Тарихқа тұнған туған өлкем. Ғылыми жоба Тезисі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихқа тұнған туған өлкем. Ғылыми жоба Тезисі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы облысы Балқаш ауданының құрылған кезеңінен бастап, ашаршылық, нәубат жылдары, ҰОС батырлары жерлестеріміз Б.Бейсекбаев пен М.Сеңгірбаев ерлігі жайлы жазылған ғылыми жұмыс тезисі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Балқаш ауданы «№1 Бақанас орта мектебі» МКМ

8-сынып оқушылары Ратбек Нұржол, Дулатбай Арманның

«Тарихқа тұнған туған өлкем» ғылыми жұмыс

ТЕЗИСІ

(Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жазылбекова Кымбат Саудабаевна)



Болжам: Туған өлкем Балқаш тарихын зерттеуде өлкенің тарихи өсу кезеңдері, құрылу тарихы және оның дамуына ықпал еткен азаматтар туралы ақпараттар жинау, жас ұрпақты өз туған өлкесінің тарихын тереңірек білуге баулыйды.

Зерттеудің өзектілігі: Кең байтақ еліміз тарихқа толы. Әлі қаншама зерттеулерді қажет етеді? Әр аймақтың өзіндік тарихы бар. Өз халқыңды құрметтеу, өз өлкеңнің тарихын, табиғатын білумен және оның батырларын, дара тұлғаларын құрметтеуден басталады. Елбасы өз Жолдауында туған өлкенің қалыптасу негіздерін, оның тарихын білу – біздің міндетіміз екенін атап өтті. Өз өлкемізді тану, тарихын білу, мұрасын зерделеу жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, оның одан әрі өркендеуіне ықпал етуге жетелейді.

Зерттеудің мақсаты: өлкеміздің құрылу, даму тарихын зерттей отырып, ,ашаршылық жылдарындағы аудан халқының басынан өткен қиын кезеңдерін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің батырлық ерлігі мен қаһармандығын зерттеу.

Зерттеу міндеттері: туған өлкеміздің тарихы туралы естеліктері жайлы ауданымыздың қарттарымен әңгімелесу, сұхпаттасу, жергілікті авторлардың естелік еңбектері, мұрахат құжаттары, тарихи деректер мен дәйектерді, қосымша әдебиеттермен танысу арқылы ақпараттар жинау, жүйелеу және жобада қолдану.

Зерттеудің жаңалығы: Туған жер туралы ақпаратты БАҚ, тарихи фактілер мен мұрағат материалдары зерттеу, куәгерлердің естеліктері мен жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында жаңартып отыру. Зерттеу барысында туған өлке жайлы алынған ақпаратты БАҚ-да жариялау.

Зерттеу бөлімі: Жұмыстың негізгі зерттеу бөлімі төрт бөлімнен тұрады: ауданның құрылу тарихы, ашаршылық жылдарындағы аудан тарихы, ҰОС жылдарындағы жерлестеріміздің ерлігі, Тәуелсіздік жылдарындағы аудан тарихы. 1928 ж.17 қаңтарда Алматы округінің 21 ауданнын құрамына Балқаш ауданы кіріп, орталығы Қараөзек ауылы болған. 1932 жылдан бастап аудан орталығы Бақанас ауылына көшірілген. Қазақ халқына орасан зор апат әкелген 1931-33ж.ж. ашаршылықтың зардаптарын Балқаш ауданы тұрғындары да бастарынан өткерді. Тұрар Рыскулов өзінің Сталинге жолдаған хатында (9.03. 1933.) «Балқаш ауданындағы 60 мың ғалықтан 12 мың қоныс аударған, 36 мыңы қаза тапқан, сөйтіп ауданда 12 мың ғана қазақтар қалған»- деп болған жағдайды бүркелместен, ащы шындықты ашық жазған болатын. Ауданның одан ары қалыптасуына ҰОС кері әсерін тигізген . Еңбекке жарар ер азаматтардың бәрі соғысқа аттанып, тылда қарттар, әйелдер мен балалар күні-түні еңбек етті. Олардың ерен еңбектері

жайлы жергілікті авторлардың естеліктерінде жазылған, мұражай құжаттарында көрсетілген. Жерлестеріміз Б.Бейсекбаев, М.Сеңгірбаев ерліктерін үнемі дәріптеу, жас

ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Тәуелсіздік жылдарында ауданның әлеуметтік – эканомикалық өркендеуіне үлес қосқан жерлесіміз туралы түрлі ақпараттық көздер арқылы біліп, жас ұрпаққа үлгі тұтып, өнеге ету керек екендігі айтылады.

Қорытынды: жобада туған өлке тарихы зерттеліп, кең көлемді ақпарат жиналды және жүйеленді. Бүгінгі бақытты балалық шақ – «Мәңгілік ел» болу идеясы арқасында Қазақстандағы тәуелсіздікке қол жеткізген Ұлт Көшбасшысының патриоттық және сындарлы саясатының негізі. Біздің міндетіміз – «Мәңгілік ел» болу, бағдарамасының негізін ұрпақтан-ұрпаққа, туған жеріміздің тағдырына, оның инновациялар негізінде экономикасының өсуіне үлес қосу.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.А.Назарбаев. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» Астана 2017.

  2. М.Козыбаев.Ақтаңдақтар ақиқаты.Алматы, «Қазақ университеті»,1992.

  3. М.Койгелдиев,Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алтаты «Ана тілі»1993.

  4. К.Жармуханбетов Шыңдағы шамшырақ. «Жазушы» баспасы, Алматы 1976.

  5. Газета «Егемен Қазақстан» статья «Аштық апаты» 28-маусым 1992.

  6. М.Тубекбаев. Балқаш ауданының тарихы. 2009.

  7. К.Шымырбаев. «Балқаш өңірі тарихынан...» 2009.

  8. К.Шымырбаев. Жалайыр-Қайшылы ағайындар.Алматы 2013.

  9. Балқаштық батырларға мың тағзым.Бақанас 2015.

  10. «Бақ дарыған-Балқаш елі» Бақанас 1998. «Балқаш өңірі»баспасы.

  11. З.Абилқасымулы. «Қара құйын» Жетісу, 1992.

  12. Г.Жебесинова. «Іледен-Балқашқа дейін» Жетісу,1988

  13. «Балқаш өңірі» газеті, «Елім деп өткен ағалар» мақаласы. 19-желтоқсан,1998.

  14. Балқаш аудандық архив материалдары.

  15. О.Исабаев.Туған жерге тағзым 2006.

  16. Балқашым-Байтақ мекенім. Тарихи-танымдық деректі кітап. Алматы:2018.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі