Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. 1-6 жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. 1-6 жаттығу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.4.2.3* – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Қазақ тілі Ұзақ мерізімді жоспар бөлімі

Күні:

Сынып: 4


Мектеп:

Машықкердің аты-жөні: Бекейқызы Бұлан

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. 1-6 жаттығу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.2.3* – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақ мақсаттары






Shape1

Ойлау дағдыларының

деңгейі:

Барлық оқушылар: Тәуелдік жалғау жалғанған зат есімдерді септей алады.

Көптеген оқушылар: Тәуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктерді түсіндіре біледі

Кейбір оқушылыр:Түбір зат есім мен тәуелдеулі зат есімдердің септелуін салыстыра алады


Білу және түсіну

Қолдану

Жетістік критерийлері

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктерді түсіндіре алады.Тәуелдеулі зат есімдерді септей алады.

Құндылықтарды дарыту

Дқрыс әрекет құндылығына тән қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық, жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Музыка, өзін-өзі тану


АКТ қолдану дағдылары

Ән, бейнематериал, аудиоматериал

Тілдік құзыреттілік

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктер

Бастапқы білім Септік жалғауларын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

Психологиялық дайындық:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақта Табиғат құбылыстары бөлімін аяқтап, нәтиже сабақ өткен болатынбыз. Ендеше жалпы өткен тақырыптарға шолу жасайық.

-Зат есім дегеніміз?

Қалам- қаламым- қаламың- қаламыңыз - қаламы

- Сөздер қалай өзгерді. Сөздерге не жалғанды?

- Қосымшалар қалай аталады:

- Сөзге қосымша жалғанды. Сонда, қалам сөзіне неше рет жалғау жалғанды?

І- ым; ІІ- ың; ыңыз, ІІІ- ы

Осы сөздердің айтылуына көңіл бөлейік. (қалам- қаламым, қаламың, қаламы)яғни, олар біреуге меншіктеліп айтылып тұр.

Көпше түрі:

Менің қаламым Біздің қаламдарымыз

Сенің қаламың Сендердің қаламдарыңыз

Сіздің қаламыңыз Сіздердің қаламдарыңыз

Оның қаламы Олардың қаламдары

Яғни бұл сөздер тәуелденіп тұр. Сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанып тұр.


Дескриптор: Өткен сабақты еске түсірді. Кері байланыс: Қолмен белгі беру техникасы


Тақырыпты болжау

- Балалар, Ендеше назарымызды интерактивті тақтаға аударайық.

-Не түсіндіңдер балалар? Тәуелдік жалғаулар есімізге түсті ме?

Дескриптор: Ой қозғау арқылы жаңа тақырыпты болжайды. Кері байланыс: мұғалімнің кері байланыс

- Иә, балалар, біз қазір септік жалғауларды өтіп жатқандықтан, бүгінгі тақырып - «Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі» деп аталады.

оқулық (42-45 бет)



































https://www.youtube.com/watch?v=YQ0RwO8XzMA 0:17-2:25 секунд аралығы

Сабақтың ортасы

30минут



(МК; Ө; ҚБ) Тыңдалым

1-жаттығу (аудиомәтін тыңдалады)

Қарлығаш - ұя жасаудың шебері. Олар ұясын сазбалшықтан өріп жасайды. Ұясын жартастың қуыстарына, су жағасындағы жарларға, үйлердің бүрыштарына салады. Үйлердің іші-сыртына салынған ұяларды қазақтар бұзбайды. Оны ырымдап жақсылыққа, жайлылыққа балайды. Ұясы бұзылмай тұрса, қарлығаштар келесі жылы да келіп,сол ұяға мекендейді.


1. Тыңдау барысында мәтіннің негізгі тұстарын тірек сөз дермен белгіле.

2. Белгілеген тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын бір-біріңе айтып беріңдер.

3. Тірек сөздер катарын толықтырып, «Мен адамның досымын» деген тақырыпта монолог құрап жаз.

Тірек сөздер: мен, тұмсығы қысқа, қанаты ұзын, айыр

құйрықты, құс, ..., ұшып жүріп үстау, адамның досы, жанашыры, ... .

4. Мәтіндегі қарамен жазылган сөздердің тәуелдеулі зат есім екенін дәлелдеп көр.


Дескриптор: мәтінді тыңдайды, тірек сөздерді белгілейді, монолог құрайды.

Кері байланыс: бірін-бірі бағалау

Жауабы:

1.Тірек сөздер Қарлығаш, ұя, жартас, су жағасы, үй бұрыш, қазақтар, ырымдам, келесі жылы, мекендеу.

2.Балалар бір біріне мазмұндап айтып береді.

3. Тірек сөздер: мен, тұмсығы қысқа, қанаты ұзын, айыр

құйрықты, құс, шебер, ұшып жүріп үстау, адамның досы, жанашыры, мейірімді .

Мен адамның досымын

Мен – қарлығашпын. Тұмсығым қысқа, қанатым ұзын, айыр құйрықты құспын. Өз балапандарыма ұя салудан шебермін.Өзімен және балапандарыма азықты ұшып жүріп ұстаймын. Жанашыр, мейірімді болғандықтан мені адамның досы деп санайды.


I

Менің ұямды

қуыстарыма

бұрыштарыма

ұям

II

Сенің ұяңды

қуыстарыңа

бұрыштарыңа

ұяң

III

Оның ұясын

қуыстарына

бұрыштарына

ұясы


(МК; Ө; ҚБ) Жазылым.

2-жаттығу

1)Сөйлемді көшіріп жаз.

1.Қарлығаш төбеде қонақтап отыр.2.Ол ұясын үйдің төбесіне салады.3. Жұмыртқаны тоңазытқышта сақтайды. 4.Көкек жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді. 5.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. 6. Торғай қонақтап отыр.

2) Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың қай септікте тұрғанын айт. Не байқадың?


Дескриптор: Септіктерді еске түсірді.

Кері байланыс: мұғалімнің кері байланысы


Жауабы:Төбеде-жатыс септігі, төбесіне-барыс септігі , Жұмыртқаны- табыс септігі, жұмыртқасын-табыс септігі, ұяда-жатыс септігі, ұясында-жатыс септігі.


3-жаттығу

Тәуелденіп септелгенде қай септіктердің жалғаулары өзгереді? Оларды жеке жаз.


Дескриптор: Тәуелденіп септіктерді түсінеді.

Кері байланыс: мұғалімнің кері байланысы


Жауабы: Батыс с. Әжеме әжеңе әжесіне

Құсыма құсыңа құсына


4-жаттығу

1)Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жаз.

2)Осы сөздеді қатыстырып, сөйлем құра.


Дескриптор: Барыс септігін еске түсіді.

Кері байланыс: мұғалімнің кері байланысы


Жауабы:

1) Інім-ініме, дәптерім-дәптеріме, әкем-әкеме. Атам-атама, ұлым-ұлыма, досым-досыма.

2) Әкеме және ініме сыйлық алдым. Сабақты дәптеріме орындадым. Мен атама көмектестім. Ұлыма жеті атасын үйреттім. Досыма қонаққа бардым.


Сергіту сәті "Ата-ананы тыңдаймыз"


5-жаттығу (МК; Ұ; ҚБ)

1)Берілген сөздерді септе.

Канатты достар, қанатты достарым.

2)Бұл сөздердің септелуін салыстырып, кандай айырмашылық барын айт.

3)Сыныпта «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына жарнама жазудан сайыс өтіп жатыр. Сен тілші ретінде әр топтан репортаж ал. Ол үшін төмендегі сұрақтарды толықтырып, компьютерде тер.

  1. Жарнамада тақырып толық ашылған ба?

  2. Топтың жарнамасында құстарды қорғау мәселесі қарастырылған ба?

3. Бұл жарнаманың қандай тиімді жақтары бар?

4. Адамдарды қызықтыру мақсатында қандай ерекшеліктер енгіздіңіз?

5. Алдағы уақытта жануарларды қорғау туралы жарнама жасауға қалай қарайсыз?


Дескриптор:Септіктерді қайталау.

Кері байланыс: өзін-өзі тексеру


Жауабы:

1)

А.с.

Қанатты достар

Қанатты достарым

І.с.

Қанатты достардың

Қанатты достарымның

Б.с.

Қанатты достарға

Қанатты достарыма

Т.с.

Қанатты достарды

Қанатты достарымды

Ж.с.

Қанатты достарда

Қанатты достарымда

Ш.с.

Қанатты достардан

Қанатты достарымнан

К.с.

Қанатты достармен

Қанатты достарыммен

2) Бұл жерде -ым тәуелдік жалғауы жалғанғандықтан, сөздің мағынасы өзгеріп тұр. Бірінші сбағанда қанатты достар түбір күйінде, екінші бағанда -ым тәуелдік жалғауы жалғанып, тәуелденіп барып септеліп тұр. Сол себепті де септелген кезде барыс септігінде жалғаулар өзгереді.


оқулық










Оқулық 43 бет



























кесте
























Оқулық 44-45 бет

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
1691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12