Мақсаты: Балалардың Отанға деген
сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық
сезімін ояту, Қазақстанның болашағы өздері екеніне көз
жеткізу.
Қадірлі қонақтар бүгінгі
салтанатты мерекеміз-Тәуелсіздік мерекесі құтты
болсын!
(Салтанатты әуенмен
балалар залға кіреді)
Әнұран
орындалады
1,Көркіне көз тоймайтын
Аяулым
Елжіретпей
қоймайтын
Жасқанба-деп
балдырған
Батырлыққа
баулыған
Қойыны көркем
гүл
өнерлі өлкем
бұл
жүрегімдегі
жалынды
берем саған
барымды
2. Толтырған гүлге
даланы Нұрхат
Жайнатқан ауыл,
қаланы
Ардақты
атамекенім
Отаным-Қазақстаным
3. Өз жеріме өзім ие
болған күн, Бекарыс
Тілім таза бостандығын
алған күн.
Елтаңбам мен көк
байрағым желбіреп
Тарихыма өшпес белгі
салған күн
4 .Сарқылмайтын қуатым,
Анель
Тірегімсің
сен-Отан,
Мәңгі соғып
тұратын,
Жүрегімсің сен
–Отан.
5.Болашаққа бастаған
Абзал
Шарықтайды асқақ
ән
Елордасы-Отанның
Мақтанышым
Астанам
Жүргізуші:-Тәуелсіздік-11 әріп
құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа
боп арман.
Т алай дара, даналардың
көз жасы,
Қаныменен атты таң боп
бізге алдан
Он бір әріп не мағына
береді,
Ал талдайық жеткенінше
қызыл тіл
(Ортаға қолдарында 11
әріп жазылған шарлармен балалар
шығады)
1-бала: Т -білдіреді
теңдікті,
2-бала: Ә -әдептілігі
еліміздің,
3-бала: У-уайымсыз
уақытты,
4-бала: Е-егемен
елдікті,
5-бала: Л- білдіреді
жылы лебізін
6-бала: С-сенімділігі ол
елдің
7-бала: І-ілтипатпен
ізет қой,
8-бала: З-зиялылық,
тілек қой,
9-бала: Д- шақырады
достыққа
10-бала: І-ілкімді боп
сақтыққа
11-бала: К- білдіреді
туымыздың күн боп көкте жайнауын
(Балалар қолдарындағы
шарларды көкке ұшырады)
Осы кезде музыка
әуенімен залға тілші келіп балаларды суретке түсіре
бастайды.
Жүргізуші:-Сәлеметсіз
бе, сіз кімсіз?
Тілші:- Ой, сәлеметсіздер ме, мен
Астана телеарнасынан келген тілшімін. Осы жерде мереке болайын деп
жатыр дегенді естіп, тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз
туралы сұхбат жүргізбекшімін. Балалардан , сұхбат
алмақшымын.
(Тілші балалармен
сұхбат жүргізе бастайды)
Балаларға
сұрақ:
1.Республикамыз қалай
аталады? ҚАЗАҚСТАН
2. ҚР президенті кім?
Н.НАЗАРБАЕВ
3. . Бас қаламыз қай
қала? АСТАНА
4. ҚР рәміздеріне не
жатады? ТУ,ЕЛТАҢБА
Тілші: Ал сендер, рәміздер туралы,
Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?
1.Көк аспандай
көкпенбек, Ақерке
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол тектен
тек
Елдің ашық
қабағы
2.Ақ ниетті алтын күн,
Амир
Асқақ арман
қыраны
Жалауы бұл
халқымның
Мәртебесі Ту,
ары
3.Тәуелсіздік жолында
Мерей
Талай-талай тер
тамған
Билігін өз
қолымда
Еркіндігім-
Елтаңбам
4. Отанды жас-кәрімізде,
Аяжан
Туған жер деп
сүйеміз.
өйткені онда
бәрімізде
бейбіт өмір
сүреміз
5 Бақыт құсы қонды ғой,
Нұрай
Бүгін туған
жеріме.
Тіліміз бен
дініміз,
Қайта келді
еліме.
6, Жарық болсын күніміз,
Алтынай
Жарқын шығар
үніміз.
Елін сүйіп ер
жетер,
Біз болашақ
гүліміз
7. Ақ ниетті алтын күн
Амир
Асқақ арман
қыраны
Жалауы ол
халқымның
Мәртебесі Ту,
ары
8. Құтты болсын
тәуелсіздік мейрамы Ералы
Ол әркімге еркін өмір
сыйлады
9 Әділеттің ұраны
Абат
Ақиқаттың
шырағы
Тыныштықтың туы
боп
Зор салтанат
құрады
10. . Жайнаған сансыз
қаласы Али
Жайқалған жомарт
даласы
Ел-Отан біздің кең
байтақ
Отанның біздер
баласы
11. Айнымайды аспаннан
Құралай
Біздің тудың
бояуы
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды
12. Аялап ару ананы
Аққыз
Өсірген еркін
баланы
Бесігім боп
тербеткен
Отаным-
Қазақстан
13 Мойытпады сан сынақ
Ибрагим
Нұрын шашты таң
шуақ
Біз аңыздан шындық
боп
Жаралғанбыз
жарқырап
Тілші: Рахмет , балалар,
бүгін мен өзіме керек мәліметтер алдым. Осы ақпаратты газет,
журнал, теледидарда көре аласыздар. Ал сау
болыңдар.
( Тілшіні шығарып
салады)
Тәелсіздікке қол
жеткізген күніміз баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан
Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіз елдің
ұланымыз» атты ертеңгілігімізді «Атамекен» әнімен
аяқтаймыз.
«Желбірейді Жеңіс
туы!»
Мақсаты: Балаларға Ұлы
Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру,
білімдерін жетілдіру.
Жүргізуші: Құрметті
ата-аналар, қонақтар!ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.Бүгінгі ертеңгілігіміз Отан қорғаушы ұландар күні мен 9
мамыр жеңіс күніне арналады.
Ортаға Отан қорғаушы сарбаздарымызды шақырамыз.
Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан
соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап,
әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын
боздақтарымыз Отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама
жүректерге
жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол
жеңіске 70 жыл толып отыр.Бізге-тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған
ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыту мүмкін емес.
Елімізде,
жерімізде,
Бүгін үлкен
мереке.
Болашақтың
тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар
бүгінде.
Сұрапыл
соғыста Отан үшін ерлік көрсетіп, қаза тапқан батыр ағаларымыз бен
әпкелерімізді еске алып, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік
жариялайық.
(Бір минут үнсіздік
болады).
Ертеңгілігімізді бастамас
бұрын ең алдымен мектебіміздің директоры Айтжанова Гулзия
Молдағалиқызына сөз кезегін беруге рұқсат
етіңіздер.
Қазақстан
Республикасының Әнұраны
орындалады.
Ән: «Менің
Қазақстаным»
Қазір біздің балалардың
Жеңіс күніне арнап дайындаған тақпақтарын
тамашалаңыздар.
Бауыржан, Мәлік,
Талғаттар,
Сүйікті болып қалды
аттар.
Олар аттас
қаншама,
Сәби бар, солдат, шәкірт
бар.
Отан туған
еліміз,
Отан туған
жеріміз.
Отан ортақ
үйіміз,
Көңілді ән мен
күйіміз.
Елге қауіп
төнбесін,
Халқым өсіп
өрлесін.
Есен-аман
болайық,
Енді соғыс
болмасын.
Әлияны бұл
күнде,
Барлық бала
біледі.
Әлия аты
көңілде,
Әпкеміз деп
жүреді.
Алаулап гүл
тұрады,
Туған жер
құлпырады,
Бейбітшілік
болса!
Ардагер асыл
атаның,
Ақ батасын
алайық.
Отан
–өлең,
Отан
–жыр,
Көтерген көкке ел
даңқын
Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді
қалама,
Жеңіс келді ән
болып,
Келді ауылға сән
көрік.
Асқақ ән көңілді
тербесін,
Тұтпасын күн қара
пердесін.
Бақытпен көз ашқан
балалар,
Бүлікшіл соғысты
көрмесін.
Ағалар саптан
шықпасын,
Аналар қабақты
шытпасын.
Бақыт пен көз ашқан
баладлар,
Сәбилер тыныш
ұйықтасын.
Енді соғыс
болмасын,
Қабақты қайғы
шалмасын.
Күрсінбесін
аналар,
Күле берсін
балалар.
Ынтымақ бар елде
гүлденсің,
Адамдар араз боп
жүрмесін
Қызықпен көз ашқан
балалар,
Қан құйлы соғысты
көрмесін.
Пулеметті
сөйлетіп,
Қолға алды алтын
бесігін.
Ұмытпаймыз
ешқашан,
Мәншүк апай
есімін.
Үйлер де
құламасын,
Ешкім де
жыламасын,
Бейбітшілік
болса!
Отан –менің
ата-анам,
Отан –досым,
бауырым.
Жүргізуші:Келесі кезекте қыздардың
тамаша билерін қабылалыңыздар.
Би: «Катюша»
(қыздар).
Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың
үрейінен,
Өздеріне сыйлап қырдың
гүлінен,
Бүгінгі ұрпақ-бақытты
ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс
күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары.
Жігерменен құштарлықтың
құралы,
Күрескердің арманы мен
ұраны,
Қуаныш пен мерекенің
бұлағы.
деп келесі кезекті
ұлдарымыздың тамаша биін
қабылалыңыздар.
Би: «Сарбаздар»
(ұлдар)
Жүргізуші:Балалардың орындауында
ән.
Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін»
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін
мектебіміздің тәрбие меңгерушісі Темиргалиева Мәдениет
Нажмиденқызына береміз.
Жүргізуші:Ата-аналардан мерекеге орай
айтар жылы лебіз тілектерініз.
Осымен «Желбірейді
Жеңіс туы» атты ертеңгілігіміз
аяқталды.
Бүгін жиналған
қауымға:
Салтымыз берік
орнасын,
Жаманшылық елде
болмасын,
Бір Аллам өзі жар
болып,
Тіл мен көзден
қорғасын.
Бақытты болсын
балалар,
Гүлденсін
дала-қалалар,
Қазақтың туы
желбіреп,
Көтерсін әке-ағалар-
деп тілейміз.