Материалдар / Тау шаңғы спортының физиологияға тигізер әсері

Тау шаңғы спортының физиологияға тигізер әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті













Реферат

Тақырыбы: Тау шаңғы спортының физиологияға тигізер әсері













Орындаған:ФКС- 311 тобының студенті Гизатуллин.Ә.А

Тексерген: PhD қауымдастырылған профессор

Мендіғалиева Аягөз Сәрсенбайқызы













Орал 2023

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………3

1.Тау шаңғысы спортының тарихы……………………………………..4

2.Тау шағысы түрлері……………………………………... 15

3.Қауіпсіздік ережелері………………………………………………… 8

Қазақстанда шаңғы спортының дамуы………………………………10

Тау шаңғы спортынның физилогиялық әсері……………………….5

Қорытынды……………………………………..12

Қолданылған әдебиттер…………………………………………13

Кіріспе

Тау шаңғысы спорты ертеден қалыптасып,өзінің табиғи ерекшелігімен
адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады.Таулар пайда болу ерекшелігіне, табиғат жағдайларының қалыптасуына қарай туристік іс-әрекеттерді жайғастыруға өте қолайлы.Туристерді қызықтыратын факторлар түріне жатады. Таулар арқылы танымдық, спорттық және мәдени тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.
Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей қызығушылыққа ие
емес еді. Себебі, тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар болатын.
Ал, қазіргі кезде спорттық туризм, әсіресе, тау шаңғысына деген сұраныс пен
қызығушылық артып келеді. Альпенистер көп жағдайда өздерімен шаңғы
алып жүреді. Себебі, таудан түсер кезде қыстың әдемі бейнесін көріп, таудан
сырғанап түскенді ұнатады. Альпенистердің арқасында таудан шаңғымен
сырғанау туризмі дамып келеді. ХХ ғасырдың басында Финляндия
альпенистері тау шаңғысын қолданған.

Тау шаңғысы — шаңғы спортының жетекші түрлерінің бірі. Жол бойында айналып өтетін кедергілері бар тау беткейінде арнайы жасалған қарлы жолдардан құлдилап төмен түсу. Мұнда кедергілерден өту шеберлігі және шапшаңдық (көрсеткен уақытта) есепке алынады. Ол слалом, слалом-гигант және шапшаң түсу болып үшке бөлінеді.Бұл спорт түрінің Отаны Норвегия, осы елдегі Телемарк аймағында пайда болған. 1856 жылы Иен Перстенсон деген пошташы Сьерра-Невада тауынан шаңғымен асып түседі. 1878 жылы белгілі жазушы сэр Артур Конан Дойл Швейцарияға Давостан Арозуға шаңғымен жүріп өтіп, Альпі тауын асып түседі. Осыдан кейін-ақ Швейцария да тау шаңғысы тезірек дами бастайды. 1903 жылы шаңғымен таудан түсудің әдістері "христиания", "телемарк", "слалом" терминдері пайда болды. Бұлар норвег тілінен алынған сөздер.Осы спорт түрінен алғашқы жарыс 1905 жылы Аустрияда өтті. 1908 жылы Швейцарияда алғашқы тау шаңғысы клубы ашылды. 1911 ж. 7 қаңтарда 12 ағылшын шаңғышысы Альпідегі Вилзтаубел шыңына шығып қарлы беткеймен етекке түседі. 1922 ж. Англиядағы тау шаңғышыларының клубы алғашқы жарыс ережесін шығарып 1-ші әлем чемпионатын өткізді. Слалом және шапшаң түсуден ағылшын әйелі Э. Макинен тұңғыш әлем чемпионы атанды. 1936 жылы Германиядағы Гармиш-Партенкирхенде өткен қысқы Олимпия ойындарында осы спорт түрі (слалом және шапшаң түсу) бағдарламаға енді. 1952 жылы Осло қаласында өткен кезекті қысқы Олипия ойындарында бұған слалом-гигант қосылып, тау шаңғысының бағдарламасы осымен тамамдалды.





Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.

Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м, ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.

Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы 2000 – 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 – 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жары өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді.







1-сурет

Шаңғышы ылдилап бұрылу үстінде



Тарихы

Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды.Алғашқы жарыстар 1879 жылы Норвегия астанасы Христианияның(қазіргі Осло) маңында өтті. Норвегия шаңғы тебу шеберлігімен бірге шаңғы жасаумен де мақтана алған. Шаңғыларын алдында Швецияға,кейін басқа елдерге де экспортқа шығарған. Шаңғышылардың алғашқы клубы да Норвегияда пайда болған. Оны ұйымдастырушыларының ішінде белгілі полярлық зерттеуші Фритьоф Нансен де болыпты. Скандинавиядан тау шаңғы спорты Еуропа мен Американың таулы аудандарына тарап
кетті.Соңғы 30 жыл ішінде тау шаңғы спортының географиясы әлдеқайда
кеңейді: солтүстіктегі Аляскадан оңтүстіктегі Чили Андыларына дейін, Испанияның Орталық Кордильерасынан Орталық Азиядағы Памир мен Тының мұхит жағалауына шейін. Тіпті Антарктиданың өзінде де тау шаңғымен айналасуға мүмкіндік бар Тау шаңғы спорты белсенді туризмнің арнайы түріне жатады. Ол бірнеше элементтерден тұрады: емдеу-сауықтыру, рекреациялық, әуесқой спорттық, экологиялық. Бұл туризм түрі
капиталы ауқымды және қажырлы еңбекті талап етеді.
Тау шаңғысы спортының жарыстарының түрлері:
Биатлон
Тау шаңғылы спорты
Шаңғымен трамплиннен секіру


 Биатлон

Шаңғы жарысы мен винтовкамен ату өнерін үйлестірген
қысқы олимпиадалық спор түрі. Биатлон Германия, Ресей,
Норвегия, Швеция елдерінде кеңінен таралған. Биатлонның
түпкі маңызы әскери патрульдердің жарыстары болып саналады.
Бүгінгі таңда биатлонның үйлескен бірнеше түрі бар: шаңғы
жарысы мен садақ тарту спорты (ачери биатлон), қарда жүгіру
жарысы мен винтовкамен ату (қарда жүру биатлоны), аңшы
шаңғысындағы жарыс және аңшы винтовкамен ату (аңшы
биатлон). Ачери биатлоны,Қар биатлоны,Аңшы биатлоны.

2-сурет  

Тұрып ату әдісі



Арнайы таудан шаңғымен түсу спорты. Дүниежүзіндегі
туристердің арқасында кеңінен таралған.
Түрлері:
o Дауинхилл;
o супер-гигант
o ірі гигант слалом;
o телемаркинг;
o Фрирайд;
o фристайл;

Дербес спорт түрінде шыққан, кейіннен шаңғы қос
сайысының бағдарламасына кіреді. Норвегияда пайда болған












 Тау шаңғы спортының техникасы мен тактикасы

Тау шаңғысына арнайы бекітілген аяқ киім;шаңғы таяғы;арнайы костюм;қорғайтын көзілдірік;
таң ертең 8-9 да жорыққа шығу;топтың қозғалысы күн салқындаса тоқтатылады;дене тез салқындамау үшін жүгірмеу керек;қозғалыс бірқалыпты болу керке;жолдорбаны дұрыс тағу керек;
құлаған кезде оңға немесе солға бұрылып құлау керек;



3- сурет

Киім үлгілері

Қауіпсіздік ережесі:


  • Бас киімсіз және қолғапсыз жаттығуға тыйым салынады.

  • Киім суық пен желден қорғайтын, жеңіл және ыңғайлы болуы керек.

  • Далаға шыққан соң, бірден шаңғыға тұрмаңыз, себебі шаңғының үстінде мұз қабығы пайда болып, сырғанауға кедергі келтіреді.

  • Тар немесе кең етік, жарақаттарға әкелуі мүмкін, сол үшін шаңғы етігі аяқ өлшеміне сәйкес болғаны дұрыс.

  • Аяққа екі құрғақ шұлық (нәски) киюге кеңес беріледі.

  • Шаңғымен жүру кезінде 3-4 м аралықты, төмен қарай түскен кезде – 30 м ара қашықтықты сақтау ұсынылады.

  • Егер тепе-теңдікті жоғалтып алсаңыз, сәл еңкейіп, бір жақ жанға құлаңыз.

  • Жарақат алмас үшін таяқшаларды артқа қарай бағыттаңыз.

  • Тамақ ауруын болдырмау мақсатында, жаттығудан кейінгі алғашқы 20-30 минут ішінде салқын су ішуге болмайды

  • Үсік пайда болған жағдайда, теріні дереу үйкелеу қажет. Мұны қармен емес, құрғақ қолмен жасаңыз, өйткені теріні зақымдап, инфекция жұқтыру қаупі бар.



Әлемде 4 мыңға жуық тау шаңғы орталықтары бар. Мыңдаған тау беткейлерінде 25 мың аспалы көтергіштер істейді. Тау шаңғымен 100 млн жуық адам айналысады деген пікір бар.Еуропаның тау шаңғы орталықтары. Альпы, ауданы 180мың шаршы км. 120 мың трасса. Монбланда әлемнің ең ұзын трассасының бірі Ақ Алап (Белая Долина) орналасады (22 км). Ең жоғары деңгейде дамыған инфрақұрылым мен сервис. Географиялық орналасуы да өте ыңғайлы. Альпы ауданында орналасқан 4 ел:Франция, Австрия, Италия мен Швейцария әлемдік тау шаңғы нарығында алдынғы қатарда орналасады. Францияда әлемдегі ең ірі тау шаңғы базасы Үш Алап (Три долины) орналасқан. Оның «визит карточкасы» – Куршевель. Австрия тау шаңғы орталығы – Тироль облысы. Оның астанасы Инсбрук екі рет – 1964 және 1976 жж. қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған. Белгілі

4- сурет

Австрия тау шаңғы орталығы





























 Қазақстандағы тау шаңғы орталықтары

5 -сурет

Шымбұлақ

Ақбұлақ

6 -сурет

Қазақстанда шаңғы спортының даму тарихы

Шаңғы спорты Қазақстанда орта ғасырдың бастапқы кезендерінен белгілі болса керек.Мұны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар дәлелдейді.Тіпті Қытайдың көне жазбаларында олар өздерінің солтүстіктегі көршілерін “ алғаш атты түркілер”деп аталғандары белгілі.Сондықтан ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның кейбір қалаларында алғашқы шаңғы жарыстары өткендегі ешкімді таңқалдырмаса керек.1921 жылдаң Ш. Спорты мектептеріндегі оқу бағдарламасына еңді.Ал 1927 жылы репн-ның алғашқы ресми жарыс өтті. Бірақ жарыс протокалары 1934 жылдан бастап сақталыпты. Сондықтан құжатарда алғашқы респ. Ч-ты өткен жыл ты өткен жыл 1934 деп есептеліп келедіҚазақстандағы шаңғы спорты тарихы еңбекшілердің жалпыға бірдей әскери оқуының енгізілуіне (1918 жыл 22сәуір) байланысты дамыды. 1925 жылы қыс айларында (Оңтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанның қалаларында) шаңғы жарыстары бойынша бұқаралық жарыстар болып өтті.  Қазақ педагогикалық институтында 1931 жылы дене шынықтыру бөлімінің және Алматыда 1932 жылы Республикалық дене шынықтыру техникумының ашылуы Қазақстандағы спорттың дамуындағы маңызды оқиға болды. Петропавл қаласында 1934 жылы ақпанда өткен бүкілқазақстандық қысқы жарыстар спорттық-техникалық нәтижелердің едәуір өскендігін көрсетті. 1936 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғаушы шаңғышылар тау шаңғысынан барлық Олимпиадалық ойындарға қатынасып келді. Ал Семей қаласында 1937 жылы ақпанда спорттың қысқы түрлері бойынша алғашқы спартакиада өткізілді.Спартакиадаға 72 адам қатынасты.Жарыс жеке сайыс сипатына ие болды.  Қазақстан шаңғышылары 1938 жылдан бастап бүкілодақтық, әлемдік жарыстарға қатынаса бастады. Құрамында 13 адам бар республиканың шаңғышылар құрама командасы 1938 жылы шаңғымен жүгіру жарыстары бойынша еліміздің біріншілігіне тұңғыш рет қатысып, 17 команда ішінен 11-орынға ие болды. 1945 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының шаңғы спорты кафедрасы республикамыздағы әдістемелік және спорттық жұмыстыңорталығына айналды.  Аязды таза ауада шаңғымен жүру организмді нығайтады, қалыпты, дұрыс дем алуды қалыптастырады, бұлшық еттердің бірдей дамуына көмектеседі. Шаңғымен жүру және жүгіру – күшті дамытуға, салмақты тең ұстап жүруге дщағдыландырады, көзбен мөлшерлей білуге, ептілікке, табандылыққа, батылдыққа жаттықтырады.  Алма- кезек төрт адымды жүрісте итеріле қозғалғаннан кейін, шаңғышы сол қолды ілгері созады, бірақ таяқты қарға әзір тіремейді. Оң аяқпен келесі итерілгенде сол қолдағы таяқты шығыршығы алға қарайтындай етіп шығарады. Үшінші адымда оң аяқпен және сол қолмен итеріледі. Төртінші адымда сол аяқпен оң қолмен итеріледі, ал сол қолын ілгері шығарады. Сөйтіп, үшінші және төртінші қадамдар басталар алдында таяқтар қарға тіреледі. Қолмен итерілу үшінші және төртінші адымдар кезіндегі аяқпен итерілуден бұрын жүреді. әрбір адамды есептей отырып, осы тәсілге үйрену басталады. Бастапқыда қозғалыс ырғағын біршама жеңілдетілген түрде игеруге көмектесетін жаттығулар орындалады. «Бір,екі, үш, төрт» есебінде шамалы ғана таяқсыз сырғанап жүреді. Сосын «бір, екі» есебіндегі адым кезінде таяқты салбыратып ұстап, ал «үш, төрт» есебіндегі адымдау кезінде таяқтармен жеңіл итеріледі. Бұл жаттығуларды бастапқыда санап, кейін жүріс жылдамдығы өскенде санауды тоқтатып санау қажет.



Тау шаңғысы спортының физиологиялық әсері Қыста өзге мезгілдермен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Қыста оттегі таза болып, өкпеге газ аз мөлшерде түседі. Таза оттегі тынысалу жолдарын жақсартады. Адам көңіл-күйін көтеріп, сергек жүруге, сонымен қатар хандра мен депрессиядан арылуға көмектеседі. Күн суық кезде адам денесі температураны қалыпты сақтауға көмектесетін күш бөледі. Мұндай уақытта денедегі бұлшықеттер жаз мезгіліне қарағанда екі есе артық жұмыс істейді екен.Денсаулыққа пайдасыда зор. Яғни омыртқа майысуына, жүрек еттерінің жетілуіне, бойдытік ұстауға пайдасы мол.


Қорытынды
Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің 
қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.



Қолданылған әдебиеттер

«http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=Тау_шаңғысы&oldid=41581» бетінен алынған

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ