палмұханбетов көшесі №15

Ұялы тел: 87013001285

sholpanx@mail.ru

47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп – лицей







Прямоугольник 69























Тақырыбы: Тарихи ескерткіштер – биологиялық ғажайып есептер



Мақсаты:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай тарихи ескерткіштерді зерттеуде, тарихын білумен қатар өмір сүрген халықтардың тұрмыс -тіршілігінде қолданылған биологиялық білік пен заңдылықтарды насихаттай отырып, ескерткіш құрылысының ерекшелігі негізінде есептер құрастыру. Оқушы бойына өз ұлтының тарихын білуімен қатар халықтық педагогиканың биология ғылымымен сабақтастығын насихаттау.

Міндеттері :

  • Тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды зерттеу

  • Тарихи ескерткіштер құрылысының ерекшелігін зерделеу

  • Өмір сүрген халықтардың археологиялық қазба қалдықтарынан табылған өсңмдңктер мен жануарлардың биологиялық талдама жасау

  • Зерттеулерге орай биологиялық тұрғыда есептер құрастыру және шешу жолдарын ұсыну.

  • Биология ғылымының халықтық педагогикамен сабақтастығын ұғындыру

Күтілетін нәтиже:

  • Тарихи ескерткіштер мен тарихи орындардың тарихын жан – жақты біледі

  • Тарихи ескерткіштердің құрылысының ерекшелігін ұғынады

  • Өмір сүрген халықтардың материалдар жасауда биологиялық заңдылықтарды кеңінен қолдануы туралы біледі.

  • Биологиялық тұрғыда құрылған есептер мәнін түсінеді.

  • Биология ғылымының халықтық педагогикамен сабақтастығын ұғынады.

  • Оқушыларды сыни ойлауға тәрбиелейді.





















Тарихи ескерткіштер – биологиялық ғажайып есептер


Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский.


Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі  замануи талапқа сай болуы қажет.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың инновациялық педагогикалық идеялары бойынша әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Білім дегеніміз мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби.

Біз әрбір сабағымызда оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек.








Тарихи ескерткіштерді зерттеу және есептер құрастыру жолдары.


Қызылорда қаласында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 69 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 4-еуі республикалық  маңызды ескерткіштер болса, 30-ы жергілікті маңызы бар ескерткіш және 35-і алдын-ала есепке алынған ескерткіштер тізімінде.  Осы ескерткіштер негізінде зерттеуге алынған ескерткіштер: Қызылорда қаласынан оңтүстік – батысқа қарай 200 км жердегі Жаңадария өзенінің ескі арнасында орналасқан Шірік-Рабат қалашығы, Қуандария бойында орналасқан көне ескерткіштердің тобының жиынтық атауы (б.з. б 1-мыңжылдықтың ортасы б.з ІХ ғасырдың басы ) Жетіасар мәдениеті, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстік шығысқа қарай 21 шақырым қашықтықта орналасқан Бұқарбай батырдың кесенесі, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылын өркениет көшінің ұлы жолына жалғаған, Тораңғыл сай – Жаңадария мен Қожарық ортасында орналасқан шығыстан батысқа қарай бір, солтүстіктен оңтүстікке қарай біржарым шақырым жерді алып жатқан көне қаланың атауы – Баршынкент, қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде шамамен X — XII ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші - Бегім ана мұнарасы , Арал теңізі табанында 2004 жылы 26 маусымда жүргізілген барлау жұмыстары нәтижиесінде университет ғалымдары тарапынан көне қалашық Арал - Асардың  орны мен Кердері ІІ кесенесі , Түгіскен ескерткіштері ,Қармақшы ауданы Іңкәрдарияның құрғақ арнасының сол жағалауында, Қызылордадан 300 км жерде орналасқан Сырдарияның төменгі ағысы бойында орналасқан ортағасырлық қала –Жент . Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені, Бәбіш Молда - б.з.б. 4 - 2 ғасырдардай сақталған археологиялық ескерткіштер кешені,  Сырдария сақтарының қоныс аймағы Құмқала І қалашығы , Жалағаш ауданы, Таң ауылынан батысқа қарай 9,4 шақырым Үңгірлі асар қалашығы орналасқан. (б.д.д. ІІ-І ғ.ғ.– б.д. ІІ-ІV ғ.ғ.). Жалағаш ауданы, Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11,7 шақырым жерде Домалақ Асар қалашығы орналасқан. б.з.б III-I ғасырлардағы қаңлы тайпаларының орналасқан аймағы, Қармақшы ата мазары – сәулет өнері ескерткіші , Қармақшы ауданынан 1-2 км қашықтықта орналасқан, Баланды күмбезі . Баланды мекенінде. Алтынасар – көне қала орны ,жүз елу жылдық тарихы бар Қазалы қаласында орналасқан республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштердің бірі – Ғанибай үйі (керуен сарайы).

Тарихи ескерткіштер мен сол ғасырда өмір сүрген фауна және флорасына қарай, құрылысын, тіршігінін зерттей отырып есептер құрастырдым. Есептерді құрастыру үшін сол елді мекеннің ауа райын, топырақтың құрамын, өсімдіктер мен жануарларлардың ерекшелігіген қарап есептердің түрлеріне мән бердім.





















DrawObject1

БИОЛОГИЯ

DrawObject2

DrawObject3

  • 1-тапсырма


Қызылорда қаласының оңтүстік – батысындағы Жаңадария өзенінің ескі арнасында көне қала – Шірік – Рабат қалашығы орналасқан. Осы жердегі алқапқа егілген ақ түсті асқабақты (АА) сары түсті асқабақпен (аа) будандастырғанда асқабақтың генотипі қандай болады?

Жауабы: Алынған асқабақтың фенотипі 1:1 болса, ал генотипі гетерезиготалы болады. (Аа)


  • 2-тапсырма


Ортағасырлық Жанкент қалашығы Сыр бойындағы Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр. Біздің дәуіріміздің VII ғасырынан бастап зерттеліп қағазға түсірілген. Шөлейтті аймақта орналасқандықтан сексеуілдің бірнеше түрін кездестіруге болады. Гомозиготалы ақ сексеуілді сары түсті сексеуілмен будандастырғанда бірінші ұрпақта қандай нәтиже күтуге болады.

Жауабы: Фенотипі: ақ түсті

Генотипі: гетерозиготалы


  • 3-тапсырма


Күріштің тұқым жарнағы ақ түсті (А), дәні тегіс (В), сары түске (а), бұдырлыға (в) қарағанда доминатты болады. Ұрпақтардың фенотиптерін анықта? Күріштің көп егілетін жері Жалағаш ауданы. Бұл ауданның Аққыр ауылынан 30 шақырымда орналасқан Республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіші бар. Бұл ескерткіш Жент қалашығы деп аталынады .

Жауабы: Генотипі: дигетерезиготалы

Фенотипі: ақ түсті тегіс


  • 4-тапсырма


Қарасопы кесенесі Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік – шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан. Бұл ауданда жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдіктер көптеп өсіріледі. Мәселен, қызанақ – алқа тұқымдасы, қоржарнақты, жылу сүйетін шөптесін өсімдік. Қызанақтың сырты сары және қызыл болады, ал пішіні жағынан сопақ және домалақ. Сопақ, қызыл гомозиготалы қарбызды домалақ, ала гомозиготалы қарбызбен будандастырғанда F1 ұрпақта домалақ, сары қарбыздар пайда болған F2 ұрпақ қандай?

Жауабы: Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. 9 жасыл түсті, домалақ пішінді, 3 жасыл түсті, сопақ пішінді, 3 ала түсті домалақ пішінді, 1 ала түсті, сопақ пішінді.


  • 5-тапсырма


Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында Жанкент қаласынан 18 – 20 км жерде көне қала – Күйікқала орналасқан. Осы өзендерде тіршілік ететін балықтың түрлері көп. Балықтар туралы не білеміз?

Биологиялық диктант:

а)Балықтарды зерттейтін ғылым_____________деп аталады.

ә)Бүйір сызық _____________анықтайды.

б)________________тыныс алу қызметін атқарады.

Жауабы: а) ихтиология

ә) су ағынының бағытын, күшін

б) желбезек

  • 6-тапсырма


Сауысқандық қорғандар тобы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Еңбекші ауылынан тауға қарай солтүстік – шығысқа 50,9 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда тауешкі, арқар, қасқыр сынды аңдар, түйе, жылқы сияқты жануарлар жайлы сюжеттік көрініспен қатар, қару асынған адамдар бейнеленген. Аталған жануарлар сүтқоректілер классына жатады. Елімізде сүтқоректілардің 8 отрядына жататын 178 түрі өмір сүреді. Сүтқоректілердің тіршіліктеріне байланысты ерекшеліктерінің сәйкестігін тап.

Түрлері

Ерекшеліктері

1.Түйе

А.Қуыс мүйізділер тұқымдасына жатады

2.Жылқы

Ә.Аталығы – арлан, Аналығы – шулан, Күшігі - бөлтірік

3.Қасқыр

Б.Сусыны 5 мың жылдық тарихы бар қымыз деп аталынады

4.Арқар

В.Бұл жануарды кейде көн табандылар деп атайды

Жауабы: 4-А, 3-Ә, 2-Б, 1-В


  • 7-тапсырма


Жанқожа батыр кесенесі (1992 жылы) Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан. Осы кесененің маңында қосжарнақты гүлді өсімдіктердің кең тараған тобы – күрделі гүлді өсімдіктер өседі. Жер бетінде 20000 – нан астам түрі бар, ал Қазақстанда 700-ге жуық түрі өседі.

Биологиялық диктант:

1.Күрделі гүлділер тұқымдасы - ____________ класына жататын көпжылдық өсімдіктер.

2.Гүлшоғыры - ____________ .

3.Себетгүл - ____________, ____________, ____________, ___________, ____________, ____________ тәрізді гүлдер орналасады.

4.Жемісі –

5.Дәрілік өсімдіктер - ____________, ____________, ____________, ___________ және сәндік өсі

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!