Материалдар / Татулық – достық кілті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Татулық – достық кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Балаларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Балалардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
1387
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Татулық – достық кілті

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Татулық – достық кілті_


Тәрбие сағатының мақсаты:


Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

Балаларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Балалардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық


Тәрбие сағатының түрі: дәстүрлі

Тәрбиеші сөзі: Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы біздің үйімізде дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.


Топты түрлі-түс қағаздармен бөлу. Топтың атын балалардың өздері қою.


Топ. «Татулық»

топ . «Сыйластық»

Ойын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру

1. Достық туралы мақал-мәтелдер.


2. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған.


3. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»



1. Достық туралы мақал-мәтелдер.


Мақалды жалғастыр

«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

«Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

«…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

«……….ақшаң болғанша, көп досың …».

«Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».


«Досы … , өзі де жақсы».

«…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».


«Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

« Досың мың ….,

біреу болса да көп».


« … адам тамыры жоқ … тең»

« … дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.


дос болсаң,







2. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған сұрақтар.


Дос сөзін қалай түсінесіндер?

Достық дегеніміз не?

Шын дос қандай болуы керек?

Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?


3. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»


Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.

1.Досым, саған сенемін.

Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.


2.Балдырған баламыз , досты көп табамыз

Қашан да, қайда да, достар бір-біріне сенімді боламыз!

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!


3.Достық деген алты әріптен құралған!

Достық деген бар арман

Доссыз болу,бұл жаман

Досың болса ,бар бақыт!



Ән айту «Достар»

https://www.youtube.com/watch?v=6JAdbNkc970



Қорытындылау

Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.


Дос болайық бәріміз


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!