Материалдар / Тәуелсіз ел

Тәуелсіз ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмеді.Тәуелсіз ел болу үшін боздақтар жаның бергені.Қазіргі бибітшілік заманның қадірін білуіміз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – ЕРКІН САНА



Қақаған қыс. Үскірік аяз. Шыңғырған қыздардың құлақ тұндырар дауысы. Ақырған азаматтардың қарсыласқан қауқары. Бірін шашынан сүйреп, бірін басып-жаншып, көлікке салып алып барады. Сапырылысқан адам. Не болып, не қойып жатқанын ұға алмай да қаласың. Бір анығы – елім, жерім деп еңіреген ер ештеңеден де тайсалмайды.

Иә, желтоқсан боздақтары туралы әңгімелеп отырмыз. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, тәуелсіздік десе бірден осы есімдер еске түседі. Ешқашан ұмытылмақ емес. Қазағы үшін қасық қаны қалғанша қасарысам деп, қыршыннан қиылған қаһармандарымыз болмаса, бұл күнде осылай емін-еркін қағаз-қаламға сыр шертіп отыра алмас па едік, кім білсін?! Батыр қыз-жігіттеріміздің бар жазығы – билік тізгінін өзге ұлт өкілі алуына жол бермейміз деп наразылық танытуы ғана. Ойы еркін жастар кейінгі ұрпақтың санасына еркіндік алып беру үшін өз жанын құрбан етті. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын тәні мен жанын езіп, жаншығанымен, қандай амал қолданса да, ешкім олардың рухын жасытып, намысын аяқ асты ете алмады. Қаһарман Қайраттар «Еркек тоқты – құрбандық, атам десең – атыңдар» деп, өлсе де басын бір имей, өр күйінде өмірден өтіп кетті.

Тәуелсіздік деген ең алдымен адамның өз санасының еркіндігі екеніне осы оқиғалар айқын дәлел бола алады. Халықтың санасы да тәуелді болса, елді кім басқарып, кім билік құрарында шаруасы болмай, отардағы қойдан еш айырмашылығы болмай, алдына «салып қойған жемін күйсеп» күн кеше берер еді. Жоқ, қазақ деген әу бастан көкірек көзі ашық, намысы биік, рухы берік халық. Ұлан байтақ кең далада еркін тыныстап, еркін өмір сүріп келе жатқан ұлы халық біреудің айтқанына көніп, айдағанына жүрмейтіні бесенеден белгілі.

«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп ақтық деміміз үзілгенше көкейдегі күйімізді шертіп кететін елміз. Ойымыз, миымыз, санамыз ешқандай шекараға бағынбай, қандай қамал болса да, бұзып-жарып өте білсе, бүгінгі бейбіт замандағы батырлық сонымен өлшенетін болса керек.

Кеше ғана қолымыздағы ақшаға қажетімізді сатып ала алмайтын, азық қылар бір нанды алу үшін ұзын-сонар кезек күтетін күн ел басынан өтті. Өз қолымыз өз аузымызға жеткелі жиырма тоғыз жыл өте шығыпты. Қазір көзін тапқан адам сары майдан қыл суырғандай оңай-ақ табыс табады. Тәуелсіз елімізде көбейемін, өсемін, өнемін, өркендеймін деген жанға барлық мүмкіндік жасалған. Осындай бақытымыз баянды, берекелі болғай. Заманымыз тыныш, санамыз азат болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ