Материалдар / Тәуелсіз елім-тірегім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елім-тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда Тәуелсіздік туралы эссе жазыоған. Оқушыларға көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елім-тірегім

Мен - кеңпейіл, көңілі дархан әрі әлем халқы ержүрек деп таныған қазақ қызымын. Сан ғасыр адамзат баласын бауырына басқан ұлы дала перзенті де мен боламын. Қазақ қызы ретінде өз елімді, өз жерімді ардақ тұтып, мақтан етемін.Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және табысты қайта құрылымдалуларымен тамаша жалғастырып келеді. Жарасымды да жасампаз саясаттың нәтижесінде біз әлемдік прогреске қол жеткізіп, айналаға түгел танылдық. Бір ту астына біріккен ел азаматтары егемен Қазақстанның игілігі жолында еңбек табыстары мен алға қойылған мақсаттардың ойдағыдай орындалуына аянбай тер төкті. Мұның барлығына мың мәрте шүкіршілік ете отырып, жаңа заманның жаңа басталғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан түгендейтін де, тыңнан іздейтініміз де жетерлік. Сәл ғана өзімізге сын көзбен қарайық. Бабаларымыз арман еткен тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Сан ғасыр аңсап, армандап қол жеткен тәуелсіздік бұқара халқымыз арасында түгелдей шынайы рухани серпіліс туғыза алып отыр ма? Бүгінгі тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін алда әлі не істеуіміз қажет?

1991 жылы егеменді Қазақстан алғаш рет әлем аренасына тәуелсіз ел ретінде қадам басты. Отарлық езгісіне төзбей, азаттыққа  ұмтылған қазақ халқы соңғы екі ғасырда екі жүзден аса ұлт-азаттық көтерілістерді бастан өткерді. Толарсақтан саз кешкен кемеңгер де батыр бабаларымыз баянды ғұмырын ат ауыздығымен алыса жүріп, бостандық үшін арпалысып өткізді. Дегенмен осы текетірестің соңғы нүктесі тек 1986 жылы ғана қойылды.1986 жылдың 17-18 жұлдызы аралығында бір топ қазақ жастары еліміздің шын жанашырлары, патриоттары ретінде бейбіт шеруге шығып, еліміздің болашағына деген алаңдаушылықтарын, тәуелсіздікке деген жалынды құлшыныстарын әлемге паш етті. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». Өзге дегенде өзегін жұлып беруге әзір мәрт те жомарт, төбесі шошайған біреу көрінсе, «қырықтың бірі - қыдыр» деп, бары мен нарын қонағасыға шалатын ақкөңіл, тіріде ешкімге есесін жібермейтін намысқой халықтың күрделі де иірімі көп сан қырлы мінезін ұғыну кездейсоқ бәдәуилерге қиын еді. Сондықтан болар алмағайып күндері «ұлтшыл атанамын-ау» деп қаймықпастан «Мен-қазақпын!» деп айдай әлемге жар салып, жалындай білген қазақ жастарын аяусыз ұрып-соғып, жалған жала жауып, қаралап, күшпен басып, жаншыды. Осы оқиға, желтоқсан айы бізге қаншалықты қуаныш сыйласа, соншалықты қайғы-қасірет алып келді. Әлі күнге 1986 жылдың ызғарлы айын еске алсақ, тұла бойымыз тітіркенеді, қанымыз ойнап, намысымыз тулайды. Дегенмен бұл  оқиға қазақ еліндегі, қазақ жеріндегі және Еуразия құрлығындағы демократиялық жаңа өзгерістердің  көшбасшысы болды.

Төрткүл дүниенің жаңаруына жол ашқан осы бір серпілістен соң бұғаудан бұлқына шыққан қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылдады. Бұл қуанышты сәтті халқымыз көкжиектен шыққан күндей асыға күткен болатын...1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі қарарға қол қойылды. Өзінің достасты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!