Материалдар / Тәуелсіз елдің Ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елдің Ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіз елдің Ұстазы" тақырыбына жазылған Эссе.Ардақты да айбынды ұстаз мамандығын жүрек қалауыммен таңдап, білім саласында тер төгіп, еңбек етіп жүргеніме 13 жыл уақыт болыпты. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы толы осы жылдарда, ұстаздық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр білім алушының бойына білім нәрін егіп, таза бұлақтың көзін ашу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларды бағындыру болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат» КММ











Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұстазы - 2021»



Эссе







Орындаған: Кулбаракова Фариза Киынгалиевна

География және экология пәні мұғалімі







Жыңғылды 2021 жыл

«Тәуелсіз елдің ұстазы - 2021»

( эссе )

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат» КММ география пәні мұғалімі Кулбаракова Фариза Киынгалиевна

Ардақты да айбынды ұстаз мамандығын жүрек қалауыммен таңдап, білім саласында тер төгіп, еңбек етіп жүргеніме 13 жыл уақыт болыпты. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы толы осы жылдарда, ұстаздық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр білім алушының бойына білім нәрін егіп, таза бұлақтың көзін ашу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларды бағындыру болды.

Ұстаз! Ұстаздық етуден асқан ұлылық бар ма? Уақытыңмен санаспай, бағытыңнан адаспай ұстаздық ете білу – бір ерлік. Ұстаз десе ... Жүзінен күн нұрындай жылылық ескен, барлық ой мен қимыл – әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, адамзат санасына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесін сезінемін. Алдыңғы буыннан тәлім ала отырып, кейінгі жастарға өнеге қалдыруды мақсат етіп, менің де ұшқыннан алау маздатып, жалындап жанғым келді.

Осындай қасиетті өмір деп аталатын таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың аялы алақаны мен ыстық жүрегі мен үшін – ұмытылмас күндер, айлар, жылдар...

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек. Өйткені, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар легі заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірімді бірнәрсемен таңғалдыру, оған сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Ақылды ұстаз ешнәрсені назардан тыс қалдырмай, тәлімгерді білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт – бағдар береді. Өзім де әр кез ізденуден жалықпаймын, жаңалыққа жаным құмар. Еңбегім де жеміссіз емес. Жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп, көкірек көкжиектерін кемелдендіруге тамшыдай қосар үлесім болса, бұл да менің ұстаздық мақсатымның орындалғаны.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім – тәрбие, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.

Адамның адам болып қалыптасуына ата – аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, әдептілік, ар – ұят, ұлттық сана – сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтершамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын адамгершілік жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім – тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс жасай алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптасады. Мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзі босқа айтылмағаны белгілі. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым – қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан – жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. Кәсібіи міндетім – география пәні мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл – ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге ынтасы мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, сөйтіп жан – жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан – жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүізілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу – өзімнің басты парызым деп санаймын.

Бүгінгі білім мен біліктілік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген ұстаз соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгергені абзал. Себебі, үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында ұстазға жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Қай кезде болмасын ұстаз жаттанды нәрсемен шектелмей, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тиімді оқыту мен бағалауды білетін, ғылыми зерттеулер  жұмыстарына баули алатын, заманауи ұстаз болу- бүгінгі қоғамның талабы.

Заманауи ұстаз – білім алушының жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, қиялын самғатып, арманын көкке ұғындырушы тұлға.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Тәуелсіз елімізде білімді, жан - жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытатын педагог болу-заман талабы.

Рухы таза, ой-өрісі биік, білімді жастардың болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамға жаңашыл жаңалықтарымен үлес қосатын заманауи педагогтің бейнесін сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсете білуміз қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!