Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Бөлім 3. Физикалық география. ЛитосфераКүні: Сынып: 8 | Мектеп: «Қызыл таң» жомМұғалімнің аты-жөні: Арыстанбекова МаржанҚатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Тау жынысының жасын анықтау.Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.9 Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады. |
Сабақтың мақсаты | Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсінеді. Жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оларда жүрген геологиялық оқиғалардан кейін таралған пайдалы қазбаларды ажыратады, талдайды. |
Бағалау критерийі | -Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсінеді. -Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені біледі. -Жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдер мен оларда жүрген геологиялық оқиғалардан кейін таралған пайдалы қазбаларды талдайды |
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу және түсінуЖоғарғы ойлау деңгейлері |
Тілдік мақсаттар | Оқылым: геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте туралы мәтінді оқи отырып зерделейдіТыңдалым: жердің даму тарихы туралы ондағы тіршілік иелері туралы білгендерін тыңдайдыЖазылым: кестені сағатқа айналдыра отырып берілген тапсырманы орындайдыПәндік лекcикa және термионология: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозойДиалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестерді аяқта:Геологиялық жыл санау немесе геохронология дегеніміз______Геохронологиялық кесте дегеніміз_____________ |
Құндылықтарға баулу | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. |
Пәнаралық байланыс | Химия (уранның ыдырауы) , биология (жануарлардың түрлері), тарих (даму кезендері), информатика (АКТ) |
Алдыңғы білім | 7.3.1.3 -Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг Тау жыныстарының пайда болуына қарай түрлерін талдап, мысал келтіре алады |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы7 минут
| Психологиялық ахуал «Жүректен-жүрекке» әдісі Шеңбер құрып, бір-біріне сабаққа деген жылы лебізін білдіреді.Топқа бөлу. Кеспе қағаздар арқылы.I-топ. ПалеонтологияII-топ. ГеологияIII-топ.АнтропологияӘр топ өз тобының атауының мағынасын ашадыМысалы Палеонтология - ..... ғылымы. Геология -...... ғылымы Антропология-....ғылымы | «Шаттық шеңбері» Тренинг.
Кеспе қағаздар:
Оқушылар тақырыптың мазмұнын өз беттерімен ашады |
Сабақтың ортасы28 минут
| 1- Тапсырма (Т)«Галерея» әдісі арқылы оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқып, мәліметтерді тірек сызбамен немесе суретпен, топпен бірлесіп ашады.Оқулықпен жұмыс: 1-топТау жыныстарының жасын анықтау әдістерін сипаттап, кестені толтыр
2-топ
3-топ
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау | Оқушылар тақырыптың бөлімдерін тірек сызбамен немесе суретпен ашадыгеография пәні оқулық8 - сынып65-бет
Тиімділігі тақырыптың мазмұнын ашып түсіне алады
|
| 2-тапсырма. Саралау тапсырмасы«Мәліметтер картасы» әдісі Берілген суреттерге жан-жағына мәліметтер картасын жасау Француз физигі П.Кюри пен ағылшын физигі Э.Резерфорд ашқан әдістерді сипаттау;-Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан геохронологиялық кестедегі кездескен пайдалы қазбалардың таралу ареалын көрсету; геохронологиялық сағат құру
-Тектоникалық картадан Қазақстан аймағындағы ірі платформалар мен плиталарды анықтап, тау қатпарлықтарының өту мерзімін анықтау; Дәуірлерді есте оңай сақтау үшін кілт құрайдыМысалы: Кейбір оқушы сабақта досының көмегін пайдаланады. Кембрий.Ордовик.Силур.Девон.Карбон.Пермь
ҚБ «Сэндвич» әдісі арқылы бағалау1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
3 -тапсырма . Жұптық жұмыс «Блинц кездесу» әдісіСыныптан оқушыны тақтаға шығарып, жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру тапсырылады. Оқушылар қарама-қарсы тұрып, төмендегі келтірілген бір ұғымның атауын немесе қалауы бойынша грекше ұғымын айтуы тапсырылады. Келесі оқушы беретін мағынасын толықтай ашады. Бар жоғы 30 секундтың ішінде орындауы шарт. Тапсырманың тиімділігі: Оқушылардың жылдамдығын және тақырыптағы жаңа терминдерді есте сақтау дағдысын қалыптастырады
Жауабы:Архей – «археос» өте ежелгі тіршілік;Протерозой «протерос» - өте ертедегі қарапайым тіршілікПалеозой «палеос» - ежелгі тіршілікМезозой «мезос» - орта кезең тіршілігіКайнозой «кайнос» - жаңа кезеңҚБ «СМС» әдісі арқылы бағалау |
ОқулықМәтіндер 65 бет
Тиімділігі:Оқушылар дың өзіндік ойын қорытынды жасау, ойлау, талдау қабілеттері дамиды.
|
Сабақтың соңы5 минут | Рефлексия | Стикерлер, желім
|