Материалдар / Тарихқа тағзым (Мақала)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарихқа тағзым (Мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз тарихы туралы терең білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарихқа тағзым

Белгілі зерттеуші, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев ағамыздың «Тарихи тұлғалар тағылымы» атты кітабы жарыққа шықты.

Әлі сиясы кеуіп үлгермеген құнды туынды айтулы тұлғалардың қазақ тарихындағы орны мен рөлін айшықты етіп көрсету тұрғысында заман тамырын дөп басып, дер кезінде оқырман назарына ұсынылған мазмұнды да толғақты, толғаулы шығармалардың бірі деп есептеймін.

Шығарманың арқауы – қазақ мемлекетінің қиын-қыстау тағ­дырының басында тұрып бастау көзі болған хандар, ел мен жер тағдыры, болашақ үшін жан алы­сып, жан берісіп Отанын қор­ғай білген арыстан жүрек, атан жілік батыр бабалар, қара қылды қақ жарған төбе билер.
 Туындының бір ерекшелігі – тарихи тұлғалардың көрегендігіне, елге, жерге, туған халқына адал­дығы мен қайраткерлігіне тарихшы-ғалым ретінде өзіндік көзқарасымен си­паттап, заман, уақыт шындықтарын көркем тілмен жеткізе білген.
 Иә, тұлғаларсыз тарихтың ұр­шығы һәм шығыршығы айна­л­май­тыны шындық. Сол себепті де автор туындысының бірінші тарау­ын даңқ­ты қолбасшы Абылайдан бастап Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, Бұқар жырау, Баян, Ер Жәнібек, Жанғожа т.б. ба­тыр­лар жайлы дәйекті дерек­терді келтіре отырып тұшымды баяндайды. Хандарымыз бен батыр­ла­ры­мыздың әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті жайлы әдемі суреттей білген. Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қара­керей Қабанбай, Қанжығалы Бө­ген­бай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапы­раш­ты Наурызбайлар жөнінде де көп мағ­лұмат алуға болады. 
Абылайдың қазақтың белгілі батыр­ларының басын қосып, жауға қарсы қазақ халқының басын бірік­тіріп, дұшпанмен шайқасқан ұрыс­тарын кезінде Бұқар жырау «Қал­дан­менен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттегенін автор жатық тілде жеткізе білген.
 Бір шайқаста Абылайдың аты болдырып, істерге қайран болмай тұрғанда жанында жүрген Ер Жәнібек атынан қарғып түсіп: «Менің атыма мініңіз» деп тұл­парын көлденең тартыпты. Сонда хан тосылыңқырап қалса керек. Сонда Ер Жәнібек: «Мен өлсем, қазақтың екі қатынының бірі мендей ұл туады, сіз өлсеңіз, қазақ­тың белі сынады» деп құрмет көрсеткен тұстарын әсерлі баян­дағанын да жан тебіренбей оқи алмайсың.
 Сондай-ақ кітаптың тағы бір айта кетер тұсы – қазақтың ас беру дәс­тү­рінің қыр-сырын аша түсуі. Алаштың туын көтеріп, елім-жерім деп еңіреген ұлы бабалар­дың рухына арналған ас берулердің мәні мен мазмұны тәп­тіш­теп түсіндіріліп қана қоймай, қазақ үшін оның маңыздылығы да егжей-тегжейлі айтылған. Қарқаралы өңір­ін­дегі Жидебай батырға, Сыр бойын­дағы, Түркістан мен Ұлытау, Маң­­ғыстаудағы Отпан тау мен ұшы-қиы­ры жоқ қазақтың ен даласындағы ас беру рәсімінің тек халыққа тамақ берумен шек­тел­мейтінін, оның тәр­биелік, тағы­лымдық, дәстүрлік, салт­тық мәні бар үлкен форум болып табы­латынын, сонау ықылым заман­дарда көрініс тауып ұрпақ­тан-ұрпаққа жеткен мирас екенін алға тартса, «Арыстан жүректі арыс­тар» деген айдармен берілген соңғы тарауында қазақ қоғамында үлкен қызмет атқарып, өліара кезеңде жол бастаған арыстарға қалам сілтеген.
 Мәселен, Зуқа Сәбитұлы, Қал­нияз Шопықұлы, Ұзақбай Құлым­бетов, Темірбек Жүргенов, Алпысбай Қалменов, Иманжүсіп Құтпанұлы сияқты ел жақсы­ла­рының өмір жолдарының ғибратты тұстары кес­те­ленген.
 Осындай халқымыздың намы­сы­нан жаратылып, дәуір жүгін қара нардай көтере білген баба­лардың тағылымды істері өнегелі жолдары «Тарихи тұлғалар тағы­лымы» кіта­бында жан-жақты жа­зыл­ған. «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» деген нақылға сүйенсек осынау ұлан-ғайыр даланың өрке­ние­тін қалып­тастыруға атсалысып, даңқ­ты тарих­ты атының тұяғымен жазып кеткен баһадүр бабалардың мұра­сын, арман тілегін, автор кейінгі ұрпаққа өнеге етіп табыстап отыр­ғанын құптаймыз әрі қол­даймыз.
Егер тарихты білу өз алдына, ал сол тарихты жасаған тұлғалар жайлы білетініңді кітап оқу ар­қылы толық­тыра түсу әлдеқайда құнды болмақ. Елбасы Н.Назар­баевтың «Егер біз Мемлекет бол­ғымыз келсе, өзіміздің мем­ле­кетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық ру­хан­­ия­тының бастауларын тү­сін­геніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел же­те­сіз» деп ағынан жарылуы, ұлттық тарихымызды зерделеп, елі, жері, халқы үшін жанын пида қылған бабаларымызға тағзым етуді ертеңгі жастарға аманат етіп тұрған жоқ па?.. 
Уақыт озады. Тарих көші ілгері жыл­жиды. Сол өрлеу, ілгерілеу жо­лында бабалар ерлігін паш ету арқылы тарихи сананы оятып оты­руы­мыз қа­жет-ақ. 
 Ендеше, Өмірзақ Озғанбаев ағамыздың «Тарихи тұлғалар тағы­лы­мы» кітабы ұлы дала тұл­ға­ларының баға жетпес ерлігін халық жүрегінде мықтап орнық­тыруға, қадірлеп-құрмет­теуге жетелейді. Шығар­маны талабы жоғары оқырман қауым жылы қабылдайды деп сенемін.







Тарих пәнінің мұғалімі:Косыбаева Динара

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!