Материалдар / Тәттімбет .Күйші,домбырашы әрі кәсіпкер және финансист.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәттімбет .Күйші,домбырашы әрі кәсіпкер және финансист.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып,тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.. өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып ,халықттың классикалық қорына жатады.Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырып өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, танылған суреткер –күйші –композитор. Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп,жанымен сүйсінген,күй жанрының болмысын шынайы ұққанөнер адамы екендігін байқауға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2024
143
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Тәттімбет Қазанғапұлы 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы уезіне қарасты Қу болысы,Дастар тауы бөктеріндегі(қазіргі Егіндібұлақ ауданы) Мыржық деген жердің Қызылжал қыстауында орта шаруа отбас-ында дүниеге келген.Тәттімбет Қазанғапұлы 1862 жылы 47 жасында қайтыс болады. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті,ел-жұртына қадірлі,инабатты адам болған. Қазанғаптың әкесі Мөшекеден 13 ұл туған.Осы 13 ұлдан тараған ұрпақтар қазірде Дастар тауының өңіріндегі «Мөшеке» мен «Маңыбай» бұлақтарының төңірегіне қоныстаған. Тәттімбетке домбырашылық өнер өзінің арғы ата тегінен бастап дарыған.Тәттімбет шыққан Қаракесектің Шаншар руында Битен,Шитен сияқты сөзге шешен,өнерпаз күйші-домбырашы серілер өткен.Бұлар өнердің қай түрінен болмасын құр алақан қалмаған.

Біржан-сал бір өлеңінде:

Тәттімбет Арғын арғын асқан ардагерім,

Шығарған қырық күйін өрім-өрім

Арқада одан асқан күйші бар ма,

Сусынын қандыратын туған елдің.-деп жырлады.

Әр түрлі тақырыптарды қамтитын 40-тан астам күй шығарған.Тәттімбет Арқа жерінде шертпе күйдің негізін қалаушы,бірегей дарын иесі, өзінің осы қасиетімен тарихта қалған.Ол қазіргі Егіндібұлақ ауданының Мыржық деген жеріндегі Мешеке-Маңыбай бұлағында дүниеге келген.Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті кісі болыпты.Жастай ән-күйге бейім өскен Тәттімбет ел арасында қадірлі, өнерлі жігіт болып өседі. Өнерлі адамды сыйлау,еркелету кеңшілігіне қолы жеткен Тәттімбет ән-күйдің қызығына беріліп, домбыраны алуан нақышпен тартатын, халық көңілін сергітіп, күй өрнегін молайтуды мақсат еткен.Тәттімбет Қазанғапұлын күйшілігімен қоса тұңғыш геолог,тұңғыш инженер ретінде атап айтуға болады. Белгілі ақын Кәкімбай Салықов «Тәттімбет» поэмасында:

Берді Алла ата- ананың көрегенін,

Ақ сүтпен сіңді ұйқыға бөлеген үн.

Күй келді күн сәулесі,самал желмен,

Қарашы,аруақ қолдап жебегенін

...Асырды бұл баланың бабын көптен

Береді әнге қосып атын да

Есімін Тәтмұхамбет азандағы,

Ел,жұрты атап кетті Тәттімбет-деп жүрегінен ақтарылыпты.

Тәттімбет шыққан орта.

Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз,Арғын,оның ішінде Мейрамнан тарайды.Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық,Сүйіндік,Бегендік,Шегендік,Қаракесек(Болатқожа).Шұбыртпалы деген аталар өрбіген.Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді.Нақты айтатын болсақ Қазанғап Мөшекеұлынан Ырысымбет(Ерсімбет),Құттымбет,Жақсымбет,Тәттімбет.Ырысымбеттен-Оспан-Тасмағанбет-Қорабай,Қалыбай...Құттымбеттен-Жанұзақ-Ысмағұл,Мұқыш(-Сәкен,Қанат).Тәттімбеттен-Мұсатай(-Жағыпар,одан Шәкен;Әкпар;Шайқы,одан Самат),Қысатай(-Зейнел,Кәбіш).Исатай...Әкпардың азан аты,сірә,Әубәкір болса керек.Қысатайдың Зейнелінен –Зекен,Салахитдин күйші;Кәбішінен-Өзбек.

Осы әулеттен халқымызға сансыз көп те тамаша күйлерімен тәнті болған атақты Тәттімбет Қазанғапұлы шыққан.Ұлы күйші-композитордың немересі Шайқы ақсақалдың жазып қалдырған естелігіне қарағанда,оның әкесі Қазанғаптың өнерге ешбір зауқы жоқ, тек қана ерекше мал-дәулет жинаған шаруақор адам болған екен,ал бәйбішесі Қалайы ерекше сауыққұмар әнші де,ән-күй шығарғыш жан болыпты.Тәттімбет домбыра тартуды әкесінің інісінен үйренген.Келе-келе ол өз жанынан күй шығарып,орындау шеберлігімен Сарыарқаны әуезді сазбен тербеткен дүлділ домбырашы атанған.Мәшһүр Жүсіптің айтуынша,«Тәттімбет Мұса,Секербай заманындағы Қаракесекте үштің бірі болып атағы шыққан.Өзі бай,өзі өнерлі,өзі бет біткеннің сұлуы,өзі шешен,айыр көмей,темір жақ домбыра тартып,ән қосқанда алдына жан түспеген...»Тәттімбет өз заманының саяси, әлеуметтік істерінің бәріне де белсене араласып, халқына барынша қызмет еткен қоғам қайраткері:Омбының генерал-губернаторы шақырған түрліше жиын-мәслихаттардың біразына ол Қарқаралы дуанының басты өкілі дәрежесінде қатысқан;1855 жылдың 24 наурызында Ресей патшасы Александр ІІ таққа отыру салтанатына қатысып,күй тартып,Күміс медаль алып қайтады;сол сапарда орыс патшасының қабылдауында болып,өз ұлтының мұң-мұқтажын айтқан.

Тәттімбетке әншілік, күйшілік өнер ғана емес,ақыл мен тілді де молырақ дарытқан сықылды.Қазанғап бай ертеде бір дауға ілігіп, соның жөн-жосығын білмек үшін есті баласы Тәттімбетті Жабақ биге жұмсапты.Мән-жайға қанған Жабақ би сонда: «Әкеңе сәлем де, бұл даудан ұтылмауды ойласа-құдай жағына шыға берсін...» деп жұмбақтай сөйлепті.Тәттімбет сол кезде тіпті жас екен, он беске әлі жетпеген болса керек, сөйтсе де: «Құдайыңыз сонда Қарқаралыдан қашықта ма?»деп сұрапты.Кәрі би жасөспірім баланың зеректігіне сүйсініп: «Алыстағыға әуре болмасын деп бізге алла тағала Алшыекеңді берді емеспе, соның аузын алса болды да...»деген екен.Тәттімбет Қазанғаптың бәйбішесінен туады.Отау иесі болатын жасқа жеткенде Сармантай,Мұрат руынан шыққан Ақбөпе деген қызға уйленеді.Бұдан Мұсатай,Қысатай,Исатай деген үш ұл туады.

Исатай25 жасында жай түсіп қайтыс болады.Ақбөпе ерте қайтыс болады.Тәттімбеттің бір күні жолы түсіп Дегелең тауының солтүстік бөктерімен кештетіп келе жатады.Қараша айының аяқ кезі болса керек.

Күн бұрқақтап,қара жаңбырдың арты қарға айналып,ымырт жабыл-ып,алдағы барамыз деген кең кезеңдегі ауылға әлі біраз жер бар.Сол

кезде тау алқабының бір сайындағы ауылдың оты көрінеді.Мына түн-де,жауын мынау,несіне іздейміз, осы ауылға барайық десіп,от көрінген ауылға келеді. Ауыл жұпыны,тәйпиген тас қорашық,шеткі үйге келіп ат басын тіреген, үй иелері сәлем беріп,қонақжайлылық ізет көрсетеді.Үй иесі:-Шырағым, Тәкіжан біз мына тас қорамызға кеше ғана көшіп келіп,жылы үйімізге кіре алмай,шошала үйімізде ұрыдан сақтанып, екі сиырымызды да осында байлап отыр едік.Айыпқа бұйырма деп өтініш айтып,бір тоқтысын сойып барымен күтеді. Ет жеп,сорпа ішіп болған қонақтарға қол сүртер орамал берілмейді.Тәттімбеттің жолдасы:

-Уа, жеңгесі, қолдың майын сүртер майлық жоқпа? дейді.

-Қонағым орамалымыз жоқ еді,қолыңыздың майын қасыңыздағы сиырдың үстіне сүрте салыңыз,-депті; үй иесі әйел.

-Жеңгесі,майлық сиырыңыз қайсысы,сулық сиырыңыз қайсысы еді,-деп Тәттімбет күле сұрапты.Әйел сөз таба алмай бөгеліп қалғанда, қызы Есім:

-Екі сиырдың да жауырын жағы сулық,сауар,сан жағы майлық депті.Тәттімбет Есімнің тапқыр сөздеріне ерекше сүйсінеді.Тәттімбеттің өзіне серік болар адамды қарастырып жүрген кезі болатын.Себебі ол осының аз алдында өзінің бәйбішесінен айырылған болатын.Тәттімбет бірден құдалық жағын айту ынғайсыз болатынын сезіп Түлкібайдың ағайындарымен сөйлесуді жөн көреді.Сөйтіп ол Түлкібайдың Қойшыбай деген ағайынын тауып оған өз ойын жеткізеді. Түлкібай бұрын жақсы білетін әрі замандас,әрі үзеңгілес адамы Қойшыбайды ықыласты қабылдап:

-Тәттімбетке айт,сөз салу сырын түсіндім.Өзі олқыланбаса,біз зорсынбаймыз.Ұзатып алуға дайындала берсін деген екен.Тәттімбет, Есімді айттырып алады.Есім жаста болса, бас бола білген.Тәттімбеттің ордасына ұйытқы,балаларына ақ жарқын ана болады. Елден тараған аңыз бойынша Есім жас та болса, жұртына сыйлы, қадірлі болған.Үш баланы өз бала-ларындай тәрбиелеп асыраған.Таң сәріден ерте тұрып алып,ұйықтап жатқан балалары оянып кетпесін деп, есік алдындағы шырылдаған боз торгайды қуалайды екен.Тәттімбеттің үлкен баласы Мұсатай бұдан үлкен болса да шешем деп сыйлайтын көрінеді.Жалпы балаларының қайсы болсын туған анасындай жақсы көрген.Есімді « күйші бәйбіше» деп атаған.Осы Есім бәйбішеден туылған Сәуле деген қыз болған. Бірақ ол ерте бала кезінде,он екі жасында қайтыс болған.Бүгінде Есім бәйбіше жерленген қорымда Мұсатай,Исатай,Қысатай,Сәулелер жатыр.Олардың бейіті Дастар тауының етегінде Қарасор көлінің жанында орналасқан.

Тәттімбет Қазанғап ұлы өзінің әкесі Қазанғаптың жанына жерленген. Оның әкесі Қазанғап Шаншар-Айбикенің жерінде «Арқалық» ауылының жанында жерленген.Оның себебі Қазанғап Мыржықтан жайлауға кетіп бара жатқанда жолда қайтыс болады.Ол заманның салты қай жерде қаза болса сол жерге жерленуі керек екен.Сол себепті Қазанғап осы жерге жер-ленген.Ал, Тәттімбет қайтыс боларының алдында: «Әкемнің жанына жерлеңдер» -деген екен.Екінші жорамал бойынша көп жылдар қазы болып сайланған Тәттімбеттің ұлы Мұсатайды Балқан(Қу) тауының іргесінде орналасқан Көшім еліне болыс етіп сайланған.Сол себепті Қазанғап сол Мұсатай ауылынан жайлауы Нұра бойына көшіп бара жатқанда қайтыс болған.Жоғарыда айтылған салтқа байланысты сол жерге жерленген. Тәттімбет қайтыс болғанда бүкіл Орта жүздің өкілдері жиналып: - Тәттімбет Арғынның бетке ұстар аяулы азаматы еді.Оның мәйітін Ахмет Яссауидің бейітінің жанына апарып қою керек,-дейді.Сонда Маңыбайдың тұңғышы Мінекей: «-Еліне ардақты адамның сүйегін алып кетсеңдер,бүкіл Арқадан құт кетеді.Ол - киелі адам.Егер атамның аруағын құрметтеп, қошемет көрсеткілеріңіз келсе,Яссауи мавзолейіне оның бір қолын шауып алып,апарып қойыңдар»,-дейді.Бірақ мұндай ұсыныспен көпшілік келіспеген болса керек. Ақыры күйшінің өзі өтінгендей, ол Қазанғаптың бейітіне жерленеді.Өзі өлер алдында,әкемнің бейітінің аяқ жағына қойыңдар деген екен.Ұлы күйшінің «Өлгенде қолын шауып алып кетіпті»деген сөз осыдан қалса керек.

Тәттімбет ұрпақтарынан Зекен домбыра, скрипка, гармоньда өте жақсы ойнапты.Салахитдин де, үлкен әкесінің күйлерін шебер тартып, біздің заманға жеткізген...

Ақбота болысы.

Шаншар болысы 1841 жылы екіге бөлінді:Шаншар-Нұрбике,Шаншар-Айбике.Шаншар-Айбике болысын Алшынбай және ұлдары басқарды,ал Шаншар –Нұрбике болысын Тәттімбет Қазанғапұлы 1841жылдан-1857 жылға дейін басқарды.1857 жылы кәсіпкерлікпен айналысатын болып (кенді басқарды) өз еркімен орнынан босады.Ұлы Мұсатай оның ісін әрі қарай жалғап беделді Қазылардың бірі болды Шаншар-Нұрбике болысын 1870жылы «Ақбота» деп атаған.Сол жылдан бастап 1896 жылға дейін Семей уезіне қараған.Ал Шаншар-Айбике болысы : Арқалық,Едірей болып екіге бөлініп Қарқаралы уезіне берілді.1896 жылдан -1927 жылға дейін Қарқаралы уезіне бағынды.

1928 жылдан бері Абыралы ауданының жері.Сонымен Тәттімбет күйші атамыз Абралыдан шыққан Қазақ елінің еркесі, атамызға арналған музей Егіндібұлақта бар. Бірақ ол елге жер жағынан ешқандай қатысы жоқ.Дегенмен атамызды «біздікі» деп әр ауыл мақтан еткеннің артықшылығы жоқ.Мұхтар Әуезов Шаншарларға мынадай мінездеме береді: «Көрші ел шаншарлардың қулары дегенде қатты ығысатын.Ас,жәрмеңке сияқты қалын жиындарда бір жерде тобымен жиналып,күліп,сөйлеп келе жатады.Ойбай,Шаншар, келе жатыр.Қылжақ етеді»! деп өрттен қашқандай дүркірей қашады екен.Бұл әдет Шаншардың мысқыл,мазаққа ұста болып, тауып айтқыш, өткір тілдігінен туған . Қандай жанның болса да мінін таппай қоймайды, мінін тауып алса түндігінен ұшырғандай қылып соқтығады.Сөз шабуылуымен кімнің де болсын есін шығарып, есеңгіретіп кетеді»деп мінездеме берген.Шаншарлар үш анадан тараған олар:Айбике,Нұрбике,Қызданбике.Ақбота болысы Дегелең,Бөрлі,Едірей,Көкен,Мұқыр,Семейтау болыстарымен көршілес болған.

Дегенмен Ертіс жағы, бүгінгі Курчатов қаласы осы Ақбота болысының жері.Шекарасы Дегелең тауымен Майлықара, Тарбақ, Қойтас елді мекен-дерін қамтиды.Майлықарада ,Айғыржал,Қаражал деген кен орындары бар.Оларды ерте кезде(150-200 жыл бұрын) жергілікті қазақтар ашқан.Бірақ патша заманында кен орындарын қазақтардан тартып алған орыс-татар байларына берген. Жандарал жолы осы елдің үстімен өтеді.Қарабұлақ өзені Едірей тауынан басталып Ақбота мен Дегелең болыстарын бөліп тұр-ады.Тәттімбет атамыз Абыралы ауданының Ақбота болысының тума-сы.Тәттімбет қайтыс болғаннан кейін ұлы Мұсатай Қарқаралы округтік приказга қазы(заседатель) болып сайланды.







II. Күй құдіреті- Тәттімбет. Күймін-мен.Күйге айналған Тәттімбетпін, Алдында алуан күйді тарттым көптің. Қуаныш, қызық сыйды шанағыма,

Пернеден мұң мен шерді шерттім де өттім. Мен едім ардагерің арғын асқан

Әр кешім әсем,нұрлы таңға ұласқан Серуендеп шыққан кезде күйімменен Сейілттім қара бұлтты тауды басқан Мен туған Мыржық тауы, қандай едің, Даламның Күнге тосқан маңдайы еді «Сарыжайлау», «Сарыөзекті» төгілткенде

Сусыны,тыңбайтұғын, қандай елім. Жүрдім мен бабам салған жолмен ғана,

Ой кештім еркін, асқақ заңмен ғана. Күйіме сыйып кеткен аспан мен жер, Қосылған әуеніме тау мен дала. Салдым мен қоңыр кеште «Салқоңырға», Бастым мен «Бес төреге» таң шағында

«Айдос» пен кезек беріп «Алшағырға». Аттандым жауға қарсы атой салып,

Ерлерді күйге қостым апай төсті, «Сылқылдақ», «Былқылдақпен»-екі ой көшті. Елімен, жерімменен қош айтыстым Көкейден туған кезде «Көкейкесті» Таңбасын «Көш жанаған » тасқа салды, Ақылым сезімменен астаса алды Патшаның өзі келіп медаль таққан Шерткенде төгілдіріп «Қосбасарды» Алмасып туған жердің жазы жатты

Өшпестей өткен күннің сазы қапты.

Жанымды түршіктіріп оқыс ойлар

Бір күйім туған еді «Азына» атты , деп Бауыржан Жақып Тәттімбеттің күйшілік өнерін өз өлең жолдарына қосқан.

Тәтті күйдің атасы Тәттімбет болса керек.Олай дейтініміз, әсем сазды, ырғақты,жүрек қылын шертетін әуен Тәттімбет күйлерінде жатыр. Тәттімбет туралы әлденеше қанатты сөздер,қызықты аңыздар елге тарады.Арқада « Тәттімбеттің тәтті күйін, «Сарыжайлаудай» сәтті күйін, «Сылқылдақ», «Былқылдақ» сияқты бапты күйін тыңдамай,көкірек балқып,көңіл жусайма»деген сөз де бар.Тәттімбет атамыз небәрі 47 жыл өмір сүрсе де артына мол мұра қалдырған. Оның «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкейтесті», «Қосбасардың» 12 түрі, «Алшағыр», «Көш жинаған», «Теріс қақпай», «Сары өзен», «Бес төре», «Балқантау » сияқты күйлері домбырашылардың сүйіп тартып , тыңдау шыларын сүйсіндіретін көңіл күйіне айналған..

Тәттімбеттің күйді кімнен үлгі алып тартқанын, күйшілік өнеріне берілуіне не нәрсенің түрткі болғанын ешкім талдап айта алмайды.Ұлы өнердің ізі суымайды .Тәттімбеттің кейбір күйлерінің таралу тарихын ел аңыз етіп айтады.Тәттімбет-лирик,сыршыл композитор.Оның күйлері әсем сазды әуенге толы.Оны күй аттарының өзі-ақ айтқандай.Мысалы: «Сарыжайлауды» алып қараңыз.Атының өзі біраз жағдайаттан хабардар етер бұл ұлы күйдің бойында ұлан даланың бар болмыс кескіні мен тіршілікт ынысы жатқандай.Асығып, аптығуы жоқ, барынша салмақты,кең сабалы сабырлықпен жайдары тербелер сарын сазы тайпалған жорғасынан жаңылмай, кең сахара төсімен ырғала жылжып,ілгері көшіп барады.Күй сарынынан сол кездегі қайран даланың келмеске кеткен сұлу келбеті ұшқан құс, жүгірген аң, тағысы, керімсал самалы,соларға өз төліндей,бауыр баса еркелей елжіреген адамы,тіршілік тынысы танылады.Даланың көңіл көзі жетпесе,адамның көзі жетпес алапат кеңістігі.Сол кеңістікпен ғана үйлесе алар дархан дала сипатты «Сарыжайлау» күйінің өн бойынан өз өрім-бітімін тапқан Тәттімбет күйшінің кемелді кемеңгерлігі сұңғыла суреткерлігі,әсершіл сезімталдығы шүбә келтірмейді.

Тәттімбеттің қайғылы,философиялық ойлы күйлерімен қатар күлдіргі «Қара атты мен торы атты» күйі болған.Бұл күй халық арасында ұмытылып кеткен.Ұлы күйшінің 40-тан астам күйлері бар екені белгілі.Алайда сол асыл мұра түгелдей халықтың құлағына жетіп,назарына ұсынылды ма? Күйшінің он шақты танымал күйлерінен басқасы әлі де беймәлім.Олар не радиодан,не сахнадан естілмейді.Тіпті ұлы күйшінің атындағы оркестр репертуарында да шертпе күй атасының туындылары толық емес.Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыстық мәдениет департаменті мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік тарапынан әртүрлі шаралар қолға алынуда.Солардың бірі-Қарағанды баспасынан шыққан «Сылқылдақ» аталатын Тәттімбет күйлерінің партитурасы.

Халық аспаптары оркестріне арналған партитураға Тәттімбеттің бес

күйі енген. Олардың оркестрге лайықтап жазған белгілі күйші,дирижер Әбуғалисын Шоқанбаев Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдаған білікті маман.

Он тоғызыншы ғасырдың ортасы.Дәлірек айтқанда 1851 жылы Тасбұлақ,Суықбұлақ деген жерлерге киіз үйлер тігіліп, 48 болыстан жиналған халыққа үлкен ас берілді.Осы игі думанда күйші осы жер атына сәйкес екі күй шығарды .Неге екені белгісіз осы күйлер ел арасына киелі деп аталып кетті.Олардың киелі болу себебінде де үлкен мән болса керек.

1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ІІ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақ өкілдерімен Петербургке барып «Балбырауын», «Тепеңкөк», «Секіртпе», «Домалатпа» күйлерін орындаған. Сол сапарда ұлы күйші күміс медальға ие болғаны белгілі.Сол медаль күні бүгінге дейін «Қаратау» совхозының тұрғыны,Тәттімбеттің шөбересі Өзбек Көбішұлының отбасылық жәдігері ретінде сақтаулы.

Қарағанды қаласындағы музыка училищесі де Тәттімбеттің есімімен аталған.Сонымен қоса Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі бар екені белгілі.Оркестр Тәттімбеттің бірнеше күйлерін орындайды.

Күн шұғылалы республикамыздың бұрынғы астанасы Алматыдағы қазақ консерваториясында 1971 жылдан бастап шертпе күй сыныбы жұмыс істейді.Ол Тәттімбеттің мектебін негізге ала отырып үйретеді.

Тәттімбет көптеген білімді ғалым адамдармен қарым-қатынаста болған.Мәселен, Адольф Янушкевич 1846 жылы 25 қыркүйектен бастап үш күн Тәттімбеттің ауылында үш күн болған,күйшімен бірге жүрген, күй тартқызған.Бұл жайында ол өзінің «Күнделіктер мен саяхаттар» атты кітабында жазады.Техника ғылымының кандидаты Юрий Григорьевичтың «Свидание с Сары-Аркой» кітабында «Золотая домбыра Таттимбета» деген тарауында Тәттімбет өміріне тоқталып, күйлері жайында баяндайды.

Тәттімбеттің халыққа істеген бір ұнамды ісі Қарқаралыда Құнанбай мешітін салынып бітуіне зор белсенділік көрсетіп араласқаны.Архивтегі «Қарқаралы селосындағы мешіт құрылысы жөніндегі іс» деп аталатын 32 парақ қағазда мешіт құрлысын салу жөнінде 1847 жылы 22 қыркүйекте біздер төменде қол қоюшылар мөр басып, таңбасын салушылар 5 қыркүйекте приказга берген тілегіміз бойынша Қарқаралы селосында ( селен иесінде деп жазылғын) мешіт салып, оған ерікті түрде қаражат жинап береміз» деп 16 болыс правительдерінің ішінде 6-шы болып Нұрбике-Шаншар болысы Тәттімбет Қазанғапов қол қойған. Бұл мешітті Құнанбай Өскенбайұлы 1851жылы 20 қаңтарда шекара бастығына жазған хатында мешіттің салынып біткенін хабарлайды.



Күй тарихы.

­Қазақ халқының ардақты ақыны Жұбан Молдағалиев Тәттімбет атамыздың «Сарыжайлау» күйіне арнап мынадай өлең шығарыпты.

«Сарыжайлау»

Біреу-ақ Құрманғазы- күй құдайы,

Сыйлайды «Сарыарқаны», қиды «Адайды».

Күркіреп көбік шашқан Атыраудай,

Кеудеме көк дауылын құйды ұдайы.

Ал мынау Тәттімбеттің «Сарыжайлауы»,

Алдыңа әкеледі сан жайларды.

Қыз дүние, қызық дүние бір сарыны,

Күңіреніп енді бірде зар жайлайды.

Тарлан күй тербеледі, теңселеді,

Талай қыр, талай сырды еңсереді.

Сермейді,сұңқылдайды,сыңғырлайды,

Ез емес, еңселі ері, ел сенеді.

Сарыжайлау

Композитор «Сарыжайлау» күйін Майдасары жайлауына қоныстаған кезінде,күз мезгілінде шығарған.Мұнда табиғаттың әсем суреті,жаз сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді.Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды меңзейді.Күй табиғаты сыршыл,қиялшыл,мөлдір лиризмге толы.Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп,енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.

Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің шығу тарихы әрқилы айтылады. Күйшінің ұрпағы болып келетін Тұрысбек бұл күйден адам өмірінің көк майса жасыл жайлау төрінде сарқырап аққан өзендей өте шыққан жастық шағын еске салумен бастап,нәзік те әсем иірімдермен айнала қоршаған табиғатқа, тіршілік тірегі болған туған жерге деген сүйіспеншілік,ынтызарды көреді.Күйдің бүкіл болмысынан біресе, құйқылжи құйылған жігерді,енді бірде пәкті мұң толқынын сезінесің.

Бес төре.

Патша сарайында домбыра тартқызып, бір мақтанып қалу үшін төрелер Тәттімбетті өздерімен Петербургке ерте барған. «Бес төре » күйінің шығуына төрелердің патша алдындағы жағымпаздық,жандайшап жасанды қылықтары,ел ішінде жасаған озбырлық әрекеттері себеп болса керек.Тағы бір дерек бойынша:Тәттімбеттің Омбыға барған сапарында туған делінген Оның шығу тарихы төмендегідей баяндалады:

...Тәттімбет бір ауылда мәжіліс құрып,гулесіп отырған азулы билер мен төрелер ортасында өз кезегін алып,тыңнан бір күй толғайды.Тосыннан тартылған бұл күйге тыңдаушылар елеңдесіп қалады.Анықтап аңғарған адамға күй бойында шымшыма сықақ,әжуа күлкі бар екендігі байқалады. «Апыр-ау, мына бұрын естімеген күйді не оймен ортаға салып отыр екен? »деп ойлаған пысықтау біреуі күйдің шығу тарихын, мән-мағынасын сұрайды.Сонда Тәттімбет оған:

«-Күйдің аты- «Бес төре » Бесеуі де мес төре, Санаң болса кеудеңде, Жұмбағымды шеш төре, Өз еліне қасқырдай, -Неге мұнша өш төре?! » деп жауап береді.

«Бес төре» күйінің әуенінде өткір юмор бар. Және де тыңнан қосылатын әуеннің жаңа фрезалары күйдің диапазонын кеңейтіп,толықтыра түседі.

«Бес төре» күйі комозитордың өткірлігін,әрі тапқыр,ұшқыр қиял иесі екендігін аңғартады.

Көкейкесті.

Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – Көкейкесті күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежірес нің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады.  Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі. «Көкейкесті» күйін үздік орындайтын Ақсуат ауданында тұратын қарт домбырашы Бағаналы Саятөлеков былай деген: «- Тәттімбет - өмірінің соңғы жылдарында қатты науқастанып жатқанда елдің атқа мінер азаматтары көңілін сұрай келіп,Тәттімбеттің күйшілік өмірін мақтанышпен сөз етеді.Сонда күйші домбырасын алып төсіне қойып күй тартыпты.Бұл қай күй? дегендерге.

-Күйімнің аты «Көкейкесті» деген екен.Бұл күй күйшінің інісі Жақсымбет арқылы елге таралған деседі. « Көкейкесті» күйінде Тәттімбет табиғат сипатын сырттай қабылдап қапысыз бейнелер суреткер,оқиға болмысын күй тілінде сөйлетер дара сезім иесі дәрежесінен әріге,тым терең тұңғиыққа бойлап заңғар биікке кемеңгер философ деңгейіне бара алған.Аз ғана ғұмырының түйінді тұсы,егілген көңіл,еңіреген тірлік,адами бар болмыс «Көкейкесті» тілінде сөйлейді.Көкейдегі көңілін,кешкен өмірін көрген қуаныш,қайғысын,үзілген үміт, жалғасқан тірлік атаулының бәрін кемеңгерлікпен толғау,кемелділікпен өлшеп-піше алғандай ма дерсің. «Көкейкестінің» терең философиялық мәні де,осында жатыр.Кейбір деректерде бұл күй Тәттімбеттің әйелі Есімге арнаған күйі делінген.

Сылқылдақ

Тәттімбеттің Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары оркестіріне түсірілген күйлерінің бірі-«Сылқылдақ».Бұл күй нәзік лирикалық сарында жазылған.Осы күйді композитор өзімен сайысқа түскен домбырашы қызға арнап тартқан дейді.Бұл жұмсақ сезім, жұпар самалдай бірден тыңдаушы жүрегін баурап алады. Күйдің атына заты сай.Күйдің тұла бойында жастық шақтың тас қайнатар қызулы жалыны , жарық дүниеге деген іңкәр жүрек дүрсілі қамшының қос өріміндей берік желі есіп тартылған.

Былқылдақ.

Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал Былқылдақ күйі жер атына байланысты ,елде Былқылдақ атты сазды жайлау болған . Күйдегі романтика– мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр.Ел аузындағы тағы бір аңызда Тәттімбет осы күйін Былқылдақ атты сазды жайлауда отырған шақта бір сұлу қызға арнағандығы айтылады. «Былқылдақ» күйін алғаш нотаға түсірген белгілі фольклорист А.В.Затаевич.Ол бұл күйді К.Тіленшин деген домбырашыдан жазып алып,өзінің 1931 жылы басылып шыққан «Қазақтың 500 ән-күйі» атты кітабына енгізген.

Тәттімбеттің «Алшағыр»күйінің тарихы былай әңгімеленеді.Мыржық деген қалмақ батыры бастаған жау елге маза бермеген кез екен.Қарқаралы төңірегінен Алшағыр батыр қол бастап жауды жеңіпті.Жеңілген қалмақ батыры Мыржық жараланып өлер алдында «мына тауға менің атымды қойыңдар» деп ақырғы тілегін білдіріпті.Тәттімбет туған жер ақ қайың шынар, терек өскен, сылқылдап тоқсан бұлақ ағатын «Мыржық» тауының тарихы міне осындай.Тәттімбеттің «Мыржық» күйі осы жердің әсем табиғатына, туған жерге деген сағынышқа арналған.

Шаншар руын 1824-1843 жылдар арасында Абылайханның немересі шам басқарды.Бір болыс болады.Халқының саны 3300 отбасына жетті.Қарқаралы округтік приказда аға сұлтан болып Бөкейханның немересі Тұрсын Шыңғысов 19 жыл сайланды. Осы аға сұлтанның орнынан түсуін талап еткен азаматтың бірі Тәттімбет.Шам Аблаевпен Тұрсынов екеуі Алшынбай мен Қазанғапқа,Тәттімбеттерге жол бермейді.

1843жыл Шам дүниемен қоштасты. Шаншар болысын екіге бөлді. Шаншар –Айбикені Алшынбай,Шаншар - Нұрбикені Тәттімбет басқарады.Қазанғапты бұл орынға бекітпеді. Тәттімбет бірден халық қамын ойлады.Майлықарада мектеп салғызды.Бірақ көп ұзамай мектепті Дегелең- Майлықарадағы солдаттар талқандап кетті.

Тәттімбет атамыз оқығандар ғана қоғамға пайда әкелетіні түсінді.Сол үшін осы мектепті салғызған.Тәттімбет Қазанғапұлы салғызған мектеп Абыралы өңіріндегі тұңғыш мектеп болған.Осы мектептен кейін бірнеше болы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!