Нұржанның
қиялы
Ерте, ерте,
ерте де Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр алқапта көшпенді
қазақ халқы өмір сүріпті. Малына жайлы, құтты мекен іздеген қазақ
халқы жылдың төрт мезгілінде қолайлы жерлерге қоныс теуіп отырады
екен. Әр көш болған кез балалар үшін той –думанды, қызыққа толы
кезең болып табылады.
Абыр – сабыр болған
жұртшылық... Мал көшірісу, киіз үйді жинап, оны қайта тігу барлығы
– барлығы дерлік Нұржан үшін қызықты оқиғалардың бірі еді. Әр көш
Нұржан есінде сан – қилы естеліктермен толысып отырды. Осы жылғы
жазғы көш тіптен ерекше... Қаратаудың бөктеріне бет бұрған Нұржан
ауылы ұзақ сапарды еңсеруге сақадай сай, дайын тұрған. Таң сәрі...
Кең байтақ қазақ даласының нұрлы күйге бөленіп, құстардың
шиқылықтап ән салуы, арайлап атқан таң шапағатын сезіну Нұржан үшін
ең бақытты балғын балалық шағының керемет сәттері болды. Нұржан
өзге балалар сияқты ойын жетегінде кеткен бала емес – ті. Ойыннан
гөрі әжесінің айтқан ақылын, даналық сөздерін, ауыздан – ауызға
тарау арқылы жеткен қызықты әңгімелерін тыңдау Нұржан үшін қызықты
еді. Көш кезінде Нұржанның әжесі бар балаларды маңайына жинап әр
түрлі тақырыптағы қызықты әңгімелерді айтып беретін. Осы жолы да
Нұржан әжесі сан түрлі қызықты әңгімелерді балаларға айтып, баяндап
берді. Әжесінің айтқан әңгімелерін тыңдап болған Нұржан кешқұрым
болған кезде атасының жанына барып, қолқа салады.
Нұржан: Ата, ата
әжемнің өте қызықты әңгімелерін тыңдадым. Ата енді сіз маған тарихи
тақырыптағы әңгімелер айтып беріңізші.
Атасы: Айналайын, ботам
«Тарихын білмегеннің болашағы бұлыңғыр» - деп бекер айтпаса
керекті. Сондықтан да балам, саған қазақ хандығының қалай
құрылғандығын айтып берейін. Өз еліңнің тарихын дұрыс білмей,
бүгініңді түсіну, келешегіңді болжау қиын болады. Олай болса зер
салып тыңда, балам.
15 ғасырдың орта
кезеңі.....
Сол бір мезеттер, сол
бір кезеңдер өткелінде қарапайым қара халықтың басынан қаншама сұм
зұлматты оқиғалар өтуде еді. Бір тудың астына біріге алмай ыдырап
кеткен халықты жиып, Шу өлкесіндегі Қозыбасы деген жерде Керей мен
Жәнібек сұлтандар «Қазақ» деп аталатын хандықтың іргетасын қалады.
Керей мен Жәнібек сұлтандар өзімен бірге ерте келген 200 үйдің
түтінін түтетіп сол жерге қоныстанады. Құрылған хандықты
ынтымақтастық пен бірлікте басқаратын нағыз басшы сайлау
қажеттілігі туындады. Себебі, басшысы жоқ – ел жетім екендігі айдан
анық, мәлім дүние емес пе?
Сол заманда өмір
сүрген, Керей мен Жәнібекке үміт артып, арттарынан ере келген
қарапайым халық: «Керей мен Жәнібек біздің елімізді басқаратын
басшы болсын. Елімізді екі сұлтанның бірі басқарса тыныштығымыз бен
елдігіміздің берік болары хақ!» –деп айтыпты
Атасы: Араларынан ала
мысық өтпеген, жастайынан тай құлындай тебісіп өскен Керей мен
Жәнібек сонда.....
« Жәнібек: Ереуіл елдің
тілегін естідіңіз. Екеуміздің бірімізді хан сайламаққа бекінді. Не
айтасыз?
Керей: Я, ұқтым. Маған
қолқа саласың ау.....
Жәнібек: Аға,
келісіміңізді беріңіз. Ел үміті екеумізде. Қараша қауымды жерге
қаратпайық.
Керей: Жасың кіші,
қайраты мол Жәнібек сен ие болсаң қайтеді? Мен қосшың
болайын.
Жәнібек: Жоқ, аға. Жолы
да, жөні де сіздікі. Керісінше атқосшыңыз мен болып, шашбауыңызды
мен көтерейін. Өзіңіз бастаған істің тұтқасы қолыңызда. Енді өзіңіз
аяқтаңыз!
Керей: Онда менің бір
ғана тілегім бар: «Үнемі жанымнан табыл». Осы істі бастаған
екеуміз, аяғына дейін жеткізуіміз керек.
Жәнібек: Дегеніңіз
болсын! Бұл сауалдың шешімін таптық деп ойлаймын.
Ел ағаларына өз
шешімімізді айтайық. - депті
Ел ағалары: Уа, ағайын!
Уа, алты алаш! Біз бір шешімге келдік!
Ел ағасы,
үлкен қария: Алты алаш баласы сонау өлкеден Жетісу жеріне бейбіт
қоныс іздеп Жетісу жеріне еркін өмір сүреміз деп келдік. Олай болса
бұл күн қазақ ордасы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Ханы жоқ
ел – қадірсіз ел. Еліміздің ханы деп құрылтайшылар мың ойланып, мың
толғана келе Керей сұлтанды хан етіп сайлауға
бекінді.
Халық батасы:
Қыздарымыз өзге елдің күңі, ұлдарымыз – құлы болмайтындай,
ауызбіршілігімізді нығайтып, айрандай ұйытып, қатықтай қатыратын
нағыз басшы бол!
Ақ кигізге мінгізіп
Керей сұлтанды хан ретінде сайлайды. Ел рухтанып, жігеріне жігер
қосып «Алаш! Алаш! Алаш!» - деп ұрандатады.
Ақсақал батасы: Арманың
қол жетер жерде болсын!
Халқыңның қалауы сенде
болсын!
Аллам өзіңе жар
болсын!» деп ауыл ақсақалы өз батасын беріпті.»
Атасы: Міне, осылайша
балам қазақ халқы Керей сұлтанды ақ кигізге мінгізіп «Қазақ
хандығының» басшысы етіп сайлады. Сол бір сәттен бастап қазақ
халқының басынан қаншама қиын және ауыр кезеңдер
өтті.
Жоңғарлар
шапқыншылығынан бастап әрбір тарихи қиындықтар кезеңі халық жадында
қанды жазумен қалған оқиғалар еді. Қаншама тарихи қанды
оқиғаларымен халық жадында қалған, уақыттар шеңберінің тасқа
қашалып жазылған уақиғалар желісі әрбір қазақ жұртын рухтандырары
анық. Ғасырлар жемісі... Бабалар арманы.. Батырларымыдың қасық қаны
қалғанша жан аянбай күресіп, ел азаматтарының еліне сіңірген ереулі
еңбектерінің арқасында бүгінгі атқан таңды көріп отырмыз
балам.
Нұржан: Ата түсіндім
қиын – қыстау заманды бастан еңсерген бабаларымызды қашанда
ұмытпай, есте сақтауымыз қажет екен ғой.
Нұржан атасының
әңгімесін тыңдап болып, өз орнына тәтті түстің жетегіне кетуге
оралады. Алайда Нұржанға бір ой маза бермейді. Елімнің өткені мен
бүгіні туралы білемін. Ал, болашағы қалай болмақ екен? Болашағы
жақсы болу үшін біз балалар жақсы болуымыз керек,
сірә.
Нұржан әрі дөңбекшіп,
бері дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Қатты толғаныстан ойланып жатқан
Нұржан көзінің ілініп кеткенін байқамай қалады. Ұйқыға кеткен
Нұржан тәтті түстің жетегіне еріп, өзін сан толғандырған сұрақтың
жауабын табу үшін болашаққа саяхат жасайды. Қазақ хандығының дамып,
үлкен белестерді бағындырып, жаңа Тәуелсіз Қазақстанды құратынын
көреді. Таң шапағы қызарып көріне бастағанда Нұржанның үйі
ұйқыларынан оянып, қызу тірлікке кірісе бастады. Атасының жанында
қолғабыс болып жүрген бала Нұржан атасына қарап:
Нұржан: Ата кеше сіз
айтқан сөзді есімнен шығара алмай түнімен дөңбекшіп ұйықтай
алмадым. Алайда, бір мезетте қалай ұйқыға кеткенімді білмеймін,
әйтеуір ұйықтап кетіппін. Түсімде бір қызықты оқиғаны көрдім. Қазақ
хандығының болашағына саяхат жасадым. Қазақ хандығы болашақта
бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздікке қол жеткізеді екен. Қой
үстінде бозторғаай жұмыртқалаған заманда, бейбіт те тату – тәтті
өмір сүріп жатқан халықты көрдім.
Мен түсімде көрген қала
– Нұрсұлтан деп аталады. Нұрсұлтанда біздің өмір сүріп жатқан киіз
үйлеріміз емес, зәулім, биік – биік салынған өзгеше қоныстар көп
екен. Адамдары да біз сияқты емес, басқаша киінеді, біз сияқты
жылқының үстінде үнемі жүрмейді, оның орнына өздерінің көлік деп
аталатын дүниелері бар екен. Көптеген айырмашылықтар бар екен
ата.
Атасы: Балам, бұл бір
жақсы түс болды ғой. Мүмкін бұл саған берілген аян шығар.
Болашағымызда осыншама жетістікке жеткізу жастардың қолында, міне
өсіп келе жатқан сендердің қолдарыңда.
Автор: Міне, ата сіз
айтқандай сіздер саралап салған жол өз міндетін керемет атқарды.
Сіздердің арқаларыңызда бейбіт те, тыныш заманда өмір сүріп
жатырмыз. Одан арғы еліміздің болашағы біздер, өскелең жас ұрпақтың
қолында. Біз сіздердің үкілеп артқан үміттеріңізді
ақтаймыз!!!