Материалдар / Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Материал туралы қысқаша түсінік
Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2024
44
0 рет жүктелген
810 ₸ 900 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі.

Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Бөлім:

8.3D Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:

Смет Гүлжамал Нүрыллақызы

Күні:

28.02.2023

Сыныбы: 8б

Мектеп: 16 лицей

Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі.

Зертханалық жұмыс «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

Сабақтың мақсаты:.

Барлық оқушылар үшін:

Көру рецепторларын біледі

Көпшілік оқушылар үшін:

Есту рецепторларын сипаттай алады

Кейбір оқушылар үшін:

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметін талдап айта алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) музыка қосулы: Оқушылармен смайликтер суретімен амандасу сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

ә). Топ ережесін еске түсіреді.

б). Топтастыру.








Сап түзеп тұру арқылы Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу

І-топ:

ІІ-топ

ІІІ -топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне , тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.





Random Group Generator - ClassTools.net

Көмегімен топқа бөлу



Жаңа сабаққа кіріспе

6 минут

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Кинометафора» әдісі бейнеролик кору

Бүгінгі сабақта:

Сіздің білетініңіз

Көру рецепторларын біледі

Есту рецепторларын сипаттай алады

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметін талдап айта алады.

1. Көру рецепторлары көздің қай қабатында орналасқан?

2.Көру рецепторлары

қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

3. Құлақтың қай бөлімінде есту рецепторлары орналасқан?

4.Есту рецепторлары қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

4 минут

2 минут

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Уақыт шеңбері” әдісі


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Мақсаты: идеялар ,тәжірибе алмасу, ой бөлісу, өзіңді және өзгелерді алға бастыру

Дескриптор: Жалпы-3 балл

1.Көздің торы қабығының құрылысын сипаттайды.

Тақырып бойынша

Суретпен жұмыс жасау



10 минут

Білу, түсінужәне қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады

кітаппен жұмыс

1.Көздің торлы қабығының құрылысн сипаттайды. Таяқшалар не үшін керек, ал құтышалар ше?

2. Есту рецепторларында қозу неге байланысты жүреді және олар қайда орналасқан?

3. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

4. Есту рецепторлары және вестибула аппараттың арасындағы байланысты сипаттайды. Олар механорецепторлар екеніне дәлел келтіреді.

1- топ Талдау: 1. Есту анализаторлары арқылы дыбыс, механикалық, электрлік (жүйке импульсі) толқындарының өту сатыларын талдаңдар. Мұның есту мүшесі арқылы өту айырмашылығы неде?

2- топ Синтез: 1. Талқылаңдар. Ғалымдар жануарларға тәжірибе жасай отырып, жертесер, көртышқан және егеуқұйрықтарда көру мүшесі өте нашар немесе тіпті көрмейтінін дәлелдеген. Кірпілермен салыстырғанда олардың құлақ қалқандары да нашар дамыған. Оның себебі неде екенін түсіндіріп көріңдер.

3- топ Бағалау: 1. Австралиялық зерттеуші көз бұршағының дәлме-дәл көшірмесі тәрізді көзәйнек ойлап тапты. Ол көзәйнекті киген кезде қоршаған орта төңкеріліп көрінді. Көзәйнекті шамамен бір ай бойы шешпей киген ол кеңістікте бағдарлай отырып, өз бетінше тамақ жеп, жүріп, велосипед теуіп үйренді. Ол көзәйнекті шешкенде қоршаған орта қайта төңкеріліп түскендей болды. Оның қайта бейімделуіне 10 күндей уақыт қажет болды. Бұл тәжірибенің логикасын түсіндіріңдер және оған баға беріңдер.

Дескриптор:

Жалпы-3 балл

1.Суретті талдайды.

2.Сұрақтарға жауап береді.

3. Тапсырманы орындап, сипаттайды.














ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



5-минут





























5минут



































1-минут

Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады

Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

Тапсырма 1: «Таза тақта» әдісі « Шапалақ» ойыны Бұл жерде берілген терминдердің ережесін тауып шапалақпен ұрады





Зертханалық жұмыс

Тапсырманы бекіту


Көру рецепторлары таяқшалар мен құтышалар

Көру рецепторлары – таяқшалар мен құтышалар Олар көздің торлы қабығында орналасқан

Рецептор пигменттерінің де түсіне байланысты, мысалы, көз қарашығының қоңыр, қара, жасыл түсті болуы

Таяқшалардың саны көп, олар торлы қабықшаның шет жағына орналасқан.

Родопсин пигменті. Ол ақ пен қара түсті ажыратады

родопсин пигменті адам ымыртта немесе таңсәріде жақсы көреді.

7 )Құтышалардың саны аз. Олар торлы қабықшаның ортасында орналасқан, сары дақты түзеді.

8)Сары дақта таяқшалар болмайды, тек құтышалар болады.

Онда йодопсин пигменті болады және ол түрлі түсті ажыратады.

9) Құтышалар тек қана жарықты жақсы қабылдайды.

10) Родопсин биохимиялық қасиеті бойынша А дәруменіне (ретинолға) ұқсас. Сондықтан тамаққа А дәруменін көп мөлшерде пайдаланса, ымыртта жақсы көруге әсер етеді.

5.№13 зертханалық жұмыс. Түстерді алмастыра отырып, соқыр дақты анықтайды.

Дескриптор:

Жалпы -3 балл

1. Тапсырмаларға жауап береді.

А,В; С деңгейіндегі оқушылар шығады



ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Оқушыларға «алғыс» таяқшасын тапсырамын








Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!